Без рубрики

«Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз»

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің
тәлімгері Махамбетова Айнұр

Пікірталас тақырыбы:«Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз»

Мақсаты:  Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу

Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі біздің «Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз»-атты пікірталас кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Мақсатымыз-қаракөз қазақ қыздарының бойына халықтық тәлім-тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, сондай-ақ ақ жаулықты апаларымыздан ақыл-кеңес алу.

«Жақсы әнді тыңдасақ, ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық»,-деп Абай атамыз айтқандай кешімізді жақсы әнмен жалғастырғанды жөн көрдік

Ән: « Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

Жүргізуші:

Ойшыл ақын С.Торайғыровтың:

«Байқасаң қазақтықтың өзінде бар,

Дүниенің генийлігі пайғамбары» -деген сөздері қазақ халқының өзіндік ұлттық болмысын даралайды. Тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ халқы этикалық, рухани жағынан мың жылдан астам мәдениеті, салт-дәстүрі, философиялық ойлау жүйесі, көне әдебиеті, өзінің даму тарихы бар-халық. Осы халықтық тәлім- тәрбие негізіне сүйенген оқушыларға сөз берілмес бұрын кітапханашы Исакова Зинегүл апайдың  «Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз» атты шағын баяндама мазмұнын зер сала тыңдап, пікірталас тақырыбын одан әрі өрбітсек.

 

Пікірталас барысында талқыланатын сұрақтар:

 1.Жүргенде сендер тамаша-ақ,

Қазақтың ғажап даласы.

Өздеріңсіңдер болашақ,

Ұрпақтың ұлы анасы-дегендей

Ұлттық дүниетаным, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қыз бала тәрбиесінде қаншалықты рөлі бар?

 

  1. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе –елдің көркі»-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!- өлең жолдарының мәнін аш, қазақ қыздары туралы өз пікіріңді білдір.

 

  1. Нағыз қазақ қызына тән мінез, қасиет сенің өз бойыңнан табыла ма? Өз құрбыңның әдепсіз    қылығын көргенде не деп ақыл қосар едің?

 

  1. Хас сұлудың сәні жоқ,

Халықтың көңілі толмаса?- дегенге келісесің бе? Сен тән сұлулығы мен жан сұлулығы ұғымдарын қалай түсінесің? Қай ұғымды басты орынға қояр едің?

 

  1. «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе»- деген нақыл сөздегі ата-анамен бала арасындағы байланысты аш.

 

  1. Аяулы ару қыздар, көрікті көктемдегі

Тамаша сіздерменен өмірдің өткелдері

Жанарды жалт еткізіп, біздерге қараңыздар

Осылай көңілдерге шуақ боп тараңыздар- қазіргі заман талабына сай қыз бала өзін қалай ұстауы керек, бұрынғы қазақ қыздарының қылығы мен  қазіргі қазақ қыздарының қылығының қандай айырмашылығы бар?

 

  1. Бүгінгі күнде көптеген бойжеткендеріміздің салғырттыққа салынып, өмірдің қараңғы жағына бет бұрып кетулеріне қандай себеп бар?

 

  1. Қоғамдық ортада қыз бала өзін қалай ұстауы керек? өз пікірің

 

 

  1. Есейткен жетті күндер сыр ақтарып,

Қалдым мен қоштасарда бір ақталып.

Таралып шартарапқа жолдар шықты,

Сендердің бұрымдарың сияқтанып.

«Қыздың көркі — шаш»-деген өнегелі сөзде қандай тәрбиелік- мағыналы мән бар?

 

  1. «Ақыр заман болғанда, су тартылар

Қарап тұрған жігітке қыз артылар» — деген болжаудың бүгінгі тыныш заманда қаншалықты ақиқаттық мөлшері бар?

 

  1. Абай атамыздың:

«Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма»,- деген өлең жолдарын түсіндір

Қосымша сұрақ : (жалпы залға)

 

Жақында Қадыр Мырзалиев ағамыздың «Алмас жерде қалмас» атты кітабында қанатты сөздермен афоризмдер жинағының бір кішкене тарауы «Абай бүгін не дер еді ?» деп аталған , соған байланысты Абайды қазіргі заманға сәйкес сөйлетсек сенің сөзіңе мүлдем қарсы пікір айтады

«Малы бар, көлігі бар, билігі бар,

Бастықтардың қызынан қапы қалма» немесе:

«Қыздар қажет болмайды көркіменен,

Байлығына көз жетпей көңіл бөлме!»- деп майысқақ мақал тудыруына қандай себеп бар?

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған

Сағынышым сары ормандай самсаған.

Әке болып жүрсем-дағы қазірде,

Әлі күнге еркелеймін мен саған

Ендігі кезек қатысып отырған асыл әжелерге беріледі

  1. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»- деген нақыл сөзді сіз қаншалықты өз отбасыңызда  қалай түсіндіресіз?
  2. Әжелер халық қазынасы атанған, қолөнер шеберліктерін, яғни жүн сабау, ұршық иіру, киіз басу т.с.с ұлттық  дәстүрлерімізді өз немерелеріне қазіргі уақытта үйретуді бой алдырып жүр ме?
  3. «Мен ұл ем, сендер ең үш тамаша елік,

Төртеуіміз бір әкенің баласы едік.

Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын,

Өстік біз  бір омыраудан таласа еміп». — деп қорытынды жасай келе отырып «Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз»- деген қағиданы бір сөзбен айта аласыз ба?

Халықтық тәрбие біздің ойымызша қысқаша шектелмеуі керек, халық даналығы қыз бала немесе ер баланың жан дүниесіне мән береді, ұлтымыздың саналы да, парасатты ұрпақ тәрбиелеуіне жол ашады. Енді осы кезекте әр сынып қыз балаларының  қонаққа шақырылған ақ жаулықты асыл әжелеріне, сүйікті аналарына, құрбыларына арнаған кішкене мерекелік қортынды  номерлерін сый ретінде ұсынамыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.