Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баданова Базаркүл Әйтімқызы
Сабақтың тақырыбы: Омоним. Синоним. Антоним.
Сабақтың білімділік мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша меңгерген
білімдерін тексеру, қабылдаулары қаншалықты
деңгейде екенін бақылай отырып,
білімдерін бекіту;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Ойлау,шешім қабылдау, пайымдау, топта
жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушы бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіру,
адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, ойын түрлері
Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар, үлестірмелер, презентация
Техникалық құрал: мультимедия, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, оқушыларды 3топқа бөліп отырғызу («Күштілер», «Мықтылар», «Жігерлілер», оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару
2. «Жақсы тілек тілейік» тренинг
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
89-жаттығу(ауызша сұрау)
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
«Сөз» ойыны (3 топтан 3 оқушы шығып, мысалдар айту)
ІV.Сабақтың жүргізілуі
«Ағайынды үш жігіт» ертегісін айту (мұғалім сөзі)
1) «Жадымыздағыны жаңғыртайық» бөлімінде бізге мынадай тапсырма беріліпті:
Үш топтан үш оқушы шығып, омоним, синоним, антонимдердің ережелеріне тоқталу
2) «Кім көп біледі?» ойынын ойнау үшін 96-жаттығудағы тапсырмаға қараймыз.
Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар. (3 топтан 3 оқушы шығып, өз мысалдарын жазады)
3) «Жоғалған сөзді тап» ойынында мақал-мәтелдер оқылады, біз бос орындардағы сөздерді тауып қоюымыз керек. (оқушылар қолдарындағы үлестірмеден қарап орындайды)
- … жылатып айтады,
…күлдіріп айтады.
- Ағаш кессең, … кес,
Қысқартуы оңай.
Темір кессең, … кес,
Ұзартуы оңай.
- Еріншек егіншіден, … масақшы озыпты.
-
Жолдасы … жолды болар,
Жолдасы … қолды болар.
- … бастар, … қостар.
Көз … , қол … .
Бейнет көрмеген, … көрмейді.
… үйрен, … жирен.
Ауру батпандап кіреді, … шығады.
4) «Көңілдегі көрікті ой» ойынының шартын орындау үшін 99-жаттығуға қарайық. Төмендегі сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін жазыңдар. Онда омоним, синоним, антоним сөздер қатысатын болсын. (топтық жұмыс)
Тақырыптар:
- Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің?
Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің?
Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің?
5) «Озық топты анықтайық» ойыны
а) Синоним сөздерді топтап жаз.
Қашық, әдемі, әдепті,тәртіпті, үлкен, келбетті, өңді, тәрбиелі, дәу, тартымды, алыс, инабатты, алшақ, шалғай, көргенді.
ә) Берілген сөздерден антонимдік сыңар жаса.
Түзу, теріс, қалың, оң, араз, қисық, жұқа, тату, қатты, жыртық, жұмсақ, бүтін, артық, қиын, кем, оңай.
б) Омоним болатын сөздерді тауып, тіркес жаса.
Кітап, жаз, нан, қу, ақылды, дала, күл.
6) «Хат келді» ойыны (сұраққа жауап беру)
7) «Зымыран сұрақтар»(антонимдік сыңарды тап)
Ауыр – жеңіл
Озу – қалу
Алғыс – қарғыс
Өмір — өлім
Алыс – жақын
Пайда – зиян
Тоқ – аш
Күн – түн
Ақырын –шапшаң
Әрі – бері
Кіру – шығу
Артық – кем
Арық – семіз
Оңай – қиын
V.Сабақты бекіту
1)Электронды оқулықтан көрсету (мұғалім сөзі)
3 жігітке сөз беріледі.
2)Орыс тілінде, ағылшын тілінде бірнеше мысал айтып,салыстыру.
VІ.Сабақты қорытындылау
«Кім зерек?» ойыны, жұмбақ шешу(жұмбақтар толық шешілген кезде ертегі кейіпкерінің суреті көрінеді.Кейіпкерді анықтап,қысқаша сипаттама беру)
Бөлек тұрар, бірге туып,
Бірі ыстық, бірі суық. (жаз бен қыс)
Мүйізіне бір құшақ,
Пішенді іліп алады.
Шаруа баққан ұл құсап,
Ақырға шөп салады. (айыр)
Мінсең – желдей жүйткиді,
Көңілің таудай өседі.
«Алып ұшар алысқа,
Ер қанаты» деседі. (ат)
Әкесі – тышқан,
Шешесі — құстан.
Күндіз ұйықтап,
Түнде ұшқан. (жарқанат)
VІІ. Оқушы білімін бағалау. «Алма жинау» ойыны арқылы.
VІІІ. Үйге тапсырма:
І. Негізгі тапсырма:
А) Омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау.
ІІ. Шығармашылық тапсырма:
А) Таңдаған тақырыбыңды алып, омоним, синоним, антонимдерді қатыстыра отырып, әңгіме жазу;
Ә)Орыс тілінде, ағылшын тілінде «Күштілер»тобы омонимге,«Мықтылар » тобы синонимге, «Жігерлілер» тобы антонимге 2 мысалдан жазып келу.