Туысты сыйлау

Алматы қаласы,  «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна

Сабақ тақырыбы:  Туысты сыйлау

Сабақ мақсаты:

            білімділік: лицеистерге туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру. «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

дамытушылық: қазіргі ер балалардың қандай болу керек екендігін және де  жасөспірім кезіндегі туындайтын әке мен бала, аға мен іні арасындағы қатынас туралы түсінік беру, туыстарға деген сыйластық қарым – қатынастарын дамыту.

тәрбиелік:еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу.

Сабақтыдидактикалықматериалдарменқамту: слайд, қосымшаматериалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау

3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау

4. Сабаққа дайындықты тексеру

5. Лицеистер назарын ұйымдастыру

6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  6-тапсырма, жаңа сөздер

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.

 

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Оқулықтың 39 бетіндегі 7-тапсырма, яғни мәніді оқып, түсінгендерін айту.

2-тапсырма. Оқулықтың 40 бетіндегі 8-тапсырма, жоғарыдағы мәтіннен синоним, антоним сөздерді теріп жазыңдар, оларды қолданып, өз туыстары жайлы әңгімелеу.

3-тапсырма. Оқулықтың 40 бетіндегі 9-тапсырмада жаттауға берілген сөздерден сөз тіркестерін құрап жазу.

4-тапсырма. Оқулықтың 40 бетіндегі 10-тапсырмада берілген мақалдарды жаттау.

Сөздікпен жұмыс

тәрбие –  воспитание                                                   жанашырлық –  пощадақұрметтеу – уважать                                                   бауыр– братқарындас –  сестра                                                      татулық – дружба

 

Слайд.Әңгімелесу:

«Ойланайық» сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін жүргізу:

-Үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесіңдер?

-Бұл жақсыдан үйрену, кішіге қамқорлық жасау.

-Кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көмектесу, жәрдемдесу.

-Сыйластық қандай табыстарға жеткізеді?

-Сыйласаң сыйлы боласың өзің де.

Тапсырма

  1. 1.      Туыстық атауларды қатыстырып, диалог құру.
  2. 2.      Туыстық атауларға қатысты мақал-мәтелдер айту.

1. Ағайын бір өліде,

Бір тіріде керек.

С родней радостью поделишься – радости прибавится, горем поделишься – горе убавится.

2. Күйеу жүз жылдық,

Құда мың жылдық.

Зять – на сто лет родня,

сват – на тысячу лет родня.

3. Жаманағайын бар болсаңкөреалмайды,

Жоқболсаң, береалмайды.

Никудышная родня успехам завидует, а в нужде помочь не может.

4. Ағайын тату болсааткөп

Абысын тату болса ас көп.

Братья в ладу – коней много,

невестки дружны – еды много.

5. Мал қонысыніздейді,

Ер туысыніздейді.

Скотина ищет свой хлев, джигит – свою родню.

6. Жамантуыстан жат артық. Добрый знакомый лучше плохой родни.

7. Ағайынбірдеараз, бірде тату.

Родичи и ссорятся, и мирятся,

но никогда не расходятся.

8. Ағайының бай болса, асағаның май болар.

Если родня богатая, маслом будешь закусывать.

9. Туғаныңмен сыйыспасаң, кең дүниеге сыймассың.

Кто с родней в мире не живет,в просторном мире места не найдет.

10. Бірауылдамыңтуысың болғанша,

Әрауылдабіртуысыңболсын.

Чем тысячу родственников живут в одном ауле,

лучше по одному родственнику – в каждом ауле.

  1. 3.      Туысты атауларға қатысты өлеңді талдау.

Әңгімелеу:

— Мен сендерге Ә. Дүйсенбиевтің «Мен — осындай адаммын!» атты шығармасын оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.

 

Мен — осындай адаммын!
Мені ешкім жалқау демейді,
Жұмысым бүгін көбейді.
Папам мен мамам жұмыста
Әжем де кеткен туысқа.
Жалғыс қалдым үйде мен,
Қорықпаймын бірақ мүлде мен.
Болдым да жинап төсекті,
Еңбекке бердім кезекті,
Тетігін ашып сулардың,
Гүлдерді жайлап суардым.
Келтіріп үйдің сәнін де,
Ыдыстың жудым бәрін де.
Тамақ та түсте пісіп те,
Тойдырды қарнын күшік те.
Кінә тағады маған кім?
Мен — осындай адаммын!

 

— Шығармадағы баланы қандай бала деп айтуға болады?

 

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Оқулықтың 40 бетіндегі 10-тапсырмада берілген мақалдарды жаттау және туыстық атауларға қатысты сөздерге фонетикалық талдау жасау.

 

V. Қорытындылау.

Сыйластық адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынас. Адамды сыйлай білу үлкен адамгершілікті білдіреді. Ол адамдардың жанұясы әрекеттерінен көрінеді. Адамдарды сыйлай білсең, олар да сені сыйлайды. Осындай сыйлы қарым-қатынастардан адамдар қуанышқа бөленеді, тату тәтті жақсы өмір сүреді.

 

VI. Бағалау. 

Оқытушы                       Тулегенова С.Б.

 

Әдіскер                           Серікбаева К.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

……….  бір өліде,

Бір тіріде керек.

С родней радостью поделишься – радости прибавится, горем поделишься – горе убавится.

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

…………  жүз жылдық,

Құда мың жылдық.

Зять – на сто лет родня,

сват – на тысячу лет родня.

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

Жаман …………  бар болсаң көре алмайды,

Жоқболсаң, береалмайды.

Никудышная родня успехам завидует, а в нужде помочь не может.

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

Ағайын тату болсааткөп

Абысын тату болса…….. көп.

Братья в ладу – коней много,

невестки дружны – еды много.

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

Мал қонысын іздейді,

Ер ……….  іздейді.

Скотина ищет свой хлев, джигит – свою родню.

 

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

…………. туыстан жат артық. Добрый знакомый лучше плохой родни.

 

 

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

Ағайын……….. араз, бірде тату.

Родичи и ссорятся, и мирятся,

но никогда не расходятся.

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

Ағайының бай болса, асағаның ………..  болар.

Если родня богатая, маслом будешь закусывать.

 

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

Туғаныңмен сыйыспасаң, ……..  дүниеге сыймассың.

Кто с родней в мире не живет,в просторном мире места не найдет.

 

 

 

 

Бос орынға тиісті сөзді жазып, сол сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 

Бір ауылда мың туысың болғанша,

Әрауылда………… туысыңболсын.

Чем тысячу родственников живут в одном ауле,

лучше по одному родственнику – в каждом ауле.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше