Біз мектепке барамыз!»
Шаншарова Эльвира Изгиликовна
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
№3 орта мектебі МАД тобының тәрбиешісі
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалармен әдемі безендірілген. Балалар көңілді әуенмен ортаға шығады. Жарты шеңбер құрып тұрған соң Қ.Р.М.Әнұраны орындалады.
Тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, ұстаздар! Құрметті қонақтар, оқушылар. Біздер бүгін жыл бойына мәпелеп, тәрбиелеп келген бүлдіршіндерімізді ұшырғалы отырмыз, бір жасқа үлкейген олар енді бірінші сыныпқа барады. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке. МАД тобының «Біз мектепке барамыз» атты қоштасу ертеңгілігін бастаймыз.
Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар біріншіге
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Бағлан:
Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар.
Таусылмастай ағытып ой-арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін.
Бірғаным:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық, арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Хор: «Біз дәуірдің түлегіміз»
Би: «Балапан» биі
Әдеби монтаж:
Меңдібай:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар.
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын,
Туған дала қуансын.
Дильназ:
Даярлығым бесігім
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық.
Бағдаулет:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз,
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Ақнұр:
Қел ана анамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Демежан:
Мектепке енді барамыз
Оқып, білім аламыз.
Қашық емез арамыз
Даярлыққа келіп тұрамыз.
Тәрбиеші:
Мектеп деген білім кені,жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Хор: «Мектепте де үйретеді»
Би: «Қазақ » биі
Ортаға күнделік, математика, әліппе келеді. Артынша таласқан сандар 1,2,3,4,5 келеді.
Тәрбиеші: Сендерге не болған? Бір-бірлеріңді итеріп.
1 саны:
Достарым мені «бір» дейді,
Қарайды да «бү» дейді.
Мұқтажбын қол аяққа,
Ұқсап тұрмын таяққа.
-Күнделік маған есігіңді айқара ашшы, мен сенімен дос боғым келеді.
Күнделік:
-Мынау бірме? Жоқ,жоқ, менде саған орын жоқ.
Бірлік баға алмаңдар
Ұят болып қалмаңдар.
2 – саны:
Мен екімін балалар,
Екі қанат қазда бар.
Қағады шапшаң ұшқанда
Құс сияқты адамдар.-қазір көресіңдер күнделік мені күтіп отыр, екеуміз дос боламыз!
Күнделік: -Жоқ, жоқ атай көрме екілік, мен саған есігімді ашпаймын.
Жаңғалақтың, жалқаудың
Алаңғасар аңқаудың
Алатыны екілік.
Басын шайқап, өкініп.
3 – саны:
Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы.
Екі қисық қосылған,
Үш жазылған осыдан.
Күнделік:
Мынау үшпе? Жоқ сенімен де дос болғым келмейді.
Білімі артық екіден
Аздығына өкінем
Шідерлі аттай тұсалып
Бірелер жүр үш алып.
4 – саны:
Достар мені «төрт» дейді
Беске бірім жетпейді,
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның.
-Күнделік, маған есігіңді ашшы, мен төрттік бағамын, мені балалар жақсы көреді.
Күнделік:
-Охо, сені күттім, кел төрге шық төрлет.
Оқуға дос барғанда
Риза сені алғанға,
Қуанады анасы
Төрт алғанда баласы.
5 – саны:
Әр қолда бес-бестен
Шықпас тегін ол еппен
Біліп соның шамасын
Мысал ойлап табасың
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар
Кілең төрттік алғандар
Мені ғана армандар.
Күнделік:
-Бәрекелді, «5» келді. Төрлет, төр сенікі, сенімен айрылмастай доспын.
1,2,3 сандары:
-енді біз қайда барамыз, керексіз болып қалдықпа?
Математика:
— Мен математикамын, менің ішімде сандар көп, сендер ешқайда кетпеңдер, менімен дос боласыңдар.
— Мен енді балаларға түрлі есептер берейін.
- Атам, әжем, аға мен әкем, інім және мен, анам және енесі, енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп, жеңешем келді майысып. Неше адам шай іштік?
- Дүкеннен анам екі төртбұрышты доп сатып әкелді, біреуін ініме берді, нешеуі қалды?
- Санамақ айту.
Математика: -Жарайсыңдар балалар, өте тамаша. Мен сендерге ризамын.
Әліппе:Балалар, сәлеметсіңдерме? Менің атым әліппе. Мен сіздердің ең алғашқы оқулықтарыңмын. Мен сендермен дос болам, егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар.
- Әріп тастамақ. «О,», «М», «С» тез сөз ойлап айту керек, кім тоқтайды сол жеңіледі.
- Кім есімін тез жазады.
- Мәнерлеп өлең оқып беріңдар.
Әдеби монтаж:
Бақтияр:
Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Әсел:
Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше
Даярлықпен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
Мақсат:
Даярлық біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз.
Азиза:
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән салып
Оқып, жазып үйрендік.
Азамат:
Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай.
Даярлығым өз үйім
Апай болды анамдай.
Аружан:
Үлкендердей тап – таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үздік бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Әліппе: -Жарайсыңдар, балалар сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Мен де сендерге ризамын. Сендер мектепке баруға әзірсіңдер. Жолдарың болсын.
Хор: «Біз мектепке барамыз»
Би: «Қуыршақ» биіӘн: «Ертегілер» Қарақаттың орындауында қарсы алайық.
Ойын: «Кім мектепке тез жиналады?»
Хор: «Не деу керек?»
Ән: «Чунга-чанга» Бағланды қарсы алайық.
Би: «Қолшатыр» биі
Тәрбиеші:
Айналайын балалар,
Алда мектеп-ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар даналар, бүлдіршіндерім, енді сен МАД тобының тәрбиеленушісі емессіңдер, сендер енді оқушысыңдар. Сендерге сәттілік тілей отырып Әрқашан бір дос болыңдар деп, үгінгі ертеңгілікті «Дос болайық бәріміз» әнімен аяқтағым келіп отыр.
Хор: «Дос болайық бәріміз»
Сөз кезегі мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары Гүлсім Оралмағанбетоваға беріледі.
Балалардың сынақ қорытындысы бойынша дипломдармен марапаттау өтеді.
Сөз кезегі топтың үлкен ата – аналарына беріледі.
Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қымбатты балалар! Мен сіздерге тілейтінім алдарың тек жарық, ақ жол болғай. Жолдарың болсын. Осымен «Біз мектепке барамыз» атты қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды, қош сау болыңыздар!
