Математика 2 класс

№39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Есеналина Сауле Советовна
Пәні: математика , 2-класс
Тақырыбы: «Құрама есептер тақырыбын қорыту»
Мақсаты:
1)    құрама есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру;
2)     жақсылық жасауға , адамгершіліккке баулу;
3)     Ойлауын, байқағыштығын дамыту.
Құралдар: интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы:
1.    Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
2.     Негізгі бөлім:
1.Ой ашар- өткен білімді қайта жаңғырту мақсатында тест сұрақтарына жауап береді.
1. Азаятын сан
2. Барлық қабырғалары тең фигура
3. Ең үлкен бұрыш
4. Аптаның сәтті күні
5. 100 см-ге тең ұзындық өлшемі
6. Ең кіші екі таңбалы сан
7. 8 ондық 4 бірліктен тұратын сан
8. Қабырғасының ұзындығы 3см    шаршының периметрін тап.
Тест слайдпен интерактивті тақтада тұрады , балалар оқып 1 сөзбен ғана жауап жазады.
3.    Ауызша есептеу дағдыларын дамыту мақсатында «Алма ма , саңырауқұлақ па ?» ойыны өткізіледі. Оқушылар жауаптарын таңдап, тышқанмен түртіп отырады.
4.     Құрама есептерді шығаруда қолданылатын өрнектерді жазу және мәнін табу .Тексеруде тек мәні айтылады.
Өрнектерді жаз және мәнін тап:
10-мен 60- тың қосындысын 8-ге арттыр
70 – ке 12 мен 6-ның айырмасын қос

65-пен 5-тің   айырмасынан 30-ды азайт
90 –ға   11 мен 9-дың қосындысын қос
5.    Оқулықпен жұмыс №2,3 есептерді шығару. 2 оқушыдан тақтаға шығарады. Оқушылар орындарынан орындап , жауаптарын салыстырып , тексереді.
6.     Cергіту сәтінде «Сандар қатарын жалғастыр» ойыны ойналады. Бұл ойында сандарды жазудағы заңдылықты табу, жалғастырып 2 сан жазу
Сандар қатарын жалғастыр:2,3,6,7,10,11,..,..
10,8,11,9,12,10…,..
7.     Салыстыруға берілген мысалдарды орындау
Салыстыр:
100-х-50 * 100-10-х
30+х   *   х+50
4+х+4 *    8+х
8.     Фигуралардың периметрін   табуға арналған тапсырманы орындау
Берілген фигуралардың периметрін тап:
9.     Ауызша есептер құрастыру, шығару №6
70 теңге                                       ? 40 теңге арзан
10.                   №7 тапсырманы   орындау
Сабақты бекіту:
Бүгінгі сабақта не білдіңіздер?
Қандай жұмыстар жасаған ұнады?
Қандай тапсырманы орындауда қиындық туды?
Келесі сабақта қандай жұмыс түрін орындағыларың келеді
Үйге тапсырма беру.
Бағалау және қорыту.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше