Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылы.
№29 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Гүлмира Шәмшатқызы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің қызметі
Дүниетану 3-сынып
Мақсаты: Білімділік: Жүйке жүйесі және жүйке жүйесінің қызметі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Жүйке жүйесінің жұмыс істеу реттілігін анықтау, жүйке жүйесін сақтау, күту не үшін керек екенін ұғындыру. Миды дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, сарамандық жұмыс, электронды оқулық
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту, ой қозғау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау әдісі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
Тамақтану гигиенасы.
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, артынан сұрақтар қою арқылы қорытынды жасау.
- Денсаулық пен тамақтану арасында қандай байланыс бар?
-
Тамақтанудың қандай ережелерін білесің?
-
Тісіңді қалай күтесің?
3. ДЕНСАУЛЫҚ
- Дұрыс тамақтану
Салауатты өмір салты
Ұйқы
Таза ауа
4. « Нақтырақ ойлан » ойыны
Суретке қарай отырып, өсімдік тағамдарын бір бағанға,
Жануарлар тағамдарын екінші бағанға жазамыз.
5. Сурет бойынша жұмыс
Тамақтану ережесі қалай бұзылды? Әңгімелеу
Дәрумен деген не?
Адамға бір сөткеге қанша май керек?
Белоктар қандай тағам да көп болады?
ЖАҢА САБАҚ
1. Қызығушылықты ояту.
А. Қарлығашқа көмек Жүрек қай жерде орналасқан?
Б.Торғайға көмек Адам қаңқасы неден тұрады?
В. Қазға көмек Адамда қанша жұп қабырға болады?
Г. Елікке көмек Бас сүйегінде не болады?
2. Жаңа сабақты түсіндіру
Жүйке жүйесінің қызметі Электронды оқулық бойынша
Біз айналамыздағы заттарды көріп, дыбыстарды естиміз. Ыстықты, суықты сезінеміз. Сезіну арқылы белгілі бір әрекет жасаймыз. Ол әрекетке жүйке жүйесі көмектеседі. Адамның жүйке жүйесі мидан, жұлыннан және жүйке тамырларынан тұрады. Ақпарат ең алдымен сезім мүшелеріне одан кейін жүйке арқылы миға жетеді. Ми бұл хабарды қабылдап, оған жауап қайтаруға бұйрық береді. Ғалымдардың айтуынша, көз емес, мұрын емес, тек ми.
3. Сызбамен жұмыс МИ-ЖҰЛЫН- ЖҮЙКЕ ТАМЫР
Есіңде сақта
4. Сурет бойынша жұмыс жасау. Өз ойыңды айт.
5. Сергіту сәті
6. САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Нан, сарымсақ, алмамен сарамандық жүмыс жасалады.
7. Кітаппен жұмыс
- Оқушыларға оқыту
2. Сұрақтар қою
- Жүйке жүйесінің қызметі қандай?
Жүйке жүйесі неден тұрады?
Адамға жүйке жүйесін күту ,сақтау не үшін қажет?
- Оқушыларды бағалау.
8. Үйге тапсырма: Жүйке жүйесінің қызметі оқып мазмұндау.