«Бейнеу балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.
1. Ән-саз жетекшісі – 2 орын
2. Педагог-психолог — 1 орын
3. Орыс тілі маманы — 1 орын
4. Ағылшын тілі маманы — 1 орын
5. Дене тәрбиесі маманы — 2 орын
6. Бейнелеу өнері маманы- 1 орын
7. Хареограф — 1 орын
8. Дәрігер — 1 орын
9. Медбике — 1 орын
10. Емдәмбике — оын
11. Тәрбиеші — 14 орын
12. Көмекші тәрбиеші — 7 орын
13. Кәріз жөндеуші – 1 орын
14. Электрик – 1 орын
15. Аспаз – 3 орын
Осы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Тәрбиеші, дәрігер, медбике, емдәмбике, музыка жетекшісі, дене тәрбиесі маманы, психолог, ағылшын тілі маманы, орыс тілі маманы, міндетті түрде өз қызметтеріне сай жоғары немесе арнаулы орта білімді болуы, біліктілік талаптарға сай болуы, мүмкіндігіне қарай еңбек өтілінің, санатының және тәжірибесінің болуы. Тәрбиешінің көмекшілеріне көмекші тәрбиешіге байланысты біліктілік талаптарға сай болуы, мүмкіндігі болса, арнаулы орта педагогикалық білімдерінің болуы және Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Балалар құқығы» туралы заңды және «Балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық эпедемиологиялық талаптарын», физиология және гигенаны, педагогика , психология негіздерін білуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар тіркелуі қажет:
1. Өтініш;
2. Түйіндеме;
3. Жеке басын куәландыратын куәлігінің көшірмесі;
4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (тұрақты мекен-жайы мен байланыс телефоны міндетті түрде);
5. Білімі жөніндегі іс-қағаздары (өтініш тапсырған қызметіне байланысты нотариуспен куәландырылған)
6. Еңбек кітапшасының көшірмесі;
7. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (0-86 У үлгісіндегі анықтама)
Көрсетілген құжаттары түгел болмаған жағдайда құжаттары қайтарылып беріледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер үшін, жеке тұлғалардан қабылдау http://www.45minut.kz БАҚ-да хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Азан Балов көшесі «Бейнеу балабақшасы» МКҚК ғимараты. Анықтама телефоны: 50 7 46
Конкурстық комиссия