Без рубрики

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ…

Қызылорда облысы,  Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылы.

№29 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, психолог Жалғасбаева Гүлмира Шәмшатқызы

 

Бізді айнала қоршаған дүние  – табиғат деп аталады. Өз болмысымызды табиғатсыз елестету әрине, қиынның қиыны. Олай болса, айналадағы дүниемен байланыссыз өмір сүретін жан иесі жоқ екені белгілі. Балалар сырттан болатын әсерді күнделікті сезініп, алуан түрлі күйді басынан кешіреді.

В.А.Сухомлинский айнала қоршаған орта жайында былай дейді: «Жас балаларды айналасындағы адамдардың көзінен, қозғалысынан, сөзінен олардың қуанғаны мен қайғырғанын, рахаттанғаны мен мазасызданғанын, реніші мен қауіптенгенін сезініп, айыра, түсіне білуге үйрету аса маңызды. Егер де мұндай мақсатты жұмыс істелмесе, онда нәтижесінде дөңбекке ұқсаған сезімсіз адамдар өсіп шығады. Осындай адамдардың біршамасын жисаңыз, ұжым деген сол. Бірақ бұл қандай «ұжым» дейсіз ғой: «адамды аяусыз таптап тастауға дайын, нағыз соқыр, жүрегінде ешбір мейірім жоқтар. Ал сезімталдықтың жоқтығы-екі жүзділікті тудыратын нәрсе». Адам баласы бар нәрсені табиғаттан біліп үйренген. Себебі біз табиғатқа тәуелдіміз. Тәуелді екенімізді біле отырып, бар байлықты табиғат беретінін ұмытып кететін кездеріміз бар. Білім негізі –бастауышта болатын болса, мектеп жасына дейінгі балалармен қоса мектептегі бастауыш сынып оқушыларында табиғатты сүюге, қорғауға, дамытуға баулу мақсатында дүние тану пәнінің алатын орны ерекше. Біз табиғат аясында тынығамыз, шынығамыз, денсаулығымызды жақсартамыз. Сондықтан да біз өзімізді қоршаған ортаны танып білуімізге міндеттіміз. Ал оны танып білу мектепке дейінгі мекемелерден бастау алуы керек. Мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар әрине пән мұғалімдерінің шығармашылықпен атқаратын жұмысының еншісінде. Кез-келген бала өз болмысының қайдан, қалай пайда болғанына қызықпауы мүмкін емес. Олай болса, өсімдіктің, жан-жануардың, айналадағы табиғи тылсым күштердің, табиғат құбылыстарының, тау мен тастың қалай пайда болғанын білгісі келмейтін оқушы жоқ. Дүниетану пәні өте қызықты да, сиқырлы сырға толы пән. Бұл пәнді ұнатпайтын оқушылар саны тіпті де мүлдем аз деп айтуымызға  болады. Бұл пән бойынша жүргізілетін сарамандық жұмыстар, тәжірбие жасау, бақылау жасау, көрген білгенін көңілге тоқи білу, әрине бала болмысының үйлесімді дамып отыруына әсері бар болмақ.

Адам өміріне көп нәрсе қажет. Шөлдегенде –су, ашыққанда-тамақ, қараңғыда — жарық, тұншыққанда-ауа,тоңғанда-жылу болмаса адам қандай күйге түсер еді? Осылардың барлығын ой елегінен өткізе отырып, адам да табиғат перзенті дер едім. Неге? Себебі: айналадағы дүние ірі үш блокпен берілген: адам-табиғат-қоғам.

    Бұл тізбек айналадағы дүниенің біртұтастығына нұқсан келтірмейді: себебі, қоғам адамнан тұрады, ал адам табиғатсыз тіршілік етіп өмір сүре алмайтыны белгілі. Сонда адам табиғатқа еріксіз тәуелді. Сонда адам қайдан, қалай пайда болған деген сауалға қалай жауап берер едік? Нақты жауап бар ма? Ғылымға сүйенсек адам –адам тәріздес маймылдан жаратылған деген түсінік бар. Сонда табиғат қайда қалды? Адам – тірі ағза. Ол өседі,өнеді, туады, көбейеді, өледі. Ал өлгеннен соң қайда кетеді.? Әрине, табиғатқа. Қалайша? Себебі: топырақтан жаратылған дене, қайта айналып топыраққа барады. Менің жалпы түсінігім, міне осындай.

Қазақтың бір туар ақиық ақыны: М.Мақатаевтың мына бір өлең жолдарынан адам баласын маймылдан жаратылды дегенге қимайтындығын да аңғаруға болады:

О, арулар, өздеріңді көрем де,

Жан ғой деймін жаратылған өлеңге.

Бірақ сенбеймін, бірақ сенбеймін адамдар,

Маймылдардан жаратылды дегенге.

Сонымен адам-табиғат- қоғам бір-бірінен  ажырамас, біртұтас дүние. Ал біртұтас дүние бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Адам қоғамда өмір сүреді. Қоғамның табиғатсыз еш сәні болмайды. Бұл жоғарыда айтқан үш блоктың ажырамас дәлелі.

Бұл қағида әр мұғалімнің өз шығармашылығы мен ізденушілігімен жүзеге асатын процесс. Кез-келген мұғалім өз пәнін сүйіп, ізденетін болса оқушы жүрегіне жол табары даусыз. 45 жыл мұғалім болсаңда 45 минут сабағыңа дайындал –деген. Бұл қағида – мен мұғаліммін деген әр ұстаздың естен шығармас ұстанымы болуы тиіс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.