Достық өлкесінің заңы. М.Шаханов

Умирзакова Нурсулу

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты: а) Өлеңді дауыс интонациясы арқылы оқып автодың ойын білуге, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білуге, оқығанды түсініп кейіпкердің көңіл –күйін сезініп оқи білуге үйрету, білімдерін жетілдіру.

ә) Оқушылардың өмірге деген көзқарасын шынайы   достыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

б) оқушылардың танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру  кезеңі.

  1. 1. Сыныптың ішкі жағдайын реттеу.
  2. 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау
  3. 3. Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

–        Балалар үйге қандай тасырма берілді?

Ғ.Ормановтың «Ана» өлеңін жаттап, «менің анам» тақырыбында шығарма жазу.

1. Өлеңді жатқа сұрау.

2.Ана мен баланың бір-бірін ардақтауы

3. «Менің анам» тақырыбында жазылған шығарманы оқу.

4. Ана туралы мақал-мәтел айтқызу арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

-Балалар, жаңа сабаққа кіріспес бұрын  «Жұмбақ кітапшаның» сырын ашайық.

3х9                              4х8

7х8                              6х3

6х5                              2х9

 

27-Д                         32-Т

56 –О                        18-Ы

30-С                           18-Қ

-Балалар, біз сонда бүгінгі сабақты қандай пәнмен байланыстырып отырмыз?

-Математика

-Балалар, сендер  «дос», «достық» дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауабы тыңдалады)

Тақтадан көрсету

ІV. Жаңа сабақ

-Бүгінгі сабағымызда  достыққа байланысты М. Шаханов ағамыздың  «Достық өлкесінің заңы» деген өлеңімен танысасыңдар. Ең алдымен өлеңмен таныспас бұрын М.Шахаовтың өмірбаянына шолу жасап өтейік.

М. Шаханов

1942ж

М.Шаханов-ХХІ ғасырдың ұлы рухани реформаторы

1 бет  слайд .


 

 

 

2 бет слайд. Өмірбаяны

1942ж 1959ж 1960-65ж
Дүниеге келді Алғашқы өлеңі жарық көрді «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеді
1966ж

Қырғыз респуб. ақыны

1969ж

Шымкент пед. институтын сырттай бітірді

1970 ж

«Достық өлкесі» өлеңі жарық көрді.  Көптеген өлеңдеріне ән жазған:

«Туған күн», «Жұбайлар жыры»,  «Гүлдәурен» және т. б

 

     

3бет слайд. Кітап көрмесі.

(кітап туралы жақсы сөз жазып жіберу керек)

V. Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу.

1. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Оқушылардың ойларын жинақтау.

– Бұл өлеінен нені түсіндіңдер?

3. Дәптермен жұмыс.

-Балалар, осы өлеңнің ішінде қандай туыстық атаулар бар?

1. Нағашы, жиен

2. Әже

3. Іні

VІ. Жаңа сабақты бекіту

-Балалар, біз Мұхтар ағамыздың өміріне тереңірек шолу жасап, ойымызды сергіту үшін Ақын туралы лебіздер мен естеліктерге назар аударайық.

1 слайд: Эпиграф

2 слайд: Расул мен Мұхтар

3 слайд: Ғ.Мүсірепов сөзі

4 слайд: Ғабит пен Мұхтар

5 слайд:  Шәмші

6 слайд: Шәмші мен Мұхтар

7 слайд: Т.Айбергенов

8 слайд: Олжас пен Мұхтар 2003 ж

«Біз қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз!»

VІІ. Қорытынды

-Балалар, жаңа тақырыпты қайтадан естеріңе түсіру үшін тағы бір рет оқып шығайық.(Өлеңді мәнерлеп оқу)

VІІІ.Үйге тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқу

2. М.Шахановтың өмірінен реферат жазу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше