Сабак жоспары

№ 39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сейілханова Шынар Аманғосқызы
Тақырыбы: «Егемендік, бізді әлемге танытқан!»
Мақсаты:
Оқушыларға егемендігіміз туралы кеңінен мағлұмат беріп, егемендігіміздің жетістігін, жемісін көрсетіп өз Отанын, туған жерін елін сүюге және оны қорғай білуге баулу.
Көрнекілігі: (Интерактивті тақта)
Қазақстан картасы, әнұран сөзі, елтаңба, ту,Н.Ә. Назарбаевтың сурет, магнитофон.
Сабақ барыс:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім
Егмендік бізді әлемге танытқан!
—         Ал, балалар, сендер егемендік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
—         (Қазақстан егемендік алып өз алдына дербес мемлекет болды).
«Тәуелсіз еліме» өлеңін оқыту.
Мен бүгін жеткіншек баламын,
Халқымнан өнеге аламын
Тәуелсіз еліме өлеңмен
Жыр арнап суретте саламын
Қазағым ел болдым тәуелсіз,
Шаттанып беилеймін әуенсіз.
Балалар еңбегі азат күн,
Қолдайық, қорғайық біз бен сіз
Аман боп халқымыз мәңгілік
Жүрейік достықта сән құрып
Бірлік пен ынтымақ нығайса,
Атады әрқашан тоқ күліп.
Қайта құру Кеңес Одағының құрамындағы Республикалардың өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Бұрын халықтан жасырып келген тарихи шындықтар ашылды. Адамдар өз ойын ашық айта алатын болды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация (халық билігі( қабылданды.Өз алдына жеке ел болып, бөлініп шығу бұл елдің тарихындағы теңдесі жоқ оқиға болды. Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді.
Ел тәуелсіздігі үшін жүргізілген күрес жалында көптеген адамдар саяси қайраткерлер, қолбасшылар, ғылымдар, қатардағы бұқара өкілдері құрбан болды.
—         Біз білетін 1986 жылы желтоқсанда қандай оқиға болып еді?
—         Я, Желтоқсан оқиғасы онда да жастар өздерінің, еркіндігі, егемендігі, тәуелсіздігі үшін күресті.
—         Онда құрбан болған кім дегенаға-апаларымызды білеміз?
—         (Ляззат, Сабира, Қайрат т.б.) (Интерактивті тақтадан суреттерін көрсету).
Жүздеген жылдар бойы ақсап келген күрестің арқасында 1991 жылы Қазақ халқы өз тарихында тұңғыш Президентін сайлады. Президентіміз кім? (Суретін көрсету). Елдің аты Қазақстан Республикасы болып өзгерді. Дүниеге жаңа мемлекет Тәуелсіз Қазақстан Республикасы келді. (Интерактивті тақтадан кртаны көрсету). Тәуелсіздігімізбен бірге рәміздерімізде келді. Бұл да жас тәуелсіз мемлекеттің егемендігін нығайту жолында жасалған маңызды қадам.
—         Рәміздеріміз не еді?
Қазақстан Республикасының елтаңбасы, туы, әнұраны (Интерактивті тақтадан суретін көрсету)
-Елтаңбамыз жайында не айтамыз?
Авторы Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлікбеков ағаларымыз.
Елтаңба көгілдір түсті. Шаңырақ пен уық біздің Отанымызда тыныштықта өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Көшпенділердің өмірі атпен байланысты болғанын білдіретін қанатты тұлпар. Отанымыздың байлығы.
Елтаңба
Алтын талы шашақты,                   Ешкімді де қас көрме
Көтерді де таң атты                        Бірақ қасқа дес берме
Түндігіміз нұрлы да,                      Айбыны болар елімнің
Тұлпарымыз қанатты.                    Елтаңбасын қастерле
Ту туралы:
Көгілдір түсті ол бірлік пен ашық аспанды бейнелейді. Сәуле шашқан алтын күн – тыныштық пен байлық, қалықтаған бүркіт дархандық пен қырағылықты меңзейді.
Біздің ту . Мөлдір.
Туың қандай?                               Туың қандай?
Ту қандай!                                   Ту қандай!
Тура аспаннан туғандай             Таң нұрынан туғандай.
Ал аспанды Қазақтың                 Қыран құсты самғатып
Көңілімен жуғандай!                 Күн құшақтап тұрғандай.
Қазақстан Республикасының әнұраны. Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов. Бұл әнұранды өз мақтанышымызбен ерекше, салтанатты орындауымыз керек.
(Магнитафоннан тыңдатып, оқушыларды қосып айтқызу.
Міне, балалр егемендік алып Тәуелсіз ел болдық. Біздің елімізде тек қзақтар ғана емес, сонымен бірге басқа көп ұлт өкілдеріде өмір сүреді. Басқа ұлт өкілдері де Қазақстанда өмір сүргесін менің отаным Қазақстаным деп мақтан етеді. Тіпті басқа елдердегі қазақтарымыздың да туған Отаным Қазақстан деп еліне келгендері де аз емес.
Манғолиядан Баян-Өлгей аймағынан көшіп келген ақын Бекен Қайтарұлы былай деп жырлайды:
Алтын Ордам көрейінші деп келдім,
Қалым үшін келейінші деп келдім
Шетте тудым, шетте өлем ағайын.
Дәл ортаңда өлейінші деп келдім,
Атам-мекен нұр алайын деп келдім,
Шертіп бір күн қуанайын деп келдім
Сен жыласаң жоқтау айтып тоқтаусыз
Сен қуансаң қуанамын деп келдім.
Жер бетінде Қазақстаннанда бөтен мемлекеттер көп. Бірақ, ана әр адамда біреу-ақ, ендеше Отан-ана да ол үшін біреу ғана.
Ол да менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп келген Егемендігіміздің құралғаны азаматтықтың ақ таңын алып дүниеге Қазақстан Республикасының келгеніне 2006 жылы 15 жыл толды. Тәуелсіздік алып осы он бес жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, егеменді ел болып елге танылдық. Көптеген жерлерде оқу орындар, кәсіпорындар, өндірістік т. б. Ашылып көркеюдеміз.
Енді осы 20жыл ішінде жетістіктеріміз жөнінде өз білетініміздерді айта отырып, білмейтінімізді білейік.
—         Біз Қазақстанның қандай жерінде тұрамыз, облысымыз қай қала? (Ақтөбе). (Картадан көрсету).
Осы обылысымыздың өзінде 12 жыл ішінде қандай өзгерістер, жаңалықтар болды?
Ж. Кереев ескерткіші орнады, Әбілхайырханның ескерткіші, мешіт ашылды, Бөбек санатория ашылды, көшелерге ғұлама адамдарымыздың аты берілді.
— Біздің облысымызда да үлкен өзгерістер болған екен.
— Тағыда Қазақстанның қандай қалаларын білеміз?
— Тәуелсіздік алған кезде астанамыз қай қала болды?
Содан бастайық.
Ондаған өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.
Соның ішінде машина жасау заводы, кірпіш заводтары, мақта-мата тоқу, жеміс, консерві, ет комбинаттары, тігін, кілем жасау фабрикалары жұмыс істейді. Көптеген оқу орындары бар. Абай атындағы қазақ драма театры бар. Әр тілде газет шығады. Әлемге әйгілі Медеу спорт кешені бар. Алматы сәулетті өте әсем қала (видеодан көрсету)
—         Қарағанды қаласы:
Қарағанды десе көмір есімізге түседі. Біздің Отанымыз бай! Мұнда қазба байлықтардың барлық түрі бар деуге болады. Бұл жерде тас көмір бассейні бар. Көмірдің өзінен бояу, дәрі-дәрмек, пластмасса т.б. көптеген заттар алынады.
Байқоңыр десе, космодром есімізге келеді.
1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш рет Ю.А. Гагарин космосқа ұшқан. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан қазақ Тоқтар Әубәкіровтың алғаш ғарышқа ұшыуы еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі маңызды оқиға еді. Мұның өзі Республиканың тәуелсіздік алуы жағдайында ғана мүмкін болды. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы қарсаңында 2001 жылы 24 сәуірде қайтадан ғарышқа ұшты.
— Астанамыз қай қала?
— Астана.
1997 жылдың 10 желтоқсанында Астана Алматыдан Ақмолаға көшті.
— Бұл қала бұрын Целиноград деп аталған. 1992 жылдан бастап Ақмола деп аталды. 1997 жылдың 20 қазанда Ақмола Тәуелсіз Қазақстанның Астанасы болып жарияланды. 1998 жылдың 6 мамырында Президент жарлығымен Ақмола – Астана деп аталды. (Интерактивті тақтадан Астананы көрсету)
Астана еліміздің қақ ортасында орналасқан Республиканың кез-келген жерімен қатынасуға қолайлы. Сондықтан да Астана осында көшірілген.
Ағылып Атыраудан, Алатаудан
Көш қонды Қараөткелден таласа ауған,
Жайнайды Астана ару алқасындай,
Ғажайып ғимараттар жаңа салған.
Сарыарқа сауырында
Ерке Есіл бауырында
Келеді бой көтеріп арман қала.
Арман қала,
Асыл дала-
Жаңа Астана!
Астана!
Төріне туған жердің туын тігіп,
Ерекше ел еңсесі бүгін биік
Астана ақ ордасы қазағымның
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.
Міне, балалар біз Егеменді Тәуелсіз Республика болып, өсіп, өніп, өркендеп, көптеген жетістіктерге жеттік. Қазақстанның бай екеніне, кең екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта Тәуелсіз еліміз Қазақстанды қорғап, мақтан етіп, оның өсуіне одан да әрі қарай өркендеуіне біз де үлесімізді қосайық.

Хор: «Менің Қазақстаным» әні.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше