Без рубрики

Ұстаздарға арналған жаңа мүмкіндіктер

Құрметті Ұстаздар! Жаңа оқу жылы басталуымен Интернет арқылы Ұстаздың кәсіби қызметіне қажет болатын мүмкіндіктерді пайдалануға әзірледік. Сертификат, Газет, Электронды портфолио және Білім мекемелеріне арналған жеке сайт бойынша тиімді ұсыныстар жасақталды. Оқып таныс болыңыздар, түсініксіз жері болса сұраңыздар, пайдалануда қиындық туындаса айтыңыздар, "Республикалық 45minut.kz газеті" ұжымы Сіздерге көмектесуге, қызмет етуге әрқашанда әзір.

1. http://45minut.kz/ сайты және Сертификат қызметі

http://45minut.kz/ сайты тұрақты жұмыс істеп тұр. Қазірде 5000-нан астам сабақтар жинақталған. 3000-ден астам ұстаздар сайтта тіркелген. Сайтымызда Сертификат берілуде, барлық қажетті мағлұматтар сайтта жарияланған.

2. "Республикалық 45minut.kz газеті" қызметі

Газет тұрақты шығып, сабақтар жариялануда. Газетке Казпочта мекемесі арқылы жазылғандар арнайы нөмір бойынша газеттің жеткізілуі туралы анықтама алуға болады. 8 727 330-60-59 (вн 5212) Лариса Юрьевна (Қазақстан бойынша газет таралымына жауапты, Казпочта АҚ өкілі)

Газетке негізінен тілшілер арқылы жазылған тиімді. Тілшілер арқылы газет таралымы нақты болады және сайтқа, газетке сабақтардың жариялануы, сертификат алу үшін тілші арқылы тапсырыс беруге болады.

Газетке тек қана ұстаздар ғана емес, оқушылар, ата-аналар жазылуына да болады. Себебі, газетте жаңалықтар, сабақтар, ата-аналарға кеңестер, оқушылар еңбектері жарияланады.

3. Электронды портфолио қызметі

http://port-folio.kz/ сайтында Ұстазға жеке портфолио жасап алуына болады. Портфолио Ұстаздың жеке меншігі болады және тиісті келісім-шарт жасалады, арнайы сертификат беріледі. Портфолионың жасалу бағасы — 3000 (Үш мың) теңге.  Сонымен қатар, "Республикалық 45minut.kz газетіне" тілші болып тіркеліп, 19 адамды (3 айға) газетке жазылуды ұйымдастырған қолданушыға Портфолио тегін жасалады.

Портфолиоға тапсырыс беру үшін http://port-folio.kz/ арқылы тапсырыс беріп, портфолио сайтын ашқызып алуыңызға болады. Портфолио сайтына материалдарды салуды Портфолоио иесі өзі де жасай алады немесе Редакция қызметкерлеріне материалдар берсеңіз сайтқа орналастырып береді. Сайтты пайдалану үшін "Логин, Пароль" беріледі, сол арқылы кіріп, қажетті түзетулер мен өзгерістер, қосымша материалдар, суреттер салып толықтырып отыруға болады.

Сайт бетінде Портфолиосы жасалған Ұстаздардың электронды портфолиосын қалай жасап алғандарын көруге болады.

4. Білім мекемелеріне арналған жеке сайт қызметі

http://білім.kz/ сайтында білім мекемелеріне жеке сайтын жасап алуына болады. Жасалған сайт білім мекемесінің жеке меншігі болады және тиісті келісім-шарт жасалады, арнайы сертификат беріледі. Сайттың жасалу бағасы — 10000 (Он мың) теңге. Сонымен қатар, "Республикалық 45minut.kz газетіне" білім мекемесі атынан 30 адамға (3 айға) жазылуды ұйымдастырса,  жеке сайт тегін жасалады.

Жеке сайтқа тапсырыс беру үшін http://білім.kz/ арқылы қабылданады. Жеке сайтқа материалдарды салуды білім мекемесі өзі де жасай алады немесе Редакция қызметкерлеріне материалдар берсеңіз сайтқа орналастырып береді. Сайтты пайдалану үшін "Логин, Пароль" беріледі, сол арқылы кіріп, қажетті түзетулер мен өзгерістер, қосымша материалдар, суреттер салып толықтырып отыруға болады.

Маңызды ескерту: Газетке тек қана ұстаздар ғана емес, оқушылар, ата-аналар жазылуына да болады. Себебі, газетте жаңалықтар, сабақтар, ата-аналарға кеңестер, оқушылар еңбектері жарияланады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.