Бірінші қыркүйек — Білім күні!
Білім — игілік пен бірлік, білім — бақыт пен бақ, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Болашағымыз ғылым мен білімнің өркендеуіне тікелей байланысты екенін айқын сезінетін ұлан байтақ еліміз Білім күнін ыстық ықыласпен атап өтеді. Әр ұстаз, әр оқушы бұл мерекелі күнді ерекше үмітпен, есейген көңілмен қарсы алады. Жаңа оқу жылында «Білім» атты ғажап әлемнің сырларын бойға дарыту үшін оқушыларымыз ерен еңбек етіп, зерек те зейінді, алғыр да ашық, білгір де білікті, көңілді де көрікті боларына біз кәміл сенеміз.