НұрымбетоваАйна
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: &41 Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Сабақтың мақсаты: Қазақ даласындағы ән-күй өнерінің даму тарихы туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:1)Дала әуендері,ұлттық аспаптар мен күйшілер туралы түсінік беру.
2)Тапсырма беру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
3) Өнерсүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Саяхат, кіріктірілген,ізденіс сабақ.
Оқыту әдісі: Репродуктивтік,интерактивтік.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,қобыз,домбыра,ҚР. Картасы.
Өзекжарды мәселе: «Тарих пәнін әдебиетпен ұштастыра оқыту»
Сабақтастық пәндері: Музыка, география.
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру: 1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Сабақ барысына түсінік беру.
-Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні келтеде. Баяғы өткен заманда бір бала мен ана өмір сүріпті.
Бір күні баласы үйіне келсе,қартайып, ауырып жатқан анасын көреді. Бала анасын емдету
Үшін дәрігерге,бақсы-балгерге барады. Ешқандай ем болмайды. Сөтіп жүріп бала бір данышпан адамды жолықтырады. Данышпан: «Анаңды мәңгі жасасын десең биік шыңда өсетін бақыт гүлін сыйла!»,-дейді. Бала асығыс жолға шығада. Келе жатып топан суға жолығады. Қаоай өтерін білмей тұрғанда алдынан алтын балық шығады. Бала анасының ауыр қалде екенін айтып, өтуіне көмек сұрайды. Балақ келіседі. Бірақ… оның 3 тапсырмасын орындаса ғана.
Қалай балалар, бұл балаға көмектесеміз бе?
Ендеше ….
Үй тапсырмасын сұрау:І тапсырма:
Қазақтың
шешендері
ІІ тапсырма: Лездеме сұрақтар
1.Сөз өнеріне байланысты мақалдар айт?
2.Шешендік сөз дегеніміз не?
3.Аңыз ертегілердің кейіпкерлері?
4. “Түркі тектес елдермен салыстырғанда,қазақтар
сөзге шешендігімен ерекше көзге түседі”-деген кім?
5.Әз Тәуке,Абылай хандардың заманындағы шешендер?
6.Қазақтың ақын-шешендері?
7.Кімнен кім бата алған?
Актуалдау: ІІІ тапсырма:
Өнердің түрлері
Жаңа сабақ:
§41 Қазақ даласындағы ән-күй өнері
-Бала судан аман-есен өтіп, ну орманға келіп адасады. Алдынан аю шығады. Аюға да жағдайын айтады. Аю: « 3 тапсырманы орындасаң орманнан шығарамын»,- дейді.
І тапсырмасы: Қазақтың музыкалық аспаптары
/кітаппен жұмыс/
ІІ тапсырма: ХІХ ғасырдағы ұлы өнерпаздар
/ кітаптан — дәптерге жазады /.
ІІІ тапсырма: Атақты күйшілер
/ Аттарын кітаптан туып, атайды./
-Бала орманнан да аман шығады. Енді алдынан мұзтау шығады. Басына шығуға тайғақ бала ойланып тұрғанда алдынан екі пингвин шығып. 2 тапсырма берді.
І тапсырма: Күй аспабы-домбыра мен қобыздың шығу тарихы, ол туралы аңыздар айтып бер- деді.
-Балалар ол туралы кітапта жоқ. Менде білмеймін, қане, кімнен көмек сұаймыз, кім біледі деп ойлайсыңдар?/ Музыка пәні мұғалімі баяндайды./
ІІ тапсырма: Күйдің тарту ерекшелігі
Шертпе Төкпе
ІІІ тапсырма: Күйшілер туралы айтып бер!/ Интерактивтік тақтадан тыңдалады, туған жерлерін география пәні мұғалімі картадан көрсетіп,мағұлмат береді/
Құрманғазы Сағырбайұлы
/1806-1879 ж.ж./
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында Жиделі елді мекенінде дүниеге келген.
Ұстазы: Ұзақ күйші.
Күйлері: “Ақбай”,”Ақсақ киік”, ”Кішкентай”,”Көбік шашқан”,
“Қайран шешем”,”Түрмеден қашқан”,т.б.
Шәкірттері:Д. Нұрпейісова,Сүгірәлі, Шора.
Тәттімбет Қазанғапұлы
/1815-1862 ж.ж./
Туған жері: Қарағанды обылысы, Қарқаралы тауының баурайы.
Ата-бабалары: Кемеңгер билер,шешендер,
қалжыңқойлар болған.
Күйлері: “Былқылдақ”,”Сылқылдақ», ”Қосбасар”,Көкейкесті”,”Сарыжайлау”
“Балбырауын”т.б./40 астам күйі болған/.
Ықылас Дүкенұлы
/1843-1916 ж.ж./
Туған жері: Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,
Мансабы: Қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор,қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері
Күйлері: “Жалғыз аяқ”,”Жарым патша”,”Жез киік”.
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы.
Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз—қыпшақ тайпалық бірлестігінде 9-10 ғасырларда өмір сүрген
—-Бала бұл сынақтанда өтті. Енді қара түн болып кетті. Ештеңе көрінбейді. Бір кезде бұлт арасынан ай көрінді. Айда 3 тапсырма берді.
Дамыту:
І тапсырма: “Ол кім?,бұл не?”
ІІ тапсырма:Кім жылдам?
Сырдария, Қарағанды облысы ,Жаңаарқа, Батыс Қазақстан
/картадан тауып кімніңтуған жері екенін айту/.
Бекіту: ІІІ тапсырма:Кім тапқыр? //Жұмбақты шешу/.
Түсінде періштемен сырласатын,
Өлімнен қорқып талай қыр асатын.
“Қобыздың атасы”деп аты қалған
Қанекей,кім айтады оның атын?
Би-шешендер ұрпағынан таралады.
Өнері үшін халқы оны бағалады.
40-тан астам етіп күй шығарған
Қай күйші оны кімдер таба алады?
Ұзақтай күйші атаны ұстаз еткен,
Күйімен шер шығарып,терін төккен
Қанекей кім ойланып,таба алады?
Елі оны “Күй атасы” атап кеткен.
Халықтың күйге қосып тауқыметін,
Меңгерген күй өнердің құдіретін.
Ендеше аз ойланып табыңдаршы,
Авторын “Жарым патша, “Жез киіктің”
Құрманғазы атаға шәкірт болған,
Ұстазынан бата алып,жолын қуған.
“Күй анасы”атанып ел ішінде
Құрманғазы мұрасын жалғастырған.
//1Қорқыт ата,2.Тәттімбет, 3.Құрманғазы,4.Ықылас, 5.Дина/.
—Сөйтіп бала шыңның басындағы бақыт гүлін де көреді. Бірақ шыңға шығу оңай болмай тұр. Кенет алдынан барыс шыға келді. Балалар барыс туралы не білеміз?/Жолдауды насихаттау/. Ендеше барыс қандай тапсырма берер екен қөрейік!
Қорыту: І тапсырма: Мағынасын аш!
“Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.”
/АБАЙ/
-Сөйтіп бала бақыт гүлін алып,үйіне келеді. Анасы бақыт гүлін шаңыраққа іліп қойған,өзі тіпті жасарып,ауруынан жазылып кетіпті.
Балалар! Манағы бір бала дегеніміз-ҚАЗАҚ,
Анасы- Біздің жер Анамыз,ОТАНЫМЫЗ,
Бақыт гүлі- ол біздің ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ.
Бүгінгі сабақтағыдай аузымыз бір болса, бір-бірімізге қамқор болсақ, білімді болсақ Тәуелсіздігіміз Бақыт гүлі секілді мәңгі жасайды.
Үйге тапсырма:
- §41 Қазақ даласындағы ән-күй өнері /оқу/.
2. Тест жазу /5-7/.
Бағалау: Белсенділігіне қарай.