Алматы облысы. Талдықорған қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы
№10 орта мектеп-гимназиясы
технология пәнінің мұғалімі
Шукеева Гульбану Кенжебекқызы
Сынып – 11
Сабақ тақырыбы: Соңғы өндеу жұмыстарын жүргізу.
Сабақ мақсаты:
— Соңғы өндеу жұмыстары туралы мәлемет беру, тақырып бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру.
— Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
— Ұқыптылыққа, тазалыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу.
Сабақ түрі: аралас
Құрал-жабдықтар: дәптер, қалам, үтік, бұйымдар
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезені: сәлемдесу, жоқтарын белгілеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру
— Ылғалды жылулықөңдеу қандай мақсатта жүргізіледі ?
— Техникалыққауіпсіздік ережесін ата .
— Үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
3.Жаңа сабақ
Шалбарға сонғы өндеу жұмыстарын жүргізу үшін келесі жұмыстарды орындау қажет; Шалбардың ортаңғы тігісінің төменгі жерінде астарлы матадан леяны (бекітуші) пайдаланған жағдайда, оны бекітеді.Лея шалбардың көп қажалатын жеріндегі ашық тігістерді жауып турады. Леяның бір шетін ортанғы тігістің үстіне келтіреді де, тігістің шетіне бекіте тігеді. Леяның үстінгі шетін откосок түймелікті өндеу кезінде төменгі шетіне біріктіріп тігеді. Қалған жерін ортанғы және адым тігістеріне қысқа, 1,0 см-ге дейін бекіту тігіс арқылы бекітеді.
Ары қарай теріс жағындағы уақытша жіптерді тазалап, ұштарындағы машина тігістерінің жіптерін қиып тастаймыз. Шалбардың алдынғы және артқы бөліктерінің бүктелген жерлерін және балақтың ауызын, шалбардың әрбір бөлігін тізеге дейінгі бүйір және адымдық тігістер сәйкес келетіндей етеді, қайырмаларын бүктелген қалпында 2 жаққа жазады, дымқыл астарлы қатырманы салып, адымдық тігіс жағынан шалбардың 2 – бөлігін де үтіктейді немесе престейді.
Шалбардың жоғарғы жағы престің арасында салбырап турады, престелмейді. Сосын жоғары жағын үтіктейді. Шалбардың алдынғы бүктелген жері жоғарғы жағындағы қатпарға сәйкес келуі керек, ал төменгі жағы алдынғы бөлігінің ортасымен өтуі тиіс. Жолды немесе шақпақты суреті бар матадан тігілген шалбарда бүктелген жер тік сызықпен дәл түсуі керек. Осы қалпында 2 бөлікті бірге үтіктейді.
Егер бұйымның оң жағында жылтыр пайда болса, оларды булау арқылы кетіреді. Ылғалды жылулық өндеуден кейін түймелігіне және белдікке түймелер қадайды. Белдіктегі, түймелігіндегі ілгектерді торлағанда, ілгектерді қадалатын түймелерге сәйкес келтіреді.
4.Жаңа сабақ бойынша оқушылардан сұрақ жауап арқылы түсініктерін сұрау
— Сонғы өндеу жұмыстарына не жатады?
— Ылғалды-жылулық өндеуді не үшін жасайды?
— Бұйымда жылтыр пайда болса, оны қалай кетіреміз?
— Бұйым шақпақты немесе суреті бар болса, қандай ережелерді сақтау қажет?
5. Сарамандық жұмыс
Соңғы өндеу жұмыстарын жүргізу.
6. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету, жою тәсілдерін қарастыру.
7. Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, баға қою.
8. Үй тапсырмасын беру. Дәрісті қайталау. Жұмыстарды бітіру.
9. Жұмыс орнын жинастыру.