Ойлау мен қиялды дамытуға арналған тренингтер
Назерке Айболатқызы Сейтжапарова
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
№8жалпы орта білім беретін
мектептің педагог-психологы.
Ойлау мен қиялды дамытуға арналған тренингтер
«Болады, болмайды» тренингісі
Тренинг мақсаты: бала қиялын дамытуға арналған.
Тренинг барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса онда аяқпен топылдатады.
Мысалы: Қасқыр орманда кезіп жүреді-алақандарын шапалақтайды; қасқыр ағаш басында отыр-аяқтарын топылдатады; кастрюлде кесе қайнап жатыр-аяқтарын топылдатады; мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр-алақан соғады; ит аспанда жүзіп келеді- аяқтарын топылдатады; қыз үйдің суретін салып отыр-қолдарын шапалақтайды.
