Кім? Не? Қайда? – интеллектуалдық ойыны

Ақтөбе қаласы, №40 жалпыға білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі  Калыбаева Камшат Талгатбековна

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын дамыту. Тез ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Ойынға үш топ қатысады. Әр топ өзінің атын, ұранын айтады.

Ойын бөлімдері:

1) Тірі әлем.

2) Кел, сурет салайық.

3) Билер сөзі.

4) Үлкен карта.

5) Физкульт сәлем.

6) Арнаулы тапсырма бөлімдерінен тұрады.

Ойынға қатысып отырған балалар әр бөлім бойынша қойылған сұрақтарға ақылдасып жауап береді. Алдындағы сигналды карточкасын ең бірінші көтерген топ сұраққа бірінші жауап береді. Егер жауабы дұрыс болса, сыйлыққа ие болады. Әр дұрыс жауапқа 1 шырша ойыншығы беріледі. 1 ойыншық -5 балл болады.

“Арнаулы тапсырма” бөлімінде оқушыларға ұстаздары көмектесе алады.Олардың дұрыс жауабына да 1 шырша ойыншығы беріледі.

І. “Тірі әлем бөлімі.

– Өсімдік тірі ағза. Ендеше, өсімдік туралы білетінімізді ортаға салайық.

а) Өсімдіктердің қандай топтарын далалы,орманды жерден жиі кездестіреміз?

а) бұта, шөп, ағаш

ә) гүл, шөп, бұта

б) ағаш, шөп, саңырауқұлақ

ә) Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

а) ауа, жылу, жарық

ә) ауа,су,жарық,қорек,жылу

б) су,қорек,жылу

ІІ. Кел, сурет салайық бөлімі.

Әр оқушы бір-бірден шар және сурет салатын қарындаш алып,шарға адамның суретін 1 минутта салады.Соңында адам саңдары есептеледі. Жеңіске жеткен топқа 1 шырша ойыншығы (5 балл)  беріледі.

ІІІ.”Билер сөзі” бөлімі.

Қазақтың сабырлы,байсалды,ақылды,парасатты,бүкіл елді аузына қаратқан,даудың қандай қиын кездерінде сөз тапқан,жауын сөзімен жеңген үш биі бар екенін білеміз.Олар Төле би,Әйтеке би және Қазыбек би.Қазір осы билердің шешендік сөздеріне тоқталайық.

а) Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

ә) Басшысы болмаса-ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім…деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

а) Қазыбек би

ә) Төле би

б) Әйтеке би

ә) Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт-берекең-атаң қымбат,

Мейірімді-апаң қымбат,

Кіндік кескен-жерің қымбат

Ұят пен ар қымбат,-деген шешендік сөзді айтқан кім?

а) Қазыбек би

ә) Төле би

б) Әйтеке би

ІV.”Үлкен  карта” бөлімі.

а )Біздің еліміздің астанасы қай қала?

а) Алматы

ә) Астана

б) Өскемен

ә ) Алыстағы Үнді елін білесіз бе?Сол үнді елінің әйелдері киетін киім қалай аталады?

а) сари

ә) мари

б) кари

V.Физкульт сәлем.

Ойын ойнау.

Соңғы бала қай командадан болса, сол 1 шырша ойыншығын алады.

VІ.”Арнаулы  тапсырма”  (мұғалімдер орындайды)

VІІ. Қорыту. Жиналған баллдар бойынша қорытынды шығару. Топтарды мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше