Шоқан Уәлиханов мақалалары
Алматы қаласы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна
Сабақ тақырыбы: Шоқан Уәлиханов мақалалары
Сабақ мақсаты:
білімділік: Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен, мақалаларымен таныстыру.
дамытушылық: тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
тәрбиелік: лицеистерді рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау
3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау
4. Сабаққа дайындықты тексеру
5. Лицеистер назарын ұйымдастыру
6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Шоқан өмірі туралы оқу.
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.
Слайд.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мұхаммед Қанафия.
Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) туған.
Шоқан Уәлиханов. Мақалалары мен хаттары. – Алматы, 1949ж. – 48 бет.
«Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар арасында әдетке айналып кеткен үстірт қараушылықтың салдарынан ғана облыстық басқарманың жанындағы комитет өз жұмыстарының басты негізі етіп, ешбір талғамастан сұлтандардың, билердің және басқа да қазақ шонжарларының пікірлерін алып отыр және сол әбден сүйекке сіңген үстірт қараушылықтың салдарынан ғана өзінің жобасында ол қазақ халқының ардақталынған табы – қазақ аристократтары «қара халық» деп атайтын қазақ халқы керексіз тауып отырған, көпшілік үшін керексіз және зиянды қайта құрылыстар мен өзгерістерді бекітіп отыр. Халықтан жиналған пікірлерді дұрыс талдап-бағалау үшін комитеттің, ең болмағанда, қазақтардың сословиелік қарым-қатынастарына және олардың өз араларындағы орыс басшыларына қалай қарайтындықтарына назар аудару керек», – деді1.
Реформа мәселесіне осындай үстірт қараушылықты айта келіп, Шоқан бұл мәселеге халықтың, яғни «дәулетсіз, шен-шекпенсіз қарапайым қазақтардың» кеңінен қатыстырылуын, солардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізілуін талап етті.
«Халықтың, әсіресе надан және жартылай тағылық дәрежеде тұрған халықтың пікірін халықтың шын мұқтажын білдіреді деп тануға бола бермейді. Ал қоғамның ардақталған топтарының пікіріне халықтың шын мұң-мұқтаждығына мүлдем қайшы келетін пікір деп қарау керек, өйткені мәдениетті қоғамның өзінде де атақты бай адамдардың мүдделері бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне көбінесе қарсы болып отырады»2.
Тап қайшылықтарына Шоқан тарихи көзбен қарап, мәдениетті елдердің өзінде де езуші тап пен езілуші таптың арасындағы қайшылықтың атам заманнан бері келе жатқандығын көрсете келіп, қазақтың өз жағдайымен байланысты: «Аға сұлтандардың араға түсуі арқылы екі жағы да бір-біріне кеңшілік жасап, мынадай келісімге келді: билер болыстарға, болыстар билерге, ал болыстар мен билер сұлтандарға кедергі жасамайтын болды… Қарапайым халықты қанауға қазақ әкімдерінің бір-біріне кедергі жасамауы үшін оларға керегінің өзі де осы болды», – деді3. Осымен қатар сол кездегі халықты қанаудың алым-салық түрін де жергілікті өкіметтің өздері істеп отырғанын айтып, оны қатты сынайды. Бұл келтірілген үзінділердің қайсысын алсақ та, Шоқанның жаны ашитыны қалың бұқара, езілуші халық екендігін, жай халықты байлар мен сұлтандардың қанап отырғандығын көре біліп, содан шығудың жолын іздегендігін көреміз.
1Шоқан Уәлиханов. Мақалалары мен хаттары, Алматы, 1949, 50-бет.
2Бұл да сонда, 54-бет.
3Бұл да сонда, 54-бет.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Оқулықтың 28-29 бетінде, Ыстықкөл жазбаларынан.
2-тапсырма. Оқулықтың 29-30 бетінде, Егіншілік туралы.
3-тапсырма. Оқулықтың 30-31 бетінде, Киіз үй туралы жазбалары.
ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Шоқан мақалаларын оқу.
V. Қорытындылау.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мұхаммед Қанафия.
Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
VI. Бағалау.
Оқытушы Тулегенова С.Б.
Әдіскер Серікбаева К.А.
