Алматы облысы. Талдықорған қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы
№10 орта мектеп-гимназиясы
технология пәнінің мұғалімі
Шукеева Гульбану Кенжебекқызы
8 СЫНЫП Тақырып: Тамақпен байланысты жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары. Тамақтан улану.
Білімділік мақсаты: жұқпалы аурулар туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
Тәрбиелік мақсаты: тазалық гигиеналық талаптарды жетік білуге және оны сақтауға үйрету..
Оқыту әдісі: тусіндіру, әңгімелесу арқылы сабақты пысықтау
Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезені.
Оқушылармен амандасу, түгендеу;
Сабаққа дайындықтарын тексеру;
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бүгінгі сабақтың мақсаты жұқпалы аурулардан сақтану әдісін меңгеру. Адамның өмір сүрүін тамақтанусыз көзге елестету мүмкін емес. Тамақ қуат алу үшін, ұлпалардың түзілуі және қайтаданқалпына келуі үшін, сондай-ақ организімде физиологиялық процестердің жүруі үшін өте қажет. Егер адам тамақтану режімін бұзса, жеке бастың гигиенасын сақтамаса, онда асқазан-ішек жолдарының қалыпты қызметі бұзылуы және адамның әр түрлі жұқпалы ауруларға шалдығуы, сондай-ақ тамақтан улануы мүмкін. Сондықтан да әр адам жеке бастың гигиенасын сақтау қажет, көрінген жерден жеміс жидектерді басқа да жейтін заттарды алмау керек. Кейде сақтау мерзімі өтіп кеткен консервілер, жылы жерде сақталған сүт, сүзбе, өте көп турып қалған жұмыртқаларды пайдаланған кезінде улану мүмкін.Ішек жұқпалы ауруы- ішек аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар лас ыдыстарды қолданған кезде, көкөністер мен жемістерді тазартып жұмай жегенде сонымен қатар қір қолдан да жұғады. Шыбындарда ішек ауруларын таратушылар болып табылады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп адам организмін улайды.Қантышқақ (дизентерия), іш сүзегі, тырысқақ сияқты ішек аурулары адам өмірі үшін өте қауыпты. Сондықтан да аталған аурулардың алдын алу үшін ең алдымен жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау қажет. Ал егер асқазан- ішек жолдарының қалыпты жұмысы бұзылған кезде, дереу дәрігерге көріну қажет. Кәзіргі заманда өзіміздің қала көшелерінде өте көп бәліштер, самсалар, сонымен қатар шашлық та сатылып жатады. Ол тағам қалай әзірлегенін әрине біз білмейміз. Қарнымыз ашқанда сатып жейсаламыз. Соның өзі бір қателік, өйткені көшеде сатылатын тағамдар санитарлық талаптарын кейде сақтамайды, соның кесірінен адамдар тамақтан уланып жатады. Тамақ арқылы келесі микробтар адам организміне түседі. Ол сальмонеллаза, қаздың және үйректің жұмыртқаларында кездеседі. Сонымен қатар ет өнімдерінде, пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар сапасыз салаттарды пайдаланған кезде адам сальмонеллаза ауруына шалдығуы мүмкін. Осы ауруларға шалдықпау үшін санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, әсіресе аспаздық өнімдерді қажетті нормада ыстық өндеуден міндетті түрде өткізген дұрыс. Ал стафилакоктармен уланудан сақтану үшін сүтті қайнату, жұмыртқаның сапасын мұқият тексеру керек, сондай-ақ еріген балмұздақты қайтадан қатырып пайдаланбаған жөн. Тұрып қалған балықтарда және дұрыс стерилизацияланбаған консервілерде ботулинус микробтары тез көбейеді. Ол микроб адамның жүйке жүйесіне зақым келтіреді. 3.Сабақ қортындысы: Жаңа тақырып бойынша оқұшылардың игерген білімдерін тексеру
Қойылатын сұрақтар.
1. Ішек аурулар тұралы тағы да не білесіңдер?
2. Жеке бастың гигиенасын сақтамаса, адам қандай ауруларға шалдығады?
3. Адам организміне стафилакок қандай жағдайда түсүі мүмкін?
4. Жұқпалы ішек ауруы туралы не білесіңдер?
5. Дизентерея туралы не білесіңдер?
6. Уланудың алдын алу үшін қандай шараларды қолданған жөн?
4. Үй тапсырмасын берү. Дәрісті қайталау, жұқпалы ауру туралы жалпы мәлемет жинап, баяндама дайындау.
5. Оқушылардың білімдерін бағалау. Баға қою.
6. Жұмыс орнын жинастыру.