Без рубрики

Шертер аспабын жасау технологиясы

Прназаров Дауиржан Амангалиевич, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы

Сабақтың тақырыбы: Шертер аспабын жасау технологиясы
Сыныбы: 9 «Б»
Пәні: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т.б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 8,9 сынып оқулықтары «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қылқобыз жасау технологиясы (оқушы өзі жасаған бұйымын таныстыру)
Жеке оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)
III. Үй тапсырмасын бекіту
Суретпен жұмыс (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1 Қобыздың қанша түрі бар? (Тоғыздан астам)
2 Қобыз неше бөліктен тұрады? (10)
3 ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз? (Нар қобыз)
4 Қылқобызға анықтама бер? (Қазақтың шанағын тізеге сүйеп, ысқымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы)
5 Домбыра, қобыздың кәдесыйлық түрінің басы мен түбі ағаш діңінен бірігіп ойылатын бұйымның биіктігі қанша мм шамасында? (140-150мм)
6 Жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының құйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалатын аспап? (Ысқыш)
Қылқобыздың нақтылы өлшемі туралы кесте толтыру.

V. Жаңа сабақты бекіту
«Пайымдау сұрақтары»әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.
Шертер аспабына анықтама бер? (Қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы)
Шертердің жалпы ұзындығы? (675 мм)
Шертер қандай бөліктерден тұрады?
Шертердің қосымша мойнына тағылатыңпернелердің саны. (19)
Шертер аспабын оқушы неше сағат ішінде жасап шыға алады? (20)
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
«Үйге тапсырманы талдау» тәсілі: Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды жақсы түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек?
Шертер аспабын ажарлап шығу, гуашьпен өрнекті сурет салу немесе қабыршақтан ою.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.