Алматы облысы, Аксу ауданы, Кенжыра ауылы
Кенжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы
информатика пәні мұғалімі Өтеген Ербол Өтегенұлы
Сабақтың тақырыбы: «Еxcel- дегі деректермен жұмыс»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың «Еxcel- дегі деректермен жұмыс» тақырыпта түсініктерін қалыптастыру, Еxcel бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері туралы айту және деректер енгізу тәсілін үйретіп білімдерін толықтыру. 2. Дамытушылық: Оқушылар өздігінен жұмыс істеп, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын топ алдында ашық айта білу. 3. Тәрбиелік: Тәртіпті сақтау ісін тәрбиелеу. Тыңдау және тыныш отыру ісін тәрбиелеу. Информатика пәніне деген оң қөзқарас пен қызығушылығын тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас Көрнекілігі: Компьютерлер, электронды оқулық, карточкалар, кроссворд, дискета, тақта.
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин) Оқушыларға шығармашылық жұмыстың деңгейлерімен таныстыру, диск 3,5 А тарату, тапсырма қағаздарын таратып беру.
v І, ІІ, ІІІ – нұсқадағы деңгейлік талаптармен таныстыру. Үй тапсырмасын, Еxcel-кестелік процессорының мүмкіндіктерін , ауызша сұрақтарды жүргізу
v Барлық деңгейдің тапсырмалары бойынша жинақтап, тексеріп бағалау.
v Бой жазу кезеңі (көзге жаттығу)
- 2. Жаңа сабақ (10 минут)
v Сабақты түсіндіру, электронды оқулық тыңдау
v Оқушылардың сабақты түсінгені туралы мағлұмат алу (сұрақ- жауап)
- 3. Практикалық бөлім (15 минут)
- Мақсатты түсіндіру
- Тақтада ілініп тұрған кестені компьютерге түсіру
- 6. Сабақтың жалпы қорытындысын жасау
- 7. Үйге тапсырма § 11,2
- 8. Оқушыларды бағалау
І Ұйымдастыру кезеңі.
v Сабақ басталды. Оқушыларды түгендеп, бірден үй тапсырмасын пысықтап өтемін. Үй тапсырмасын пысықтау үшін оқушыларды екі топқа бөліп, «Брейн — ринг» атты ойынын өткіземін.
1 – Еxcel қандай редакторға жатады?
2- Еxcel –дің неше мүмкіндігі бар? 1-2 –ін ата.
4- Ұяшық дегеніміз не?
5- Бағанның саны қанша?
7 – Баған қалай белгіленеді?
8 – Жолдың саны қанша?
9 – Жолдар қалай белгіленеді?
10 – Еxcel – дің терезе элементтері?
13 – Еxcel –де қанша жұмыс кітабы бар?
15 — Бағанның ені мен жолдың биіктігін қалай өзгерте аламыз?
Жаңа сабақты түсіндіру.
v Электрондық оқулықты тыңдау.
Мәтін енгізу
Мәтін – кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді «’» символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін ұяшықтың сол жағында орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда мәтін экранда қиылады.
Сандарды енгізу
Ұяшыққа сандарды =, +, — таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілсе санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Еxcel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына ### символдарды қояды.
Формулаларды енгізу
Еxcel – де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметиалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула «=» таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек.
І – деңгейлік тапсырмалар компьютерде отырып орындалады.
ІІ – деңгейлік тапсырмалар тақтада ілініп тұрады
ІІІ – деңгейлік тапсырмаларды тақтада тұрады компьютерде орындалады
Тест тапсырмаларын үлестіріп беремін
Тапсырма 5 сұрақтан тұрады
- Excel электрондық кестесі программасының көмегімен мынадай әрекеттерді орындауға болады: (қате жауабын көрсетіңіз)
А) диаграмма тұрғызу;
Б) есептеулер жасау;
В) мәліметтер баспасымен жұмыс істеу;
Г) графикалық объектілерді енгізу;
Д) кесте кітаптары файлын өшіру;
- Электрондық кестеде бағананы қалай белгілейміз?
А) Қажетті бағана тақырыбындағы таңбаланған әріпте (А,В,С…) тышқанды шерту арқылы;
Б) бағанада тышқаннң сол жақ батырмасын жайлап жылжыту арқылы.;
- Ехсеl— 97 кестесіндегі жолдардың саны қанша болады?
А) 255
Б) 256
В) 16384
Г) 5
Д) 452
- Электрондық кестеге формулалар қалай жазылуы керек? (қате жауабын көрсетіңіз)
А)= теңдік белгісінен кейін;
Б) + қосу белгісінен кейін;
В) бос орыннан соң.
- Электрондық кесте ұяшығына қандай мәліметтер енгізуге болады?(қате жауабын табыңіз)
А) мәтін;
Б) сан;
В) формула;
Д) дата;
Е) графикалық объект.
Тесттің кілті
Тест |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Жауабы |
Д |
А |
В |
В |
Е |
v Кроссворд шешу.
Практикалық бөлім (15 минут)
Мақсатты түсіндіру
Тақтада ілініп тұрған кестені компьютерге түсіру
Сабақтың жалпы қорытындысын жасау
Үйге тапсырма § 11,2
Оқушыларды бағалау