Кішкентай арулар сайысы

                                           Қыз аруы

 1-бастауыш: 

Наурыз күні-Ана күні, әлем күні

Әлемді тебірендірер ана үні

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

2- бастауыш: Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақдақтар,  қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар,  көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

1- бастауыш: Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы  көктем  Аналар мерекесіне арналған «Қыз аруы» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын , біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

2-бастауыш: ____________________________________________________________


1-бастауыш:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Мерекесі халықтың,

Көктем тойын бастайық.

Көктем тойға арналған,

Сайысты біз бастайық.

2-бастауыш:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға аруларды шақырамыз. ( «Қыз сыны» әуені орындалады.)

І кезең «Таныстыру»

1-бастауыш:

Кішкене арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға,-дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

 

 

 

 

 

ІІ кезең «Шебер қолдар»

2-бастауыш:

«Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан кемде кем емес сияқты. Ою ойып болғанша  Арсеннің орындауында әсем ән тыңдайық!

 

 

ІІІ кезең «Білім сайысы»

1-бастауыш:  «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»  демекші,сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың салт-дәстүрге байланысты білімін  сынайық. /Плакатта гүлдің суреті, қыздар гүлдің біреуін үзіп, артындағы сұрағына жауап береді/

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
  2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

  3. Наурыз көже қалай дайындалады?

  4. Ұзынсары дегеніміз не?

  5. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

  6. Бала мектеп табалдырығын аттағанда жасалатын той қалай аталады?

  7. Тұсау кесу туралы айт.

8.  Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт.

9.  Төрт түлік туралы не білесің?

  1. Қасиетті сандар туралы не білесің?

ІҮ кезең «Бесік жырын айту»

2-бастауыш:

Жаңарған сананың

Ұмытпады мұны кім?

Ата-салты бабаның

Алып келді осы күн.

1-бастауыш: Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын айтып берсін.

ҮІ кезең «Ептілер»

1- бастауыш:  Бұл кезеңде арулар өздерінің ептіліктерін көрсетеді. Бір ыдыстағы суды, қасықпен төкпей, тез екінші ыдысқа тасу.

ҮІІ кезең «Өнер сайысы»

2- бастауыш:

Көркемөнер- жас бөбек,

Сүйкімді болар бақпаса,

Тортасын алған балқаймақ,

Бойына сылау жақпаса

Үлпілдеген қызыл шоқ,

Басына үкі тақпаса,-дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ кезең «Үй тапсырмасы»

1-бастауыш: «Ас-адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен қол өнеріне байланысты жасаған заттарын таныстырады.

2-бастауыш: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады » демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.


 

1-бастауыш:  Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін  байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау/

2-бастауыш:

Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

1-бастауыш: -Осымен Аналар мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше