Үйден оқитын балалармен жұмыс

Қызылорда  облысы,   Арал ауданы, Шижаға елді-мекені
№57  Елеу Көшербаев атындағы  орта  мектеп
шет тілі  пәні  мұғалімі  Абишева Надежда Жумахановна

Сабақтың презентация нұсқасын көшіріп алу:  Үйден оқитын балалармен жұмыс. Презентация
Үйден оқитын балалармен, яғни денсаулығы мектеп қабырғасында білім алуды көтермейтін балалармен жұмыс істеу барысында жинаған аздаған тәжірибеммен бөліскім келеді. Менің практикама тумысынан жүрегі ауыратын оқушы баламен жұмыс жасау сәйкес келді. Бірнеше операцияны басынан кешірген, әлсіз, ең қиыны – анық дыбыстай алмайтын Асылханға осы оқу жылының қыркүйегінен бастап сабақ бере бастадым. Ең әуелі баланың жалпы білім деңгейін, дүниетанымын анықтап алғым келді. Зерттеу барысында анықтағаным:

+

  • Бала компьютермен жұмыс жасай біледі

 

  • Әдемі киінгенді ұнатады

 

  • Әр түрлі қалаларда болған

 

  • Ұялы телефонды қолдана біледі

 

  • Ағылшын әріптерін жақсы таниды
  • Қазақ тілінің өзінен кей әріптерді білмейді
  • Өз – өзіне сенімі аз

 

  • Жүргізіп оқи білмейді

 

  • Түсінігін ауызша немесе жазбаша түрде бере алмайды.

Зерттей отырып 6 – шы сынып бағдарламасын бұл оқушыға арнайы жеңілдетіп қайта жасадым.

Мектептегі сабақтың өту барысы мен үйден оқитын оқушының сабақты қабылдауы екі түрлі. Әйтсе де, мақсат біреу. Ол – оқушыға білім беру.

Ең алдымен оқушының дұрыс дыбыстай білуді қалыптастыру үшін жәрдем беру керек. Ол үшін дыбыстауға жеңіл тиетін    және     дыбыстауға қиын әріптерді  анықтадым.

Aa                                                       Ff

Bb                                                       Gg

Cc                                                       Hh

Dd                                                       Jj

Ee                                                        Ll

Ii                                                         Pp

Kk                                                      Qq

Nn                                                       Uu

Mm                                                     Vv

Oo                                                       Xx

Rr

Ss

Tt

Ww

Yy

Zz

 

Оқушыға тақпақ үйреткенді осыны ескерген дұрыс. Оқушы тақпақ жаттағанды, ән айтқанды жақсы көреді. Бір тақпақты 3 – сабақ бойы қайталап барып, жаңасын үйретемін. Өлең жаттату өз нәтижесін беріп келеді. Текстті жүргізіп оқу, өз бетінше аудару, грамматикалық жаттығулар жасау – ол үшін қиын жүк.  Ол үшін тапсырманы басқатырғыш, сөзжұмбақ, суретпен жұмыс арқылы беремін. Мысалы:  Places – тақырыбында (      )

m

u

s

e

u

m

c

i

t

h

e

a

t

r

e

n

g

l

e

p

e

s

a

e

a

k

o

q

o

f

h

m

r

t

m

r

g

m

e

a

d

e

n

k

y

a

r

d

(орын атаулары жасырынған сөздерді тапты)

 

Суретпен жұмыс жасау.

I’m the baker

I’m the            – maker

 

My name is Mandy

I sell               , buns and

 

And this is my sister Roney,

She sells              ,                and

 

 

Ал жаңа сөзді жаттатқанда  – әріптеп айтуды үнемі ұмытпаймыз.

v  Сөзді білдіретін суретті көріп есте сақтайды, зат туралы ұғым алады.

v  Сөзді оқиды.

v  Біресе ағылшынша, біресе қазақша нұсқасын сұрау арқылы жекелеген сөздерді жаттайды.

 

Әрине, 6 – шы сыныпта оқитын балалармен салыстырғанда Асылханның шет тілін игеру деңгейі өте төмен. Бірақ бұл жерде оның денсаулығымен санаспасқа болмайды.

Келесі жылы арнайы осы оқу үшін жасалатын оқу жоспарына мақал – мәтел, жаңылтпаштар және жұмбақты көптеп енгізгім келеді.

Бір артықшылығы оқушы компьютермен жұмыс жасай біледі және ғаламторды пайдалануды үйреніп жүр. Жүрек ауруының әсерінен ойнау, оқу, ойлау мүмкіндігі шектеулі, әлсіз, оқушы ауруды жеңіп шыққан адамдармен ғаламтор арқылы танысса өз – өзіне сенімі күшейеді деген ойымды ата – анасымен бөлістім. Оқу жылының соңында оқушының сынып жетекшісінен де, ата – анасы мен мектеп психологінен де ағылшын тілі пәніне оқушының қызығушылығы анық бар, нәтижелі, алға ілгерілеушілігі көрініп тұр деген баға алдық.

 

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше