Әскери лексика
Алматы қаласы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна
Сабақ тақырыбы: Әскери лексика
Сабақ мақсаты:
білімділік: Мамандандырылған бағытта білім алатын лицеистерді қазақ тіліндегі әскери командалармен таныстыру.
дамытушылық: қазақ тілінің әскери лексика, оның тарихы туралы қысқаша мәлімет беру арқылы азаматтық көзқарастарын дамыту.
тәрбиелік: адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу.
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау
3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау
4. Сабаққа дайындықты тексеру
5. Лицеистер назарын ұйымдастыру
6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 6-тапсырма, өлеңді жаттау.
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.
Слайд.
Тәуелсіздік алғаннан кейін әскери салаға арналған бес сөздік жарық көрді:
1. К. Аманжолов пен А. Тасболатовтың «Қазақша әскери терминдердің түсіндірме сөздігі» (1999);
2. ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссия бекіткен көптомдықтың 12-томы «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Әскери іс» (2000);
3. «Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс» (2001);
4. «Саптық әмірлер. Рапорттар. Әскерилердің қарым-қатынас сөздері. Строевые команды. Рапорта и обращения между военнослужащими» (2002);
5. «Әскери терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» (2003).
Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы
Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.
Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым – қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір – біріне «сіз» деп тіл қатуға тиіс.
Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге атағы мен тегі бойынша тіл қатқанда «Қатардағы Омаров», «Сержант Исмайлов», ал тек атағы бойынша тіл қатқанда қасына «мырза» деген сөзді қосып айтады («Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант мырза»).
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ курсанттарына тіл қатқанда «Курсант Сауыров» немесе «Курсант мырза» деп атау керек.
Бағыныштылар мен кіші шенділер бастықтар мен аға шенділерге тіл қатқанда олардың әскери атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып атайды. «Аға лейтенант мырза».
Әскери қызметшілер саптан тыс бір –біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады, ал бір – бірімен қоштасқан кезде «Қош болыңыз» деген сөздің орнына «Құзырыңызға құлдық» деп айтуға жол беріледі.
|
Әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынас сөздері (Обращения между военнослужащими) |
|
| Офицер мырзалар | Госпада офицеры |
| Жауынгер Дулатов | Рядовой Дулатов |
| Курсант Асанов | Курсант Асанов |
| Майор мырза | Господин майор |
| Сіз | Вы |
| Сау болыңыз | До свидания |
| Сәлеметсіз бе (Сәлеметсіздер ме) | Здравствуйте |
| Сөйлесуге рұқсат етіңіз | Разрешите обратиться |
| Полковник мырза, капитан Ахметовпен сөйлесуге рұқсат етіңіз | Господин полковник, разрешите обратиться к капитану Ахметову |
| Құп болады | Есть |
| Дәл солай | Так точно |
| Жоқ | Никак нет |
| Доғар | Отставить |
ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Әскери терминдерді жаттау.
V. Қорытындылау.
Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылықтың, ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір – қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез – құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда Қарулы Күштердің ар – абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауға тиіс.
VI. Бағалау.
Оқытушы Тулегенова С.Б.
Әдіскер Серікбаева К.А.
