Ойнайық та, ойлайық!

Шаншарова Эльвира  Изгиликовна
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
№3 орта мектебі МАД тобының тәрбиешісі

Тақырыбы:  Ойнайық та, ойлайық!
Мақсаты: а) Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу қабілетін ойын арқылы  жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ә) Оқушылардың қисын, есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау   қабілеттерін   дамыту.
б) Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, байқампаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: топтық  сайыс

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, үлестірмелі тапсырмалар, сандар, шарлар.

 Сабақ барысы     I.Ұйымдастыру кезеңі

Екі топтың «Санамақтарын» тыңдау.
II.Негізгі бөлім

Тәрбиеші: Тынышталып тыңдаңдар!
Асығыстық қылмаңдар!
Ал отырған жарандар
Назар салып қараңдар,
Көргендер де арманда,
Көрмеген де арманда,
Босқа қарап жүргенше
Қызықтан құр қалмаңдар
Сәт те туды жұлдызды
Математикалық ойынға
Шақырамыз ұл-қызды.

Тәрбиеші:  Қош келіпсіздер, мына ойынға барша қауымым!
Аңсайсыздар ма,жаздың жемісін,қарбыз-қауынын?
Ол күнге жету,сірә, жолдастар ерте емес пе?
Ойын жарыспен өткізейік біз қыстың аязын!
Тәрбиеші:    Үшбұрыштар менен дөңгелектер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Тәрбиеші:     Өмірде ойлап тұрсаң,бәрі де есеп
Ауырсаң,іше тұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек,- деп бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстыра кетейін. Сайыстың кезеңдері:

  1. I.                   Санамақ
  2. II.                Санды жұмбақтар.
  3. III.             Геометриялық фигуралар.
  4. IV.             Математ.логикалық есептер.
  5. V.                «Кім жылдам?» (бұл сайысқа 1-10 дейінгі сандарды тура, кері санау және қиынды қағаздардан сандарды құрау)

І. Санамақ.

ІІ. Санды жұмбақтар

  1. Бүкірлеумін, имекпін,
    Мойынындай үйректің
    Сабағыңды білмесең
    Мені аласың күнде сен  ( 2 )

2.     6 санының көршілерін ата     ( 5-7 )

3.Бірден кейін тұрады
Бірден кейін тұрағы
Бірге-бірді қосқанда
Шығады ол қай сан     ( 2 )

4.   8 кейін қай сан тұрады?     ( 9 )

  1. Бір шеңберді бір шеңбер,

Көтеріп тұр білсеңдер.  ( 8 )

  1. Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді.     (7 апта )

  1. Бағасы жоқ орақпын,

Беделді, баға зор-ақ тым       ( 5 )

8.  5-пен 2-нің қосындысының мәнін тап                ( 7 )

ІІІ. Геометриялық фигуралар.

Балалар алдарына берілген геом.фигуралардың атауын, санын атайды. Мыс: 3төртбұрыш, 2 үшбұрыш, 4 дөңгелек.

Топ жұмыс жасау кезінде басқа балалармен «Көршісін тап» ойыны ойналады.

ІV.  Математ.логикалық есептер.

  1. Бес асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады ?     ( 2 )

2.Ағашта бес алма,

Қандай тәтті, жесе алма

Бесеуін де жеп қойдым,

Қалды сонда неше алма?      ( 0 )

  1. Екіге екіні қосайық

Қанша шығады қарайық?

Қарайықта, санайық,

Санайықта, табайық.   (4)

  1. Алдында үш балапан

Артында үш балапан

Ақ тауық пен балапан

Айтшы санын, балақан    (7)

5.  Егеу екеу,

Пышақ екеу

Қос-қосынан

Қосса нешеу?       ( 4 )

  1. Түйе менен атан бар

Тайлағым мен ботам бар

Үш інгенім тағы бар

Айтшы санын, тауып ал      ( 7 )

7.  Далада тұр бес ешкі,

Қорада тұр бес ешкі,

Бес ешкі мен бес ешкі ,

Болады барлығы неше ешкі?           (10 )

8.  Беске бесті қосайық

Қанша шығады қарайық?

Қарайықта, санайық,

Санайықта, табайық      (10)

V. Кім жылдам?

А)  Тура, кері санау.

Б) Сандарды жинау, қандай сан екенін айту.

Тәрбиеші:  Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Тәрбиеші: Көңіл бөліп бұл кешке ,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.                                               Келгендерге көп рахмет.

Сарапшылар сіздерге сөз береміз,                                              Біздерге келген көрерменге

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?                                        Мың рахмет,мың рахмет!

Тәрбиеші:   Көрермен жиналған тамашаға             Тәрбиеші:Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды

Құр қарап отыру жараса ма                                                         Ал қазір әділ қазылар сөз алады

Туыс,досқа,кластас,танысқа емес                                               Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,

Соқ қолыңды бүгінгі жеңімпазға!
Мақтау қағаз,сыйлықтарын тапсырады.
Тәрбиеші: — Құрметті, оқушылар, ұстаздар, қонақтар бүгінгі апта бойына өтіп келе жатқан       «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика» атты апталық жабылуда. Баршаңызға келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық демекпіз.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше