Лепті сөйлем

Ақтөбе қаласы, №40 жалпыға білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі  Калыбаева Камшат Талгатбековна

Сабақтың тақырыбы:  Лепті сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс істеу әдістемесі туралы   білімдерін толықтыруға,тиянақтауға мүмкіндік жасау;  өз бетінше жұмыс жасауға баулу, оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдануы арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге, ұқыпты,таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
танымдық ойлау өдістері,көрнекілік,сұрақ-жауап, интерактивті тақта.
Сабақтың көрнекілігі:
тірек сызба, оқулық.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығы.

II.Негізгі бөлім.

  • Үйге қандай тапсырма берілді? (үй тапсырмасын тексеру)

244-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құру.

-Сен өз жұмысыңда қандай сөйлемдерді қолдандың?

  • Жаңа сабақ.

Ой толғау (толықтыру тесті)

Қуаныш          …әкем келді!                      Алақай

Бұйыру           …тезірек!                            Бол

Өкіну              …кеше келсемші!               Қап

Таңдану          …әдемі сурет!                     Қандай

  • Ережені айтып өту.(сызбамен жұмыс)

-Лепті сөйлем дегеніміз не?

Лепті сөйлем

Адамның көңіл-күйін,                                                Сөйлем аяқталған соң !

Сезімін білідіреді                                                        белгісі қойылады.

Қуану өкіну бұйыру

Тілеу, ұран, таңдану, сескену

Өтіну

Бұлар көтеріңкі дауыспен оқылады.

  • Операциялық орындаушылық кезең. (оқулықпен жұмыс)

245- жаттығу.

1)    Мәтінді оқу, талдау. Лепті сөйлемдерді көшіріп жазу.

–         Міне жігіт!                                  (- Бұл сөздерді кімдер айтып жатыр?

–         Көп жаса!                                      – Олар қандай көңіл-күймен айтты?)

–         Өркенің өссін,қарағым!

–         Қатарыңның алды бол!

2)    Тіл дамыту тапсырмасы (сөйлеу)

Әңгімені өзіміз әрі қарай жалғастырып көрейік.

246-жаттығу. (жай тақтамен жұмыс)

Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу. Әр сөйлем қандай мазмұнды білдіретінін айт.

Мына тау қандай биік! Сен қысқы демалыста қайда барасың? Қыста коньки тебу қандай тамаша! Бөлменің ауасын тазартып отырған жөн.

(талдау,жазу,тыныс белгісін анықтау)

  • Сергіту сәті. 248-жаттығу (интерактивті тақтамен)

Сөйлемдерге талдау жасау.

Керіктің мойыны ұзын. Ура, ертең циркке барамыз!

Үйді кім салды? Нанды неден пісіреді?

  • Лепті сөйлемді көшіріп жазу.

247-жаттығу.

Сызбаны ауызша талдау.

І………    ………   ……… .

І………   ………..   ………?

І………  …………  ……….!

 

–         Сөйлем туралы біз не білеміз?

–         Біздер қандай сөйлем түрімен жұмыс жасадық?

–         Лепті сөйлем.

–         Ендеше, шығармашылық тапсырма орындайық.

Алақай, қандай, тамаша сөздерін қатыстырып сызбаға сүйене отырып лепті сөйлемдер құрайық.                                                                    (интерактивті тақтаға жазу)

  • Үй тапсырмасын беру, түсіндіру.

249-жаттығу.

Ш.Қорытынды бөлім: сабақты тиянақтау, оқушыларды бағалау.

– Бүгін сабақта қандай жұмыстарды орындадық?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше