Без рубрики

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.   

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Дамытушылық  Тәрбиелік
Паскаль программасының құрылымын, орындалу реті, қолданылатын түйінді сөздер, тілдің алфавитін түсіндіру, таныстыру, көрсету, үйрету Танымдық қызығушылығын, логикалық ойлауын дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру Өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру сабағы

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, талдау.

Сабақ жабдығы: ДК, Турбо Паскаль программалау тілі, слайдтар, интерактивті тақта, электронды оқулық

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. Жаңа сабақты баяндау

  3. Тапсырмалар орындау

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма беру

Үй жұмысы:  Компьютерде есеп шығару кезеңдері

Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы тақырып бойынша тест сұрақтары.

1) Көздеген мақсатқа жету үшін ережелер тізбегі;

А) алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, нәтижеге жету үшін берілген түсінікті және нақты нұсқаулар.

В) нәтижеге жетуге арналған командалар

С) есеп шығаруға арналған жиын

2) Алгоритмнің қасиетіне жатпайды?

А) жалпылық                                      Б) анықтылық

Ә) дискреттілік                                   В) жарамдылық

3) Кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен орындалатын алгоритм.

А) циклдық                                             Б) тармақталу

Ә)сызықтық                                           В) көмекші

4) Ромбы белгісімен… сипаттайды:

А) көмекші алгоритмді шақыруды

Ә) алгоритмді бастауды

Б) деректерді енгізуді

В) шартты тексеруді

5) Алгоритмді құру жолдары.

А) ағылшын тілде, программалық тілде, сызба түрінде

Ә) суреттер арқылы, сөзбен, математикалық  тілде

Б) көмекші тілде, математикалық тілде, программа бойынша

В) табиғи тілде, алгоритмдік тілде, блок схема түрінде, программалау тілінде.

6) Алготимдік командалары … деп бөлінеді.

А) күрделі және жай

Ә) жай және құрама командалар

Б) компьютерлік және адамдарға арналған

В) көпжолды және керісінше

7) Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм-.. деп аталады.

А) қайталану алгоритмі

Ә) сызықтық алгоритм

Б) тармақталу алгеритмі

В) көмекші алгоритм

8) Циклдық алгоритм … деп екіге бөлінеді.

А) арифметикалық және қадамдық

Ә) көп және аз қадамдық

Б) қадамдық және итерациялық

В) бір және көп қадамдық

9) Алгоритм мен программаның қандай айырмашылығы бар?

А) ешқандай айырмашылығы жоқ

Ә) алгоритм адамдар үшін ал программа ЭЕМ үшін жазылады

Б) алгоритм түсінікті программа өте күрделі

В) қасиеттері бойынша

10) Компьютерде есеп шығару неше кезеңнен тұрады

А) 5

Ә) 3

Б) 7

В) барлығы дұрыс емес

Тесттің дұрыс жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А В Б В В Ә Ә А Ә Б

Бағалауы: 9-10 дұрыс жауап үшін «5» бағасы қойылады

8-7 дұрыс жауап үшін «4» бағасы қойылады

4-6 дұрыс жауап үшін «3» бағасы қойылады

3-тен төмен жауап үшін «2» бағасы қойылады.

Жаңа сабақ бойынша

Паскаль тілін 1968 — 1971 жылдары Швейцария ғалымы Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған.

Паскаль тілінің:

—          Қарапайым;

—          жұмыс жасауға тиімді;

—          Барлық ДК осы тілде жұмыс істей алады;

—          Компьютерде программаны тексеруге болады;

—          Жіберілген қатені түзету оңай.

Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады:

  1. Тақырып
  2. Сипаттау бөлімі
  3. Операторлар бөлімі
Program Bactay;
Сипаттау бөлімі
Begin
Операторлар бөлімі
End

Тіл ерекшеліктеріне  қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

атаулар (идентификатор);

цифрлар;

айыру белгілері;

арнайы символдар.

  • Атау символдары  ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен  араб цифрлары қолданылады.

A  B C D E F G H  I  J M N O P Q  R  S T U V  W X Y Z

a   b  c d  e  f  g  h   i j  m  n  o  p  q  r   s  t  u  v  w   x  y  z

және астын сызу таңбасы ( _ ) қолданылады.

Бас әріптер мен кіші әріптердің маңызы бірдей  болып есептеледі.

Атау ретінде ASCII- код кестесінің  негізгі символдары (латын әріптері) пайдаланылады, ал ол кестенің қосымша бөлімінің  символдары(қазақ,орыс, араб, т.б ) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа-жоғарғы үтірге («) алынған  тұрақты сөз  тіркестері немесе пішінді жақшаларға  алынған түсініктеме  ретінде ғана кездеседі.

  • Ондық цифрлар: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 сан таңбалары.

Оналтылық  цифрлар  ондық цифрлардан  және А-дан  F-қа  дейінгі латын әріптерінен  тұрады.

  • Арнайы символдарға  пунктуация  және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық  операция амал белгілері:

(+) қосу;              (*) көбейту;

(-) азайту;            (/)  бөлу.

DIV- бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 DIV 3 амалының нәтижесі 3-ке тең.

MOD – қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 – нәтижесі 1-ге тең.

Логикалық амал белгілері:

AND – және (логикалық көбейту) операциясы;

OR  —  немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT – емес (логикалық теріске шығару) операциясы;

XOR – арифметикалық немесе амалы

SHL – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру

SHR — биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру

Пунктуация  белгілерінің атқаратын қызметтері көрсетілген кесте

Белгілері

Атқаратын міндеттері

{және} немесе (* және*) Түсініктеме мәліметтерді жақшамен беру
[және] Жиым элементтердің индекстерін және жолдың  ұзындығын көрсету белгісі
(және) Өрнектерді және параметрлер тізімін бөліп көрсету белгілері
 ` (апостроф) Символдың және тіркестің тұрақтыларды белгілеу таңбасы
: =  (меншіктеу) Айнымалылардың немесе типі көрсетілген тұрақтыларға мән беру,яғни меншіктеу белгісі
; (нүктелі үтір) Операторларды бір-бірінен ажырату белгісі
: (қос нүкте) Обьектілерді типтерге ажырату және операторларға  белгі салу таңбасы
 =  (теңдік) Тұрақтылардың  мәнін көрсету және салыстыру белгісі
, (үтір) Тізімдегі элементтерді бір-бірінен бөліп көрсету белгісі
..(екі нүкте) Диапазонның шекарасын көрсету
. (нүкте) Программаның соңын белгілеу,санның бүтін және  бөлшек бөліктерін ажырату белгісі
@ Айнымалылардың, типі көрсетілген тұрақтылардың  адрестерін белгілеу
# (нөмір белгісі) Символды коды бойынша белгілеу
$ (ақша белгісі) Компилятор директивасын немесе он алтылық  сан белгісін көрсету
  • Айыру белгілеріне:
  1. бос орын
  2. барлық басқару символдары
  3. тыныс белгілері
  4. ЕNTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі
  5. түсініктемелер жатады.

Айыру белгілері атауларды, сандарды мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын түйінді сөздері бір-бірінен бөліп тұрады. Түсініктеме {және} немесе (және) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін.  Компиляторға арналған директива (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдында $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.

Сонымен, айыру белгілері : (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүктелі үтір); `(апостроф); (,); [,] ;  {,}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:

  1. = (тең)
  2. <> (тең емес)

  3. < (кіші)

  4. > (үлкен)

  5. <= (үлкен емес, ≤ таңбасының орнына)

  6. >= (кіші емес, ≥ таңбасының орнына)

Паскаль тіліндегі түйінді сөздер үш топқа бөлінеді.

v     Қордағы (резервтегі) сөздер (жалпы саны 80-нен астам)

v     Стандартты атаулар немесе идентификатор

v     Бейстандарт идентификаторлар.

Тапсырма орындау

№1 Төмендегі арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:

Паскаль тілінде жазылуы: (5.2-3.5)*(4.8-1.5)/(2.25+5.24);

№2

25 санын 3-ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңдар.

Шешуі: 25 div 3 = 8

№3

42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар

Шешуі:  42 mod 5 = 2

Сабақты бекітуге: Бақылау сұрақтарын қоямын.

  1. Паскаль тілін ұсынған ғалым кім және қай жылы?

(Паскаль тілін 1968 — 1971 жылдары Швейцария ғалымы Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған)

  1. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады? (Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады)
  2. Символдар тобын шартты түрде қандай топтарға жіктеуге болады?
  3. Пунктуация  белгілерінің атқаратын қызметтері
  4. Паскаль тіліндегі түйінді сөздер неше топқа бөлінеді және ата.

Үйге тапсырма: 2.1; 2.2 тақырыптарды оқып келу

Паскаль тілінің дербес компьютерлерге арналған нұсқасының қордағы сөздері

Ағылшынша Қазақша Ағылшынша Қазақша
absolute абсолюттік label белгі
and логикалық  ЖӘНЕ library кітапхана
array жиым  (массив) mod бөліндінің  қалдығы
asm ассемблер nil болмау (бос болу)
bedih блок басы not логикалық  ЕМЕС
case нұсқа (вариант) or логикалық НЕМЕСЕ
const тұрақты (константа) of одан (-дан, -ден, -тан, -тен)
constructor конструктор odject объект
div бүтін бөлу packed тығыздалған
do to ауысу (көшу) procedure процедура
do орындау, атқару prodram программа
downto кішірейту record жазба
destructor деструктор (бұзушы repeat қайталау
else әйтпесе set жиын
end блок соңы shl биттерді солға ығыстыру
exports экспорт (жіберу) shr биттерді оңға ығыстыру
external сыртқы strind Қатар (жол)
file файл then онда
for үшін to үлкейту
forward алдыңдағы tupe тип (түр)
finction функция unit модуль
if егер until дейін (шейін)
implementation жүзеге (іске) асыру uses пайдалану
in ішіндегі (ішіне ену) var айнымалы
inline негізгі while әзірше, болмайынша
interrupt кідірту (үзу) with -дан, -ден, -тан, -тен
interface интерфейс xor Алып тасталынған
inherited мұралу (қабылдау)    

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.