Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Алматы облысы, Аксу ауданы, Кенжыра ауылы
Кенжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы
информатика пәні мұғалімі Өтеген Ербол Өтегенұлы
Сабақтың тақырыбы: Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу туралы түсініктерін қалыптастыру, Блокнот бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және калькулытормен жұмыс істеу тәсілімен білімдерін толықтыру. 2. Дамытушылық: Оқушылар өздігінен жұмыс істеп, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын топ алдында ашық айта білу. 3. Тәрбиелік: Тәртіпті сақтау ісін тәрбиелеу. Тыңдау және тыныш отыру ісін тәрбиелеу. Информатика пәніне деген оң қөзқарас пен қызығушылығын тәрбиелеу.
Өткізу тәсілі: «Көңілді балық аулау» ойының ұйымдастыру Сабақ типі: аралас
Көрнекілігі: Компьютерлер, электронды оқулық, карточкалар, кроссворд, дискета, «қиялдағы көл», қармақ, тақта, блокнот, калькулятор
Сабақ жоспары:
- 1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
- 2. Үй тапсырмасын қайталау (7 мин)
v Ойын шарты, екі командаға бөлу
v Командаға ат қою, кім бастайтынын анықтау
v Алғашқы «Дағдылану» конкурсы
v Екінші «Балық ұстау» конкурсы
v Бірінші мен екінші конкурстар қорытындысын шығару
v Дене шынықтыру минуттар (физкультминутка)
- 3. Жаңа сабақ (10 минут)
v Сабақты түсіндіру, электронды оқулық тыңдау
v Оқушылардың сабақты түсінгені туралы мағлұмат алу (сұрақ- жауап)
- 4. Практикалық бөлім (15 минут)
v Мақсатты түсіндіру
v Үшінші конкурс «Кроссвордты шешу»
v Төртінші конкурс «Кім жылдам»
v Бесінші конкурс «Блиц-сұрау»
v Алтыншы конкурс «Кім ізденімпаз»
- 5. Сабақтың жалпы қорытындысын жасау
- 6. Үйге тапсырма § 6,1; 6,2
- 7. Оқушыларды бағалау
- 1. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау соғылды. Мен дайындықтарыңды күтіп отырмын. Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар. Балалар, сендер «WordPad» мәтіндік редакторы тақырыптарын өттіңдер. Осы тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді пысықтап шығайық.
- 8. Үй тапсырмасын қайталау (7 мин)
v Ойын шарты екі командаға бөлу, команда капитандарын тағайындау.
Ойын шарты:
Қайталауды басқаша өткіземіз. Біз «Көңілді балық аулау» ойының бастаймыз. Ол үшін екі командаға бөлініп, команда капитандарын сайлаймыз. (Оқушылар парталарға бөлініп отырады).
Ойын конкурстардан тұрады. Әрбір конкурс үшін команда белгіленген ұпайлар санын алады. Бір ұпай (балл) үшін қағаздан қиылған бір балық беріледі.
v Командалар атын тағайындау және ойынды бастайтын топ басшысын сайлау. («Шортан», «Жайын»)
Алғашқы «Дағдылану» разминка конкурсы
Тақтаға плакат ілінеді онда әртүрлі балықтар санын «WordPad» мәтіндік редакторының терезе элементтері бейнеленген. Балықтар санын, экрандағы элементтер атауларын атап шығу.
Екінші «Балық ұстау» конкурсы
Бұл конкурста балық ұстау керек, бірақ мұндағы балықтардың ерекшелігі бар. Әрбір балықтың өз нөмірі бар яғни балықта қойылатын сұрақ нөмірі болады. Ал сендердің жұмыстарың – сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Дұрыс жауап – 2 ұпай. Егер жауап жоқ болса немесе қате кетсе, онда команда мүшелерінің біреуі жауап береді де, мұндай жауапқа бір ұпай ғана беріледі. (балалар, «көлге бір – бірлеп келеді де, қармағын салып, бір балық ұстап, оның жазылған сұрағына жауап береді. Көл мен қармақ құрылымы кез – келген түрде жасала береді. Сабы бар ұзын жіптің ұшындағы қармақ орнына магнит байлап, әрбір балық суретін қыстырғышпен қысып қою керек, ол магнитке жақсы жабысады» сонымен сұрақтарды былай құрдым:
- WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосуға болады? (Жауабы «Іске қосу- бағдарламалар-стандартты- WordPad)
- Мәтіндік редакторды қалай жабу керек? (Файл – шығу)
- Қате терілген сөзді қалай алып тастауға болады?
- Жаңа құжатты қалай ашуға болады?
- Құжатты қалай сақтауға болады?
- Бас әріпті шығару үшін…
- Азат жолды шығару үшін…
- Мәтінді курсивный жазу үшін іс – әрекетін…
- Стандартты құрал – саймандарды ата…
- Пішімдеу құрал – саймандарды ата
Бірінші және екінші конкурстар бойынша қорытындысын шығару
Ал енді сендер «балықтарыңды санап, екі конкурс бойынша озаттарды анықтайық. Ал нәтижелерін тақтадағы турнирлік кестеге жазып қояйық.
Денешынықтыру минуттары. Физкульминутка
Сендер шаршаған шығарсыңдар. Енді аздап деп алып, кім түсініктерді ойында тыңғылықты сақтай алатынын тексерейік. Бұл ойын «3, 13, 33» деп аталады. 3 дегенде қолды созамыз, 1 десе қолды екі жаққа, ал 33 десе қолды жоғары көтеруіміз керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе қолын ауыстырып алғандар ойыннан шығады.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты бастамас бұрын «Блокнотты» көрсетіп оқушылардан не үшін керек екенін сұраймын, содан ары жалғастырып өздеріне түсіндіртемін.
- Блокнот не үшін керек?
- Оған не жазамыз? Т.б. сұрақтар қойылады.
Содан кейін іске қосу тәсілін айтып өтемін. Балалар, блокнотты не үшін пайдаланатынымызды білеміз, енді сол блокнот бағдарламасы бізде компьютерде бар. Оны іске қосу үшін
ПУСК ПРОГРАММЫ СТАНДАРТНЫЕ БЛОКНОТ
Терезе элементтерін өздеріне жаздырамын. Оқушылар компьютерден бір – біріне ақпарат тарату арқылы өздері дәптерге жазады.
Мүмкіндіктерін де өздері ойлау қабілеттерімен жазады. Содан кейін оқиды.
«Калькулятор» бағдарламасымен жұмыс істеу. «Калькуляторды көрсетіп сол арқылы қандай есептерді шығаруға болатынын айтып өтемін.
Іске қосу тәсілі
ПУСК – ПРОГРАММЫ – СТАНДАРТНЫЕ – КАЛЬКУЛЯТОР
Осыдан кейін команданы топ бойынша жарыстырамын.
Практикалық бөлім
v Мақсатты түсіндіру
v Үшінші конкурс «Кроссвордты шешу»
Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде «Кроссвордты шешу» берілген болған соларды өздеріне толтыртамын
v Төртінші конкурс «Кім жылдам» осында блокнот бағдарламасы бойынша берілетін карточкалармен компьютерде жұмыс, 1 – топ блокнот болса, 2 – топ калькулятормен жұмыс істейді одан кейін ауысып керісінше жұмыс істейді. Жасалынған жұмыстары бойынша оқушылар бағаланып отырылады. өздерінің дискеттеріне сақтап отырады.
v Бесінші конкурс «Блиц – сұрау» осында топ басшылары сұрақтарға жауап береді. Осында жалпы компьютерде өткен тақырыптар бойынша сұрақтар келеді.
v Алтыншы «Техникалық диктант» оқушылар диктант жазылған дайын карточкалар бойынша тиісті нүктенін орнына мәтінді жазып шығады.
|
5. Сабақтың жалпы қорытындысын жасау. Венн диаграмма бойынша оқушылар өздері сабақты қорытындылап шығады.
І – топ
ІІ – топ.
- 6. Үйге тапсырма § 6,1; 6,2
- 7. Оқушыларды бағалау
Калькулятордың инженерлік түрі
Калькулятордың
қарапайым түрі
Блокнот бағдарламасы
