Күзгі бал

Қостанай облысы, Рудный қаласы
№ 19 орта мектептің жарты күндік шағын
орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы. Еңбек өтілі 11 жыл

Тақырып: Күзгі бал
Мақсаты : Балаларға жыл  мезгілдерінің   айырмашылығы мен  зор  байлықтары туралы  толық  түсіндіру.  Әр мезгілдің  өз  қызығы мен  сәні бар екенін ұғындыру. Күз  айлары-   ның  халыққа  молшылық  алып  келетінін , қуаныш  сыйлайтынын  жеткізу.Балаларды     бір –біріне сыйластықты , ауызбіршілікті болуға шақыру.Өнерге  деген   қызығушылық-    тарын ояту  және  сөз қорларын байыту.
Көрнекіліктері: Жапырақтар, жемістер, көкөністер маскалары. Шарлар, гүлдер,   жемістер.

Ертеңгілік барысы:

Жүргізуші :Құрметті ата-аналар , ұстаздар сіздерді бүгінгі  өлкеміздің  «алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан осы күз  мезгіліндей  молшылық тілейміз!

 

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін алыпты.

Ақ үзіктер жауыпты.

 

Сахнаға күз қаншайымы келеді.(қолында жеміске толы себет,үстінде толы сары

жапырақ,басында жеміс тағылған шляпа)

Сәлеметсіңдерме балалар , ата-аналар, ұстаздар! Мен мына жақтан өтіп бара жатқан  едім. Сендердің  дауыстарыңды есітіп  келдім. Мен жалғыз емеспін , қасымда менің туыстарым да бар , олар: қыркүйек , қазан, қараша.Сендер бұлар туралы  жақсы  білетін  шығарсыңдар.

Жүргізуші : Күз ханшайымы қош келіпсіз! Сіздерге әрдайым  есігіміз айқара ашық. Біздің бүлдіршіндеріміздің сізге  деген жылы  ықыласын қабыл алыңыз! Біз балалар енді күзге    өз өнерімізді көрсетейік.

Қане енді біздің бүлдіршіндеріміздің әдемі де тартымды ән, тақпақтар, би, ойындарын тамашалаңыздар!

Тақпақтар : жеміс –жидектер, көкөністер.

Алма-Ақгүл

Алма ,алма дейсің,

Алма әкелсем  жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай  жеме.

 

Әңгелек –Мұқағали

Сары алтындай , әңгелек,

Қандай  тәтті әңгелек.

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Балың да оған жетпейді.

Бақшада көп әңгелек,

Добымыздай дөңгелек.

 

Қарбыз –Елнар

Теңбіл – теңбіл қарбызды,

Тентек Серік жарғызды.

Сонан соң, оны жеді

Жеді де былай деді:

-Сүйек болмаса , еті,

Неткен тәтті еді.

 

Шие –Ақгүл

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

 

Құлпынай – Шолпан

Жапырақта тасалап,

Өскен жері бақша – бақ.

Күрең қызыл шіркін –ай,

Оның аты- құлпынай.

 

Жүзім –Ару

Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп  мәзбіз біз енді.

Қоңырауы күмбірлеп,

Қыркүйекте күз келді.

 

Күз қаншайымы:   Балалар сендер көптеген  менің  жемістерім , көкөністерім  туралы  тақпақтар біледі екенсіңдер  ғой. Қандай тамаша!

Жүргізуші :балалар енді біз күз қаншайымына өз өнеріміздің барлығын көрсетейік.Ән , биімізді тамаша етіп тарту етеміз.

Хор : «қошақаным» музыканың  сүйемелдеуімен.

Би :«еркесылқым» орындаушы  Серікбаева Назкен

Ән : «ертегілер» орындаушы Төлегенова Бибігүл

Тақпақтар : күз туралы

Арай

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырады алтын күз.

Сайрандады күліп – ойнап,

Келді міне алтын күз.

Феруза

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

Сабина

Үйрек , үйрек ,қаздары

Шулайды көл қоғалы.

Дәурен етіп жаздағы,

Күздің желі соғады.

Б . Айгерім

Сарғаяды жапырақтар,

Күзде келіп қалыпты.

Қатаяды топырақтар,

Жазда бітіп қалыпты.

Айсұлтан

Сары алтындай алтын күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек –шелек балымыз,

Ағыл – тегіл ағымыз.

 

 

 

 

Аружан

Қыс –құнар береді,

Көктем – дән себеді.

Жаз –бастап өсірсе,

Күз –жинап береді.

Қырмызы

Алтын ,сары ,қызыл, көк,

Алуан –алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Нұржан

Қарашы күз келді , күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Қазбек

Күз айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Жапырақ сарғайып,

Жерге түсе бастады.

Аманжол

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап –қап қауын алдық біз.

Д .Айгерім

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Ерсұлтан

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

 

Алибек

Бұлт ағады аулаққа,

Күз келіпті бау –баққа.

Жаздай піскен жаңғақта,

Шашылады жан-жаққа.

 

Берікбол

Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық – айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән симайды.

 

 

 

 

 

 

Ән «ойыншықтар» музыканың сүйемелдеуімен орындаушылар:                                                               Мейримханова Арай

                                                            Серікбаева Назкен

Абдисаматова Ақниет

Алдияров Нуржан

Бибитов Берік

Оразова Шолпан

Топ биі «қаражорға» Жұманазаров Мұқағали

Жолдасов Ержан

Серікбаева Назкен

Алхожаев  Елнар

Жиенбек Аяулым

Оразова Шолпан

 

Күз қаншайымы :  Балалар сендердің өнерлеріңді көріп таң –тамаша болдым. Сендер   әнде де, биде де, ойында да  өнерлі екенсіңдер. Мен енді сендердің ата –аналарыңның өнерлерін тамашалағым келіп отыр.

 

Жүргізуші : Қане ата –аналар арасынан күз қаншайымына өз өнерін көрсетем дегендер  бар шығар.

 

Бикамал апай ән орындайды «құстар қайтып барады»

 

Ойын : «йогурт жеу» 3-бала 3-ата-ана ( аналарына балалары йогурт жегізеді.)

Ойын шарты: йогуртты төкпей, тез жегізу керек.

 

Би  «шнап-шнап» орындаушы Бердибекова Балнұр

 

Күз қаншайымы : « Балалар , менің кететін уақытым таяп қалды. Сендермен болған   қандай жақсы, бірақ амал жоқ.Себебі менің туысым « Қыс» та жақындап қалыпты. Ол да сендерге көптеген жақсылықтар алып келеді.Ал ендеше келесі жылда аман –есен көріскенше сау-саламатта болыңдар! Менің сендерге деген сыйлықтарымды алып қалыңдар.(жемістер тарату)

 

Жүргізуші :Балалар , ата-аналар, ұстаздар ! Осымен бүгінгі шағын ғана күзгі  балымыз аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше