Без рубрики

Жай сөйлем және құрамалас сөйлем

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Сейітахметова Эльмира Қойшыбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және құрамалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем түрлері  туралы түсініктерін кеңейту

 1. Жай сөйлем және құрмалас сөйлем айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ұғындыру.                    2.Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, теориялық білімді толықтыру.

 3. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту

Оқыту әдісі: талдау,жинақтау

Көрнекілігі: оқулық, сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үйтапсырмасынтектеру

-Сөйлем дегеніміз не?                                                                                                                                                     -Сөйлем неден құралады?                                                                                                                                  -Сөйлемнің түрлері қандай?

Жаңа сабақ  Жай сөйлем және құрмалас сөйлем

Оқулықпен жұмыс           

1-жаттығу (сөйлемнің бастауыш пен баяндауышын таптыру)

Тұз қасиетті зат. Сабантойда кең дастархан жайылады, ақсақалдар бата береді

Ой тұжырымдамасы

Құрмалас сөйлем

Жай сөйлем Құрмалас сөйлем Құрмаласу тәсілі
Жаңбыр жауды.

Жер көгердіЖаңбыр да жауды, жер де көгерді.Баяндауыштың тиянықты формасыКүн шықты.

Мал өріске кетті.Күн шыққан соң, мал өріске кетті.Шылау арқылыБет қаратпайтын боран болды.

Қапаң қалаға бармады.Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан қалаға бармады.Қосымшалар арқылы

ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС:

(Құрмалас  сөйлем құрастыру)

Күз келді. Түн ұзарды

Күн суытты. Қүстар жылы жаққа қайтты.

-Балалар, біз қай мезгіл туралы айттық?

-Күзде қандай құбылыстар болады?

-Күз айын неге теңейміз?

Фонетикалық талдау

А-                                                       К-

Л-                                                      Ү-

Т —                                                     З-

Ы-

Н-

4-жаттығу  (Жай  сөйлем және құрмалас сөйлемді көшіріп жазу)

Жай сөйлем

Есет қой жайып жүрді.

Бір кездееліктерілгері жүріп  кетті.

Құрмалас сөйлем

Кенет астындағы аты екі құлағын тікірейтіп , бұрылып артына қарады. Есет олардың соңынан ілескісі келіп тұрды да ол ойынан тез қайтты.

Қорытындылау

-Сөйлем  түрлері?

-Құрамына   қарай   қалай   бөлінеді?

-Мағынасына   қарай   қалай   бөлінеді?

-Құрмаласу  тәсілі?

Үйге   тапсырма;   5-жаттығу,  ережені   пысықтау

Оқушыларды    бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.