Тіл дамыту
Алматы қаласы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна
Сабақ тақырыбы: Тіл дамыту
Сабақ мақсаты:
білімділік: лицеистердің теориялық және іс тәжірибелік білім дәрежесін анықтау, ауызша әрі жазбаша тіл дамыту жұмыстарының тиімді жолдарын қолдану.
дамытушылық: байқампаздыққа, тапқырлыққа, ұтымды түрде жауап беруге баулу. Лицеистердің психологиялық ерекшеліктерін, ой өрісін,ізденіс қабілетін дамыту.
тәрбиелік: білімге, өнерге деген құштарлығын, дүниетанымын кеңейту, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу, сайысу, талдау.
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, кеспе қағаздары
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау
3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау
4. Сабаққа дайындықты тексеру
5. Лицеистер назарын ұйымдастыру
6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1-тапсырма, жаңа сөздерді жаттау.
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.
Слайд. Сұрақтар беріледі (пысықтау).
«Фонетика» саласы
-Фонетика дегеніміз не?
-Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
-Дауыстылар қалай бөлінеді?
-Әріп дегеніміз не?
Тапсырма. Жаманнан үйрен, жақсыдан жирен.
Жаманнан, жирен сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
«Лексика» саласы
-Лексика дегеніміз не?
-Омоноим, синоним, антоним сөздерінің ережесін айту
-Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
Тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
-Аузына қақпақ болу – аузын аштырмау
-Ә дегенде- көзді ашып жұмғанша
-Аузы мұрны қисаймай – ұялмай
-Көз тастау – назар аудару,көңіл бөлу
-Аты шулы- атақты
-Құлақ аспау- тыңдамау
-Бармағын тістеу- өкіну
-Төбесін көкке тигізді- қуану
-Бақ қонған- бақытты
-Жүрегі алып ұшты -қуану
Сынып 2 топқа бөленіп, сайысады.
1. «Бір сөзбен айт» сайысы:
Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда оқу құралдары, пәндер, мамандықтар, жемістер,үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер,түстер, аңдар, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Лицеист қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек. Мысалы: парақтағы сөзде оқу құралдары деп жазылған, лицеист дауыстап оқымай, біраз ойланып кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш дейді.
I -топ
кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш – оқу құралдары
математика, қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану – пәндер
құрылысшы, дәрігер, мұғалім, әнші, биші – мамандықтар
алма, алмұрт, анар, ананас – жемістер
сиыр, түйе, қой, жылқы – үй жануарлары
айран, нан, сүт, шұжық, кәмпит – азық-түліктер
II-топ
көз, мұрын, құлақ, аяқ, бас, қол – дене мүшелері
картоп, пияз, қияр, қызанақ, сәбіз – көкөністер
қызыл, көк, жасыл, қоңыр, ақ, қара – түстер
аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, кірпі – аңдар
көйлек, жейде, шалбар, құлақшын, тон – киімдер
ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, сіңлі –отбасы мүшелері
Сергіту сәті.
1 топтағы 1 лицеист бір мамандықтың атауын атамай мимикамен көрсету қажет, ал 2топтағы лицеистер сол мамандықтың атауын табуы қажет.
2. «Сөз жарысы» сайысы.
2 топтан екі лицеист шығып тақтада берілген сөздердің аудармасын тауып жарысады. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңімпаз атанады.
I -нұсқа
1 Родина –Отан
2 гимн – әнұран
3 знамя – ту
4 государственный – мемлекеттік
5 комплекс – кешен
6 краски – бояу
7 шить платье – көйлек тігу
8 предмет – пән
9 тема – тақырып
10 молодой – жас
11 небольшой – шағын
12 прыгаю – секіремін
13 профессия – мамандық
14 строитель – құрылысшы
15 пекарь – наубайшы
16 ответственный – жауапты
17 ловит – аулайды
18 поет – ән айтады
19 не спеша – асықпай
20 жители – тұрғындар
II- нұсқа
1 Родина –Отан
2 столица – астана
3 герб – елтаңба
4 гостиница – қонақ үй
5 музей – мұражай
6 рассказ – әңгіме
7 интересный – қызықты
8 пластилин – ермексаз
9 художник -суретші
10 дружный – тату
11 урок труда – еңбек сабағы
12 художник – суретші
13 профессия – мамандық
14 повар – аспаз
15 закаляюсь – шынығамын
16 ответственный – жауапты
17 доит – сауады
18 строит – үй салады
19 варит – пісіреді
20 ценить – қадірлеу.
ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Тұрақты тіркестер қатарын жазу.
V. Қорытындылау.
– Бүгінгі сайыста қандай тапсырмалар әсіресе саған ұнады?
– Кім, сенің ойынша, ең белсенді қатысты?
– Қай топ жеңіске жетті деп ойлайсың?
Оны анықтау үшін әр топтың сайыс бойы жинаған текшелерін санайық.
VI. Бағалау.
Оқытушы Тулегенова С.Б.
Әдіскер Серікбаева К.А.
оқу құралдары
____________
пәндер
____________
мамандықтар
____________
жемістер
____________
үй жануарлары
азық-түліктер
___________
дене мүшелері
көкөністер
___________
түстер
____________
аңдар
____________
киімдер
____________
отбасы мүшелері
