Сыныптан тыс жумыс

№ 39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сейілханова Шынар Аманғосқызы
Тәрбие сағаты:
«Ел ұмытпас өзіңдей батырларды, аңыз болып жыр болып атың қалды!»
Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірі, соғыс
жолдары, батырлығы мен еңбектері туралы
кеңінен мәлімет беру. Батырдың ерлігі,
қаһармандығы, жазушылығы туралы айта
келіп, оқушыларды Отанын сүюге, оны
қорғауға, еңбек сүйгіштікке,
ержүректілікке, батылдыққа, адалдыққа
баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспа, эпидоскоп,
теледидар,бейнетаспа «Ерлік ел мұрасы»
атты кітап көрмесі, батырдың суреті,
нақыл сөздері.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
Ел ұмытпас өзіңдей батырларды,
Аңыз болып, жыр болып атың қалды.
-Ол кім болған?
-Алдымен еске түсірейікші, кім деген батырларды     білеміз?
Кез-келген жай адамға берілмейтін «Ғасыр адамы» атағына ие болған, әйгілі қолбасшы, халық батыры, Кеңес Одағының батыры атанған. Бауыржан Момышұлының өмір жолдарымен танысамыз. (Интерактивті тақтадан көрсету)
Сендер Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?
Бұл кісі тірі болса 95 жасқа келген болар еді.
Тағдыр маған дарытпады көктемін
Ұқтым бәрін, өмір деген өрт дедім!
Дұшпандардан көп атылды маған оқ!
Тағдыр әділ-менің оған өкпем жоқ!
Деп батыр өзі жырлағандай, оның 50 жылдығы тойланбай өткен, 60 жылдығы жасырын тойланған, 80 жылдығы Оңтүстік Қазақстандағы Түлкібас ауданы тойлады, бірақ батыр өзі көрген жоқ.
Енді міне:
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ айтар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде
деп Бауыржан Момышұлының өзінің көріпкелдігінен жазып кеткеніндей 95 жылдығы қарсаңында ол туралы газет-журналдарға жазып, телеарналардан хабарлар көріп жатырмыз. Егеменді еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсан күні қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Әкесі Момын молда болған. Оның ауылы мектепсіз болып, көршілес ауылдың орыс мектебінде әліппені орысша бастаған. Оның білім алып, ақындық жолға түсуіне әжесі мен әкесінің көп септігі тиген. Бауыржан Момышұлы кішкене кезінде-ақ өлеңдер жазған. Ұстазы Отарбаев Тәңірберген оған «Сенен ақындықтың иісі шығады» деген. Бала кезінің өзінде де оның мінезі бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын болған. Мысалы: (Үнтаспадан жіберу).
Ойыннан келсем әжем жаңа ғана қаймақ шайқап болып, түскен майды сығып жатыр екен.
-Әже, май бер, дедім.
-Тұра тұр қалқам- деді әжем
-Майды қылшықтап, тұздайын содан соң жейсің – деді.
-Жоқ, маған қазір бер, деп қиғылықты салдым.
-Мә, ендеще, -деді әжем қатуланып, майды табағымен берді.
Тұздалмаған, қылшықталмаған майды жеп-жеп ауырып қалдым, содан кейін май жемейтін болдым.
Бұл жерде батыр ағамыздың бала кездің өзіндегі қандай мінезін байқаймыз?
Жеті жылдық білім алып, біраз уақыт мұғалім болған. Сөйтіп жүріп 1932 жылы әскер қатарына шақырылды. Онда бір жарым жыл міндетті қызметін атқарып, командир атағын алды. Ауылына қайтып оралып, әр түрлі қызметтер атқарды. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. Соғыста ол взвод, рота командирі болды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал Панфиловтың (суретін көрсету) басшылығымен 316 атқыштар дивизиясының құрамында болып майданға аттанды. Осы кезде батырлық атағы алысқа таралды. Соғыс аяғында полковник шеніне жетті.
(Интерактивті тақтадан көрсетіп отыру)
1944 жыл «Қызыл ту»
1945 жыл «Қызыл жұлдыз» (2 рет)
Ордендерімен марапатталды.
Соғыс кезінде елінің тәуелсіздігі, халқының намысы үшін күресіп жүріп, күнделік жазды. Осы қысылтаяң уақытта 1944 жылы 13 ақпанда «Солдат әні» атты өлеңінің сөзін жазған (Үнтаспадан тыңдату).
Бауыржан Момышұлы адал, ержүрек және өте қатал болған, бірақ күлкілі әңгімелер айтып, қыңыр мінезімен күлдіріп отырған.
Мысалы: (Оқушыға оқыту)
Бір топ азаматтар Б. Момышұлымен суретке түсіпті де суретшіге үстіне «Қазақ халқының батыры» деп жазғызып бір суретті Бауыржанға беріп жіберіпті. Сонда ағамыз суретшіге бір қарап «Маған Халық Батыры атағын қашан беріп едің» -деп суретті қайтып беріпті.
Бұл жерден Б. Момышұлының қыңыр , қырсық мінезін көруге болады.
Батыр өз мінезі туралы:
Мен бір жан өмірімнің өзі дастан,
Ыстық, суық, ғұламаның көзін ашқан
Көктемдей құбылмалы мінезім бар,
Мейлі күлл, мейлі илан
Мейлі жасқын – депті.
Ол Ұлы Отан соғысынан кейін әскери – педагогикалық жұмыспен шұғылданып, Кеңес армиясы әскери – академияда сабақ береді. 1956 жылы полковник шенімен зейнеткерлікке шықты. Ол әскери жағдайлар туралы орыс – қазақ тілдерінде кітаптар жазды. (Оқушы кітап көрмесімен таныстырады)
Б. Момышұлы өмірден келтіріп көптеген мақал-мәтел, нақыл сөздер жазған. (Интерактивті тақтадан оқушыларға оқыту)
1. Ердің туы – намыс.
2. Ерлік-елдің қасиеті
3. Ерлік елеусіз қалмасын.
4. Опасызда Отан жоқ.
5. Өмір үшін өлгенше күрес.
— Өздерің ерлеу туралы қандай мақал білесіңдер?
Ақын – жазушылар да Б. Момышұлы туралы көптеген шығармалар жазған. (Оқушы кітаппен таныстырады)
60 жылдығының қарсаңында 1970 жылы Еңбек Қызыл Ту, 1980 жылы Халықтар достығы ордендерімен наградталды. Ол 60 – қа толғанда жолдасы Ғаникамал дүниеден өтіп, Жамал атты апаймен бас қосып Алматыда тұрған. Батырдың баласы Бақытжан Момышұлы, келіні Зейнеп Ахметова, немересі Ержан Алматыда тұрады. (Интерактивті тақтадан суретін көрсету)
1982 жылы 10 маусымда Отанының адал ұлы, атақты жауынгер, аяулы жан Бауыржан Момышұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болады.
Оны Алматының күншығыс жағындағы тау басына жерлеген (Бейітін көрсету).
Батыр өмірден өткен соң, 1990 жылы 11 желтоқсанда бұрынғы Кеңес Одағының кезіндегі басшымыз М.С. Горбачевтің атыменбатыр атағын беру туралы жарлық шығып, «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Баласы Б. Момышұлының үйіне елбасшымыз Н. Ә. Назарбаевтың өзі құттықтап жедел хат жіберген.
Батырымыз дүниеден өтсе де , оның аты өлген жоқ, ұмытылмақ емес.

Қазір Тәуелсіз еліміздің түкпір-түкпірінде оның атағына еліктеп, атын алған кішкене Бауыржандар көп, олар да соған ұқсамақшы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше