Өсімдіктер әлемі адамның қамқорлығына мұқтаж
Ақтөбе қаласы, №40 жалпыға білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кубаева Ақжан Антоновна
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемі адамның қамқорлығына мұқтаж.
Сабақтың мақсаты. Білімділік: Өсімдіктерге адамның қамқорлығы туралы түсінік беру.Дәрілік өсімдіктер жөнінде мағлұмат беру. Өсімдіктер тіршілігін пысықтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды өсімдіктерді қорғауға аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық білдіруге,пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру, ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер, деңгейлік тапсырмалар, «Қызыл кітап»
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
А)Мәтіннің мазмұнын сұрау.
Ә)Деректемелерді оқыту.
Б)Венн диаграммасы арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Жабайы өсімдіктер Мәдени өсімдіктер
Өздігінен Адам қолдан
өседі,улы өсіреді,жеміс-
өсімдіктер жидектер
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Сонымен,балалар өсімдік тіршілігіне адамның қамқорлығы керек.Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Өсімдіктер әлемі адамның қамқорлығына мұқтаж».Біздің мақсатымыз өсімдіктерге адамның қамқорлығы туралы түсінік аламыз.Дәрілік өсімдіктермен танысамыз.
Топқа бөлу:жабайы және мәдени өсімдіктер.
-Енді осы тақырыптың мағынасын ашу 2 топ мүшелеріне байланысты.Мен сендерге тапсырмалар беремін.
А)тақырыпты ашу
Ә)сұрақтар қойып пысықтау.
Б)топтастыру.
Жабайы өсімдіктер тобына Мәдени өсімдіктер тобына
|
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер |
|
Дәрілік өсімдіктер |
ІV. «Менің өсімдік тіршілігіне үлесім» тақырыбында эссе жаздыру.
V.Бекіту.
-Енді балалар бүгін «Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі» тарауының өсімдіктер тіршілігі бөлімін аяқтап отырмыз.Осыған байланысты сендер қаншалықты осв бөлімді меңгергендеріңді деңгейлік тапсырмалар арқылы қорытындылаймыз.
1-деңгей.
1.Ғалымдардың есептегені бойынша біздің елімізде қанша өсімдік түрі өседі?
2.Өсімдіктің тобын атап жаз.
2- деңгей.
1.Өсімдіктердің тіршілік ету ортасын жаз.
2.Мына аталған өсімдіктердің ішінен ылғал сүйгіш өсімдіктердің астын сыз.Жантақ,беде,мақта,сексеуіл,бидай,жолжелкен,арпа,бақбақ,асқабақ,қоңырбас.
3- деңгей.
1. Емен қанша жыл тіршілік етеді?Дұрыс жауапты белгіле.
А)2000-3000жыл Ә)150жыл Б)1000-1500жыл
2.Сасыр өркенінің ұзындығы қанша метр болады және тәулігіне неше сантиметр қосады?
3. Қолды күйдіретін улы өсімдікті белгіле.
А)Итмұрын Ә)Қара алқа Б)Сасық меңдуана
VІ. Қорытынды.Бүгінгі сабағымызда сонымен қандай тапсырмалар орындадық және қандай тақырыпты аштық.
VІІ. Бағалау.Енді бағалау парағына көз жүгіртеміз.
VІІІ. Үйге тапсырма. 90-91 беттер,мазмұнын айту.Өсімдіктер бөлімін қайталау.Келесі сабақта жануарлар тіршілігі бөлімін бастаймыз.
