Салауатты әдеттер еліне
Ақтөбе қаласы, №40 жалпыға білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кубаева Ақжан Антоновна
Сабақтың тақырыбы: Салауатты әдеттер еліне
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүруге үндеу. Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Шаһар суреттері,жұмбақтар.
Сабақтың барысы: Менің атым Шымырбек. «Салауатты әдеттер елінің» әртүрлі шаһарларында саяхаттанып,онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр шаһардың біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Егер сен сол шаһарлардың заңдары мен ережелерін толық біліп меңгерсең, «Салауатты әдеттер елінің» толыққанды,тең құқылы азаматы боласың.Сонымен,саяхатымызды бастаймыз! Біз келген бірінші шаһар ТАЗАЛЫҚ деп аталады.Бұл сөз қандай мағына береді деп ойлайсың? Өзің білмесең, үлкендерден сұра. Бұл шаһардың ережелері көп. Олардың барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді,әрі мықты боласың.
Тазалық шаһары
а)Жеке бас тазалығының ережелері
ә)Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы
б)Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері
в)Тері тазалығы
г)Шаш және тырнақ күтімі
д)Оқушының тамақтану кестесі
е)Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі
Сауықтыру минуты
Біз енді келген екінші шаһар ТРОПС деп аталады.Бұл шаһардың да сенің денсаулығың үшін маңызы зор. «ТРОПС» деген не дейсің ғой?!Кері оқып көрші.Қалай түсіндің бе?! Әрине,СПОРТ шаһары.
Спорт шаһары
1.Ежелгі тәрбие жүйесі
2.Афиндік тәрбие жүйесі
3.Спартан тәрбие жүйесі
4.Цигун-қытайдың тәрбие гимнастикасы
5.Йога-өзін өзі жетілдіру жолы
6.Ортағасырдағы рыцарьлар турнирі
Табиғи витаминдер шаһары
Шылымқорлық шаһары
Темекінің дәмін татпас бұрын,ойлан!
Алкоголь шаһары
Мақал-мәтелдер шаһары
Пайдалы кеңестер шаһары
Қорытынды: Бағанадан бері сен денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдың.Ал енді сен менің атымның мағынасын айтып бере аласың ба?Егер біле білсең,Шымырбек деген – салауатты өмір салты.Міне,біз осындай қорқынышты шаһарды да аралап өттік.Сен ешқашан да Алкоголь шаһарының азаматы болмайтыныңа,әрі достарың мен жақындарыңа мүмкіндік бермейсің деп сенемін.Біздің саяхатымыздың соңында саған айтарым:
Біз саяхат жасаған ел шаһарларының ішінде қайсысы ұнағаны,қайсысы ұнамағаны туралы ата-анаңмен,бауырларыңмен бөлісіп,не білгеніңді ортаға саларсың. Менің ойымша, екеуміз уақытымызды босқа өткізген жоқпыз. Әрбір алған жаңа білімімізді келешекте тиімді пайдаланып,мәңгі дос болармыз деп үміттенемін!
Денсаулығың өз қолыңда екенін ешқашан да ұмытпа Сау бол! Сенің досың Шымырбек.
