Жаңа форматта дайындалған қысқа мерзімді жоспар

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
СәкенСейфуллин атындағы орта мектеп
Сыныбы: 7 «Ә»  Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Дариға Таңсықбаева, tandari.85@mail.ru

Сабақтың тақырыбы: Электрондық пошта дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты: Электрондық поштаны ашу және қолдану туралы оқушыларға жан-жақты мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:
    Ақпарат алмасудың жолдары қарастырылады оны дамытады;
    Электрондық поштаның пайдасы мен зияны жөнінде түсініктеме беріледі;
    Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келудің жолдарын үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: академиялық дау-дамай, «INSERT» әдісі, менталды карта. семантикалық карта

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

    Құралдар: интерактивті тақта, компьютер, маркер, А1 форматты қағаз.

    Көрнекіліктер: слайд көрсетілімдері.

Пәнаралық байланыс: физика, тарих.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі, сыныптағы психологиялық ахуал.

    сәлемдесу

    оқушыларды түгелдеу

    топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

    өткен тақырыпқа шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

IV. Жаңа сабақты бекіту

V.Үй тапсырмасын беру

VI.Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау

    Кері әсер парағы

Күтілетін нәтиже:

    Электронды поштаны өз еркімен ашып, қолдана алады;

    Электрондық поштада ақпарат алмасады;

    Пәнге деген қызығушылығы оянады, оқушы бойына білім, білік, дағды қалыптасады.

І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу).

3 минут

«Атом, молекула» тренингі.

Атомдар үнемі қозғалыста болып, олардың өзара байланысуынан молекула түзілетіні бәрімізге белгілі. Мысалы, су молекуласы үш атомнан, сутегінің екі атомынан және оттегінің бір атомынан құралады. Осы мысалды негізге ала отырып, сыныпты төрт топқа топтастырдым.

ІІ. Үйренуге берілген тапсырманы пысықтау. 4 минут

Сыныптың компьютерлік желісі.

Академиялық дау-дамай. (иә, жоқ)

Сыныптағы оқушылар үй тапсырмасын «Неге? иә», «Неге? жоқ» деген сұраққа жауап беру арқылы өз пікірлерін айтып, талқылайды.

Әр топтың пікірін тыңдай отырып, қосымша ақпараттар беру арқылы олардың жауабын толықтыру.

ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақты меңгерту. 19 минут

    Қалай ойлайсыздар, ертеректе адамдар бір-бірімен не арқылы байланыскан?

    Пошта арқылы жіберілген хат қалай және қанша күнде тиісті жеріне барады деп ойлайсыздар?

    Техниканың дамыған заманында бірер секунд ішінде хат алмасуға болады ма және қалай?

1 күн                                         1 апта                                        1 ай

Сонымен балалар бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы: «Электрондық пошта дегеніміз не?»

Электрондық пошта жайында не білетіндеріңіз туралы ойлаңыздар.

Талқылап алу үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң жұбыңызбен электрондық пошта туралы не білетініңіз немесе не білемін деп ойлайтыныңыз туралы ой бөлісіп, оны топта талқылаңыздар.

Келесі жұмыс түрі, сыныптағы оқушылардың барлығы жаңа тақырыпты оқып болғанда жасалады. Жұбыңызбен оқығандарыңыз туралы ой бөлісіп, Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз? Сізде қандай сұрақтар туындады? Нені білетін болып шықтыңыз? Не нәрсені білмейтін болып шықтыңыз? деген сұрақтарға жауап беріп, топтарыңызда талқылаңыздар.

Талқылау аяқталған соң, әркім өз бетімен дәптерінде «INSERT» кестесін толтырғаны жөн:

Білемін

v
    

Жаңа ақпарат

Білдім

+
    

Мен ойлаймын ойламаймын

–
    

Сұрағым бар

?

    

    

    

Оқушылар өзіндік жұмыстарын бітірген соң, жұптарымен кестедегі жазғандарын талқыға салып, топта ортақ кестені құрастырып ,түрлі-түсті маркерлерді пайдалану арқылы плакат бетіне түсіріп, қорғайды.

Топта ортақ кестені талқылаған соң, плакатта жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз – сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз, мақаланы оқып болған соң, сәйкес келмеген ойлар шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақты талқылаймыз.

Сергіту сәті. «Сәттілік» тренинг 2 минут

ІV. Жаңа сабақты бекіту. 5 минут

Әр топтың оқушылары теория жүзінде алған білімдерін практикамын ұштастырады.

Электрондық поштаның пайдасы мен зиянына қысқаша тоқталу. 3 минут.

Пайдалы жақтары
    

Зиянды тұстары

    

V. Үйренуге берілетін тапсырма. 2 минут

«Хат алмасудың бір тәсілі – электрондық пошта» тақырыбында ой толғаныс жазып келу.

Оқушыларға «Сіздер менің орнымда болсаңыздар сыныптастарыңызды қалай бағалар едіңіздер?» деген ой тастаймын. Әр топтың көшбасшылары топтық жұмыс кезіндегі іс-әрекеттерді талдайды, бағалайды.

VI. «Семантикалық кестені» толтыру арқылы балаларды бағалау

4 минут

№
    

Критерий
    

1-топ
    

2-топ
    

3-топ
    

4-топ

1
    

Айтар ойының нақты болуы
    

Алға!
    

Жарайсын!
    

Жарайсын!
    

Алға!

2
    

Поштамен практика жүзінде жұмыс жасай алуы
    

Жарайсын!
    

Жарайсын!
    

Алға!
    

Алға!

3
    

Электрондық пошта туралы мәліметті меңгеруі
    

Алға!
    

Алға!
    

Жарайсын!
    

Алға!

5 – Жарайсын! 4 – Алға!

VII. Кері әсер парағы. 3 минут

1) Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз?

2) Сабақ барысында сізге не ұнады /ұнамады?

3) Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз

Электрондық пошта тақырыбынан кейінгі ойтолғаныс:

Бүгінгі сабағымда алға қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Бұл сөзіме дәлел ретінде оқушылардың сабаққа белсене араласып, сабақ барысында қойылған сұрақтар мен тапсырмаларды орындап отырғанын айтар едім. Оқушылар үй тапсырмасын “Академиялық дау-дамай” әдісі бойынша “Сыныптағы компьютерлік желінің маңыздылығы неде және оқушыларға сыныптағы желі қажет пе?” деген сұраққа әр топтың ұйғарымы бойынша бір оқушы ортаға шығып, өз топтарының ойын ортаға салды.

№1, №2, №4 топтың оқушыларының ойлары бір жерден шықты. Яғни, олар сыныптағы желі қажет деп тапты. Себебін мына мысалмен түсіндіріп өтті. Бір сыныпта он компьютер және бір басқарушы компьютердің болатындығын, басқарушы компьютер кабинеттегі желілер мен басып шығарғышты қамтитындығын айтты. Оқушылар өздерінің пәнге байланысты жинаған мәліметтерін компьютерге енгізеді. Енгізген құжаттарын сыныптың компьютерлік желісін пайдаланып, басқарушы компьютерге жібереді. Тиімділігі: тасымалдаушы құрылғылардың қажетінсіз, орнында отырып-ақ құжаттарды шығаруға болатынын айтты.

№3 топтың оқушылары сыныпқа компьютерлік желі қажет емес деп ойлайтындарын айтты. Себебін үнемі компьютер кабинетінде жұмыс жасамаумен байланыстырды. Мысалы, №1 компьютерде отырған оқушы, №7 компьютерде отырған оқушының еңбегін сыныптың компьютерлік желісін қолданып өшіріп тастауы мүмкін. Сондықтан біздің топ информатика кабинетінде компьютерлік желінің болғанын қажет емес деп есептейді. Нәтижесінде әр топ өз пікірлерінде қалатындықтарын білдірді. Оқушыларға жан-жақты мағлұмат бере отырып, тақырыптың мазмұнын өз беттерінше ізденіп, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар білім, білік, дағдысын көрсете білді. Электрондық пошта туралы білетіндерін жұптарымен бөлісіп, соңында топпен талқылады. Оқушыларға жеке-жеке мәтін таратылды. Мәтінді оқып “INSERT” кестесін толтыру арқылы электрондық поштаның элементтерін білетіндіктерін еске түсіреді, сондай-ақ жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Өздерінің келісетін немесе келіспейтін тұстарын атап айтып, сыныпта талқыға салды. Cабақ барысында жауап берген әр оқушыға «дұрыс емес» дегеннің орнына, бірнеше сұрақтарды туындата отырып, нақты жауап беруге ықпал еттім. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында “Сергіту сәтін” жүргіздім. Жаңа сабақты бекітуде оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін практикамен ұштастырғанын байқадым. Сабақ соңында оқушылар электрондық поштаның пайдасы мен зиянды тұстарына тоқталып өтті.

Пайдасы
    

Зияны

    компьютерді меңгереді;

    интернетпен жұмыс жасауды үйренеді;

    шұғыл түрде хат алмасуды біледі т.с.с.

    

    компьютерде көп отыру денсаулыққа зиян;

    электрондық поштамен үнемі жұмыс жасайтын баланың сөйлеу қабілеті төмендейдіт.с.с.

Үй тапсырмасына «Хат алмасудың бір тәсілі – электрондық пошта» тақырыбында ой толғаныс жазып келулерін сұрадым.

Оқушыларды бағаламас бұрын сыныпта “Сіздер менің орнымда болсаныздар сыныптастарыңызды қалай бағалар едініздер?” деген ой тастадым. Әр топтың көшбасшылары төрт топта сабақ барысында қойылған критерийлерге лайық, яғни оларға «Жарайсын!» деген баға қойатындарын айтып өтті. Мен осы жерде сабақ барысында орын алған кемшіліктер мен келіспейтін тұстарыма тоқталып, өзімнің пікірімді айтып, оқушыларға қосымша ақпараттар бере отырып, барлық топтағы оқушылардың жауап беру қабілетін қалыптастырдым. Осыдан кейін топ көшбасшылары сабақ барысында қойылған үш критерийге жеке-жеке тоқталып, өз ойларын сараптады. Мен осы сабағымда оқушыларды топ арқылы бағалағанды жөн деп санадым. Себебі, сабақ барысында байқағаным топта жұмыс жасамаған адам жоқтың қасы деп білдім.

Сабақ соңында оқушылар:

а) Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз?

ә) Сабақ барысында сізге не ұнады /ұнамады?

б) Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз, – деген сұрақтарға жауап берді. Олардың жауаптарын екі жақты қарастырар болсам, біріншіден, оқушылардың барлығы дерлік электронды поштамен жұмыс жасауды үйренгенін, топпен жұмыс жасауы, жаңа сабақтың барысы ұнағандарын жазған. Ал, бір оқушы «Көшбасшының бағалағаны ұнамады» деп жауап беріпті. Бұл сұраққа мен былай деп жауап берер едім: Әр топтың көшбасшылары топта және жеке жұмыс барысында орын алған кемшіліктерін атап көрсеткенде, Бектөре деген оқушым сынды дұрыс қабылдай алмады. Мен осы жерде сыныптағы оқушыларға алға қойған мақсатқа жету үшін

сынды дұрыс қабылдай білу керектігін айтып өттім. Екіншіден, «Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз» деген сұраққа сабаққа қатысқан 20 оқушының үшеуі ғана жауап берген.

Оның ішінде біреуі сұрақ, қалған екеуі ұсыныс болды. Сабақ мазмұнына байланысты оқушылардың сұрақтары болмағаны мені ойландырады. Келесі сабағымда оқушылардың кері әсер парағын толтыруына көп көңіл бөлу керектігін жөн деп санаймын.

Қорытынды.

Осы зерттеу жұмысында байқағаным, төмен оқитын оқушының өзі жауап беруге талпынады, ізденеді, топтағы оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болады, өзгелердің пікірін тыңдап, өзінің жауабымен салыстырып, ортақ шешімге келеді. Сыныптағы оқушылардың белсенділігі артады, бір-бірінен қалмауға тырысады, ынтымақтастық орнайды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

    С.Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.

№1 сабақ, 23 бет. Қарағанды, 2011ж.

    Н.Ермеков, Н.Стифутина. Информатика 7 сынып.Жалпы желі ұғымы. 213бет. Алматы «Атамұра» 2007ж.

    Интернеттен алынған суреттер және сабақ барысындағы суреттер.

    Ресурс.3 апта, 2 күн. Оқыту үшін бағалау. 24.04.2012
 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше