Өсімдік мүшелері. Тамыр.

Умирзакова Нурсулу

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өсімдік мүшелерін, соның ішінде

тамырдың атқаратын қызметі туралы түсінік  беру.

2. Дүниетанымын кеңейтіп, тілдерін дамыту.

3.Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, схемалар

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын жаңа технология:  дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру  кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Өсімдік дүниеге қалай келеді?

Ой қозғау

Алдымен табиғат дегеніміз не?

табиғат

Өлі

тірі

Тау, тас, су, топырақ

адам

жануар

өсімдік

Өсімдік- тірі организм


-Өсімдіктің неден шығады?

-Өсімдік өсу үшін оған қандай жағдайлар керек?

(тірек сызба көрсету)

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

Осы біздің әңгімелеп отырған өсімдігіміздің қандай мүшелері бар екен?

жапырақ                         жеміс                                   гүл

Өсімдік  мүшесі

 

 

сабақ                                            тамыр

Осылардың ішінде тамырмен танысамыз.

ІV. Жаңа сабақ.

Тамыр – өсімдіктің негізгі  мүшесі және жер астындағы мүшесі. Ол топырсқтың еріген қоректік заттарды таратады және өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды.(мысалы, пиязды, бидайды тамырмен көрсету)

Өсімдік тамыры әртүрлі: негізгі тамыр шашақты тамыр. Кейбір тамырлар өте ұзын, әсіресе ылғалы өте тереңде болғандықтан соған жеткенше созыла береді.

Оқушыларды үш тоақа бөліп тапсырмалар беру.

І топ-Өсімдік пайдасы туралы әңгімелеу

ІІ топ- Тамыр дегеніміз не?

ІІІ топ- Тамыр түрлерінің суретін салу.

Сөз жұмбақ шешу.

  1. Күзде себілетін дән
  2. Ағаш түрі
  3. Ең мықты ағаш
  4. Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат
  5. Көкөніс түрі

V Бекіту.

Сонымен өсімдіктің қандай мүшелері болады екен?

Схеманы көрсетіп қорытындылау

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

Тамыр. Оқу . мазмұндау.

Тамыр түрлеріне сурет салып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше