Без рубрики

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН – ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН – ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ.

Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.
Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–математикалық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, математикалық ойындар–сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын.
Математика сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.
5-сыныпта мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын: математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар, жұмбақтар. «Ондық бөлшектердің оқылуы мен жазылуы» тақырыбына мынадай ойын өткіздім.
Ойынның аты: «Ондық бөлшектердің жазылуын білесің бе?»
Сыныптарды қатар бойынша үш топқа бөлдім және үш жетекші сайлап алдым. Ойынға 30 үлестірме жасалынды. Әр үлестірмеде ондық бөлшектерді жазуға әртүрлі тапсырмалар жазылды. Топқа берілетін үлестірмелер бөлек тұрды. Тақтаны үшке бөліп, «Жазуға кірісіңдер» деген белгі берілгенде, әр топтан бір оқушы шығып, үлестірмедегі жазуларды жазып, орнына отырады. Сөйтіп, келесі оқушы шығады. Ал үш оқушы әр топтың жауаптарын мұғалімнің алдын-ала жазылған жауаптары бойынша тексеріп отырады. Соңында қатесі аз және бұрын бітірген топ жеңіске жетеді.
Мұндай ойынды өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай аңғаруға болады. Сондай-ақ үзіліс кезінде білмейтін оқушыларға білетін оқушылардың түсіндіріп, үйретіп жатқанын көруге болады.
Бөлшек бүтін сандарды
Амалдармен көрсету
Қанша қиын болсада
Оңай жолын табамыз
деп, «Натурал сандар мен ондық бөлшектерге» берілген көңілді есептеулерге мысал келтірейін. Екі топтпн бес оқушы тақтаға шығып, біреуі тақтаның оң жағына, екіншісі сол жағына бес таңбалы сандарды бірінен кейін бірі шығып жазады. Жазып болғаннан кейін бірінен кейін бірі қосуды бастайды, бірінші оқушы бірліктерін, екінші оқушы ондықтарын қосады. Қосуда бірлік артық шықса келесі оқушыға айтып кетеді. Бұл ойын оқушылардың есептеу қабілетін жетілдіреді, есте сақтау түйсіктерін қалыптастырады.
Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады.
Сонымен бірге математика сабағында «домино» ойынын пайдаланамын. Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады.
Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударып отырамын. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады. Жалпы, ойындарды 5-6 сыныптарда ғана емес, 8-11 сыныптарда қайталау сабақтарында, сынақ сабақтарында ұйымдастырамын. Мысалы: «Кейбір тригонометриялық функциялардың мәндерін есте сақтау біліктілігін қалыптастыру ойыны». Ойын жүргізуші бір оқушыны ортаға шақырып, оған көрсетпей, деген жазулары бар үлестірмелердің біреуін оның арқасына жапсырып қояды да, одан қалған оқушылардың жауаптары «ия» немесе «жоқ» болып келетіндей үш сұрақ қою арқылы, жасырын функцияның атын табуды сұрайды. Ол қойылған сұрақтар мен алынған жауаптар қисынын негізге ала отырып, жасырылған функцияны табуға тиіс. Мысалы функциясы жасырылған делік, сонда ойыншы төмендегі сұрақтарды қойып, берілген жауаптарға байланысты қисынды ойлап, жеңіске жетеді.
1) Сұрақ: «Бұл функция 00-та 0-ге тең бе?»
Жауабы: «Жоқ» (Логика: синус емес, тангенс емес)
2) Сұрақ: «Бұл функция 600-та 2/1-ге тең бе?»
Жауабы: «Жоқ.» (Логика: бұл косинус емес, ендеше бұл котангенс)
Сұрақ: «Бұл функция котангенс пе?» Жауабы: «Ия»
Оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабілетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орны ерекше. Математиканың сан-алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты, әрі ұтымды сабақ деп ойлаймын.
Сабақта математикалық сөз жұмбақты шешу оқушыларды тапқырлыққа баулиды, ойлау қабілетін дамытады, білім танымын кеңейтеді. Сөзжұмбаққа бірнеше мысал келтірейін:
Сөзжұмбақ: «Алгебра»
А
Л
Г
Е
Б
Р
А

  1. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)
  2. Қиылыспайтын түзулер (параллель)
  3. Бұрыш өлшемі (градус)
  4. Евклидтің еңбегі (негіздер)
  5. Төртінші дәрежелі теңдеу (биквадрат)
  6. Төрт таңбалы математикалық таблицаның авторы (Брадис)
  7. Аудан өлшемі (гектар)
    Сөзжұмбақ «Математика»
    М
    А
    Т
    Е
    М
    А
    Т
    И
    К
    А
  8. Қандай кесінділер өзара тең? (симметрия)

  9. 5-сынып математика кітабының авторы (Алдамұратова)
  10. Физика-математика ғылымының докторы (Жәутіков)
  11. Б.э. дейін ІІІ ғасырда өмір сүрген грек оқымыстысы (Архимед)
  12. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
  13. Б.э. дейін ҮІ ғасырда өмір сүрген грек оқымыстысы (Пифагор)
  14. Француз математигі (Р. Декард)
  15. Орыс математигі (Н.И. Лобачевский)
  16. Неміс математигі (1845-1918) (Кантор)
  17. Тәуелсіз айнымалы (аргумент)
    Осындай сөз жұмбақтарды шешу оқушыларды өз бетінше ізденуге, тапқырлыққа баулиды. Сөзжұмбақты шешкен оқушыларды бағалап отырамын, сондықтан олар жауабын табуға тырысып, сабаққа ынталары артып, өздері үйден сөзжұмбақ құрастырып әкеліп оны сабақта пайдаланады.
    Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасауға тырысамын. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
    Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ал ойын жағдайында балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлар алмасады, ақылдасады, бір-біріне дәлелдейді, белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға байланысты, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Осындай «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойыны деңгейлік тапсырмаларды орындағанда ойнатуға болады. Сынып әр топта 5-6 баладан болатындай, 4-5 топқа бөлінеді. Ойынға 5-6 секторға бөлінген дөңгелек керек. Әр секторға бірінің үстіне бірі келесі тәртіппен үлестірмелер қойылады: ең астына 3-деңгейлі (күрделі), ортада 2-деңгей, ең үстінде 1-деңгей (жеңіл). Ойын тәртібі: әр оқушының өз нөмірі болады. 1-турда кезектесіп өз нөмірі бойынша үлестірмені алып, бірден жауап беру керек, 2-турда бәрі бір уақытта үлестірме алып, уақыт беріледі, ойынды топ басшысы жүргізеді. Топтар бір-біріне тәуелді болмайды. Тақырыбы: «Ондық бөлшектер». Тапсырмалар: І тур.
  18. Бөлімі 10,100,1000,… болатын бөлшек сандар қалай жазылады?
  19. Сандардың ең кіші разрядтарын қоршап көрсет: 7,81; 3,09; 8,0302; 4,01; т.с.с.
  20. Салыстыр: а) 9,13 және 6,31; ә) 9,31 және 9,319; б) 0,025 және 0,035.
  21. Сегізден үлкен және тоғыздан кіші сан алу үшін 8 бен 9-дың арасына қандай белгі қою керек: ? т.с.с. ІІ тур
  22. . Процентті ондық бөлшекпен қалай жазамыз?
  23. Ондық бөлшекке жай бөлшекке қалай айналдырамыз?
  24. Ондық бөлшекті натурал санға түрлендіріп салыстыруды түсіндір.
  25. Бос орынды толтыр: т.с.с.
  26. Жұлдызшаның орнына тиісті цифр қой:
    ІІІ тур.
  27. Мына сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:
  28. Мына сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:
  29. Бөлшектерді алдымен қысқартып, содан соң ондық бөлшек түрінде жаз:
  30. Бөлшекті жай бөлшек түрінде жаз: 3,2; 0,25; 16,125; 4,6;
    Осылайша өткізілген сабақтың нәтижесінде тақырыпты меңгерген оқушылардың саны 70%-ке дейін өсті.
    Менің өз тәжірибем бойынша шағын топтардың топ жетекшілерін пайдаланған тиімді екеніне көзім жетті.Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді.
    Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда математика сабағына ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.
    Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері:
  31. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.
  32. Ойын ерікті түрде құрылады.
  33. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.
  34. Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады.
  35. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі
    Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең әуелі ойнайтын адам» деген екен.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Математика және физика» №1 9009 ж, №5 2007
2. В.Г.Коваленко «Дидактические игры на уроках математики»
3. Хейзинга Йохан. Человек играющий. Л: «Айрис пресс», 2003.15б.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.