Ағылшын тілі сабағында спорттық ойындарды пайдалану тәжірибем
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шижаға елді-мекені
№57 Елеу Көшербаев атындағы орта мектеп
шет тілі пәні мұғалімі Абишева Надежда Жумахановна
«Спортпен шұғылданғандардың ғұмыр бойы жетістікке
жету мүмкіндігі көп болады» Н.Ә. Назарбаев
Сабақтың презентациясы: Ағылшын тілі сабақтарында спорттық ойындарды қолдану. Презентация
Спорт – еріксіз тартып қызықтыратын, жанкүйері көп мықты сала. Әлемдік деңгейде Бейбітшілік елшісі ретінде ескерілетін спорт – тек денсаулықты шыңдаушы құрал ғана емес, спорт бұл күнде елдің елдігін, ердің ерлігін танытатын нәрсе.
Спорт керемет өнер, терең ғылым, спорт-сарабдал саясат. Спортты сүймейтін бала жоқ. Сондықтан ол сабақ барысында да жақсы көмекші бола алады. Топ аралық сайыстар өткізгенде топ басшысының білімдерін сынау үшін мен «аударыспақ»- ойынын ойнатамын. Біркелкі тапсырманы бірдей уақытты орындаған екі топ басшысының үстемдеу болғаны білекті жеңімпаз болғаны.
Мәтінді бекіту үшін балаларға қойылатын сұрақты конверттерге жасырып бір қыз бала оқушыны ортаға шақырамыз, қыз қуу ойнатамыз Сыныптасының достық белгісімен қолын қысқысы келген оқушы конверттегі сұрақтарға кезегімен жауап береді. Жауап бере алмаса құрбысының қамшысын жейді. Жаңа сөздерді жаттатқанда ойыншы сынына сәйкес волейбол немесе футбол ойнауға болады. Қарсы команда қойған сөздің қазақша немесе ағылшынша аударымын білмей қалған топ өз қақпаларына гол салдырып алған болып есептеледі. Жеке оқушыға қосымша сұрақтар қойылып немесе тапсырмалар бергенде «Альпенист» ойынын ойнаймыз. Барлық тапсырманы орындаған оқушы шыңды бағындырған мұзбалақ. Мұхиттың тереңіндегі маржандарды (әр маржанда бір тапсырма болады) теретін акваланг да сөз бөлімін көрсете алады. Тыңдап түсіну және суреттеу дағдыларын қалыптастыру үшін бір оқушы кез келген спорт түрін суреттейді. Түсінген оқушы спорттың атауын атайды. Балаларға беймәлім спорттың атауындағы әріптердің орнын алмастырып жіберіп сөз жасату да қызық. Сонымен қатар балаларға жеке конверттер арнап қойылды. Конверт сырттарына әйгілі спортшылардың суреттерін жапсырып қойдым. Бұның өзі балалардың құлшынысын арттырады. Олар тапсырманы түгел орындауға ұмтылады. Әрбір 5-ші сыныппен алғашқы танысып, оларға ағылшынша ат қоюды әдетке айналдырдым. Мыс: Сақыпжамал-Shirley
Ақгүл – Adatha
Назерк е- Nora
Еркегүл – Elenora
Ғалымбек – Gilhert
Дәуітбек – Donald
Самат – Sammy
Бұлардың ішінде Zorro, Jan-Claude, Michael Arnold сияқты есімдерге де ерекше қуанады. Жоғарғы сыныптар өз сөздерін қорларын пайдаланып дебат, пікірталас өткізе алады. Ондайда Көкпар ойынын ойнауға болады. Талқыланатын мәселені қағазға жазып екі топ ортасына тасталса, сол тақырыпты аша алған топ көкпарға иелік еиеді. Спорт – намысқойлыққа, биіктікке, достыққа, төзімділікке, көпшілік болуға баулиды. Ал сыныптағы спорт ойындары да тез ойлауға, достыққа өзара әділ бәсекеге үйретері сөзсіз.
№ 57 Елеу Көшербаев атындағы орта мектебі
