Сабақтың тақырыбы: Балықтар

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылы.

№29 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалғасбаева Гүлмира Шәмшатқызы

Дүниетану 3- сынып

 Сабақтың тақырыбы: Балықтар

Мақсаты:    1.Оқушыларға балықтар туралы, олардың тіршілігі туралы, адам өмірі үшін маңызы туралы  мағлұмат беру.

2.Теңіз, көлдердегі, мұхиттардағы балықтардың дамуы туралы, көбеюі туралы, балықтардың сан алуан түрлері туралы білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

3.Балықтарды қорғауға,табиғатты сүю  сүйіспеншілігін ояту.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, интерактивті тақта.

Түрі: Аралас сабақ

Типі: Жаңа материалды меңгерту.

Әдісі: Қызығушылықты ояту.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау

Өтілген материалдарды қайталау.

Электронды оқулық бойынша

1-тапсырма     Анықтаманы тыңда және дұрыс жауапты белгіле?

Ағаштар               Бұталар        Шөптер

2-тапсырма      Өсімдік түрлерін анықта?

Өсімдік

Суда өсетін өсімдіктер

Ылғал сүйгіш өсімдіктер

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Жылу сүйгіш өсімдіктер

Суыққа төзімді өсімдіктер

Жарық сүйгіш өсімдіктер

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

3-тапсырма

Ылғал сүйгіш өсімдіктерге: беде, күреңот.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерге: жантақ, сүттіген.

Су өсімдіктеріне: тұңғиық.

Жылу сүйгіш өсімдіктерге: жүгері, асбұршақ.

Суыққа төзімді өсімдіктерге: бидай, сәбіз.

Жарық сүйгіш өсімдіктерге: мақта, қарбыз.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктерге: қарға көз, меруертгүл.

5-тапсырма

Жануарлардың түрін анықта: Сәйкес келетін сандарды қой.

Жәндіктер-1                          Қосмекенділер-4                Құстар-2

Бауырмен жорғалаушылар-5       Сүткоректілер-3         Балықтар-6

  1.  Тест тапсырмалары.
  1. Қазақстанның Қызыл кітабына қазіргі таңда құстардың неше енгізілген?

А) 56

Ә)  50

Б) 65

  1. Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер

А) Тіл жөніндегі заңға

Ә) Дүниетану оқулығына

Б) Қызыл кітапқа енген

  1. Мәдени өсімдіктер:

А) Өздігінен өседі

Ә) Сырт көмекті қажет етпейді

Б) Адамның қатынасынсыз өсе алмайды.

  1. Өсімдік өсу үшін не қажет?

А) Топырақ ,шірінді, ауа.

Ә) Ауа. Су, жылу,қорек, жарық.

Б) Тамыр, құм, саз.

  1. Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал?

А) карта

Ә) желбағар

Б) тұсбағар

Жаңа сабақ. 1. Қызығушылықты ояту.

Ойлан: Сурет арқылы  әріптерден сөздерді құрастырып, сурет атауларын дұрыс ата.

ЛЫҚТИБА-ИТБАЛЫҚ,  ЛПІ-ПІЛ ,   ДЫЗРТЖҰЛҚҰ-ЖҰЛДЫЗҚҰРТ, ЕЕЛКМН-МЕЛКЕН.

2. Жаңа сабақты түсіндіру.  Электронды оқулық бойынша.

    Балықтар.

Балықтар дүние жүзінің кез-келген су қоймасында өмір сүреді. Ауаға қарағанда суда қозғалу біршама ауырлау. Сондықтан да олардың денесі ұзын, сүйір болып келеді. Сусымалы қабыршақтан тұрады. Балықтар құйрығы арқылы алға қарай қозғалады. Жүзбе қанаттарымен тепе-теңдікті сақтап бағытын анықтайды. Желбезектері арқылы тыныс алады. Балық –адам мен жануарлардың ең негізгі азығы. Олардың көбею деңгейі жоғары болғанымен жыл санап азайып келеді. Арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі. Жойылып бара жатқан балықтарды аулауға тыйым салынады.

3. Балықтар  Слайдпен жұмыс.

  1. Балықтар
  2. Сауытты аң- қай аң?

  3. Балықтың басқа түрлері

  4. Бақашабақтың бақаға айналуы

  5. Аяқ астында.

  6. Теңіз түпсізі

  7. Батискафта

  8. Ең алып сүтқоректілер қай жануарлар?

 4. Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға оқыту.

5. Дәптермен жұмыс.

Топ бойынша жұмыс жасау.

Балықтың қандай пайдасы бар?   Эссе жазу.

6. Сергіту жаттығулары.

  1. Суретке қарап « Еліміз үшін балық қорының » маңызын түсіндіру. Шығармашылық тапсырма.

8. «Адам –балық » Александр Беляев кітабынан үзінді.

9. Қорытынды:     Сұраққа –жауап

Қазақстанда балықтың қанша түрі бар?

Қандай балықтың түрлерін білесің?

Балықтың пайдасы ?

  1. Оқушыларды бағалау.

10. Үйге тапсырма:  Балықтар   тақырыбын оқу, мазмұндау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше