Жай сөйлем

Алматы қаласы,  «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру» Қоғамдық қоры
«Арыстан» мамандандырылған лицейі
Филология магистрі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тулегенова Сания Батырбековна

Сабақ тақырыбы: Жай сөйлем

Сабақ мақсаты: білімділік: Лицеистерге сөйлемдер туралы түсінік беру, олардың түрлері, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
дамытушылық: жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, лицеистердің  ой-өрісін, тіл байлығын кеңейту.
тәрбиелік: ұқыптылыққа, сауатты,таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау  сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу, тест жұмысы.

Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау

3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау

4. Сабаққа дайындықты тексеру

5. Лицеистер назарын ұйымдастыру

6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Тұрақты тіркестер қатарын жазу.

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу. 

Слайд.

Жай сөйлем — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.

 

Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.

Простыми называются предложения, выражающие законченную мысль и содержащие подлежащее и сказуемое. Жай сөйлемдер по своим грамматическим делятся на две группы: 1. С двумя главными членами предложения: подлежащим и сказуемым. Мысалы, Қар (не?) жауды (не қылды?) – Выпал снег. Әкем (кім?) келді (не істеді?) – Пришел отец.

 

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.


Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Мысалы: Мен жалақы алдым.

Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение) в казахском языке, как и в русском, повествует, сообщает о каких-либо фактах или явлениях окружающей действительности. Мысалы, Бүгін күн жылы. (Сегодня теплый день). Анам көйлек тігіп отыр. (Мама шьет платье). Жаңбыр жауып тұр. (Идет дождь).

 

Сұраулы сөйлем – жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Мысалы, Не үшін?
ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Мысалы, Жерім жаман ба?
б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:
Мысалы, – Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.
в) Сұрау интонация арқылы. Мысалы,  Япырай, ие бермей кетпесе?

Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение) заключает в себе вопрос. В казахском языке сұраулы сөйлем образуется с помощью вопросительных местоимений кім? не?

(кто? что?), қашан? (когда?), қайда? (куда?) и др.

 

Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. Мысалы,  Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді…

В побудительных предложениях мы выражаем просьбу, совет, требование, пожелание, запрет, приказание, убеждение. Мысалы, Отпен ойнама! Әлия, мені күтіп ал.

 

Лепті сөйлем – айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.
Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Мысалы, Құнанбай қатты зекіп қалып:
– Жә тоқтат! – деді. (М.Ә.)

Лепті сөйлем (восклицательное предложение) в казахском языке как и в русском выражает какие-либо сильные чувства: радость, печаль, удивление, страх, восторг и т.д.

Восклицательные предложения произносятся высоким тоном. Помимо этого, в восклицательных предложениях применяются и другие средства (междометия, эмоционально окрашенные слова, усилительные частицы). Мысалы, Бейбітшілік жасасын! – Да здравствует мир! Мерекеңізбен құттықтаймын! – Поздравляю Вас с праздником!
Жалаң сөйлем – тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем – бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.
3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.

 

 

Личными называютсяпростые предложения, которые имеют подлежащее и сказуемое или одно сказуемое, ясно указывающее своим окончанием на подлежащее. Мысалы, Мен ертең келемін. (Я завтра приду). Ертең барамын. (Завтра пойду).

Безличными называется предложение со сказуемым, при котором нет подлежащего и одно не подразумевается. Мысалы, Бұл жерде суға шомылуға болмайды. (Здесь нельзя купаться). Саған ертең тауға бармауға тура келеді. (Тебе завтра придется не ходить в горы).

 

Толымды сөйлем – сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.

Полным предложением называется такое, в котором имеются все члены, необходимые для его понимания. Мысалы,  Мұғалім сыныпқа кірді. (Учитель вошел в класс).
Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.

Неполным предложением  называется такое, в котором пропущен главный или второстепенный член. Пропущенные члены предложения легко восстановить, зная содержание соседних с ними предложений. Мысалы, №5 балалар емханасы қай жерде? (Где 5-я детская поликлиника?) Мұстафин көшесінің бойында. (На улице Мустафина)

Неполные предложения чаще всего встречаются в диалоге.
Тапсырма. Семантикалық кесте

 

  рс                        Жай сөйлем түрлері Жақты сөйлем Жақсыз сөйлем Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
1  Үлкендерге құрмет көрсету керек      +      +
2  Қар жауды         +       +  
3 Өзеннен балық аулаймыз         +       +  
4 Біз мақтан тұтамыз         +    +    
5 Жеті жұрттың тілін біл         +        +
6 Ұрлық түбі-қорлық         +       +  
7 Оқыған озады         +       +  
8 Менің    бұл сөзге қосылғым келмеді      +       +
 9 Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген         +         +
10 Маған сабақтан қалуға болмайды      +       +

 

Тест тапсырмалары

1. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз.

А) Бір ғана ойды білдіреді, бір интонациямен айтылады

В) Екі немесе одан көп жай сөйлемнен тұрады

С) Күрделі ойды білдіреді

Д) Дыбыстардың жазудағы таңбасы

Е) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру

 

2. Жай сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.

А) Жақты сөйлем

В) Салалас сөйлем

С) Құрмалас сөйлем

Д) Жай сөйлем

Е) Лепті сөйлем

 

3. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Марат жүгіріп кетті.

В) Аяғын аспаннан келтіру.

С) Оларға келуге болмайды.

Д)  Жаз.

Е) Ақ жейделі бала.

 

4. Жай сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сырын жасырмау.

В) Мен тауда ойнадым.

С) Ауылдың малы.

Д) Тон пішер.

Е) Жаздың жайлы күні еді, мен көрші ауылға барғанмын.

 

5.Жайылмасөйлемді табыңыз.

А) Мен кітапханадан қызық кітап алдым…

В) Асқар – инженер.

С) Күз.

Д) Бала болашақ.

Е) Еңбекті бағалау.

 

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 35 бетіндегі 8-тапсырма, берілген сөйлемдерді бірнеше жай сөйлемдерге бөлу.

 

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Әдеби шығармалардан жай сөйлемдерді теріп жазып келу.

 

V. Қорытындылау. 

Жай сөйлем — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.

Простыми называются предложения, выражающие законченную мысль и содержащие подлежащее и сказуемое.

 

VI. Бағалау. 

Оқытушы                       Тулегенова С.Б.

 

Әдіскер                           Серікбаева К.А.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше