Без рубрики

Республикалық Қоғамдық Бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің
тәлімгері Махамбетова Айнұр

Мақсаты: «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:
— мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
— мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру

Қабылдауды өткізу талаптары:

         «Жас Ұлан» қатарына қабылдауды өткізу танымал адамдарымен, құрметті азаматтармен, жастар ұйымының көшбасшыларымен жүзеге асады.

 «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларға
қойылатын талаптар:

1.Облыстық, қалалық және аудандық олимпиадада орын алған жеңімпаздар.

  1. Облыстық, қалалық және аудандық ғылыми-практикалық конференцияда  орын алған жеңімпаздар.
  2. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстарының жеңімпаздары.

 

Салтанатты жиынның өткізілу барысы
Фанфар
Жүргізушілер шығады

1-жүргізуші:

-Қайырлы күн, азат елдің ұландары мен балдырғандары! 16 желтоқсан  Тәуелсіздік күніне орай «Елбасымен жасампаздық жолында »атты  Республикалық қоғамдық бірлестігі  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп бойынша оқушыларды салтанатты түрде қабылдау жиынын ашық деп жериялаймыз.

 

2-жүргізуші

Ұландар , түзеліңдер. Тік тұрыңдар.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы кіргізілсін!

(Гимн ойнайды)

1 жүргізуші:

Ұлы елдің әлем  сүйген ұланымыз,

Сол елге лайық болу-ұранымыз!

Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын

Сол елдің  самғайтұғын қыранымыз!
Бүгінгі мектепішілік «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» салтанатты жиынының алғашқы құттықтау сөзі  мектеп директоры Оңғаров Мұхтар Досбергенұлына  беріледі.

2-жүргізуші: Республика деңгейінде «Жас ұлан» балалар ұйымы құрылып, барлық аймақтарда ұйымның қатарына үздік оқитын оқушылар қабылдануда.Ортаға мектебіміздің үздік, белсенді оқушыларын шақырамыз.

         Фанфар.
Оқушылардың  жетістіктерін хабарлау

  1. 1.      Кеулімжаев Ерасыл 2 б -сынып оқушысы «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» (мектепішілік фестиваль) Алғыс хат
  2. 2.      Кобландина Қанат 2 б сынып оқушысы Аудандық шахмат жарысы Алғыс хат
  3. 3.      Нұрсұлтанова Ақнұр 2 б сынып оқушысы Аудандық шахмат жарысы Алғыс хат
  4. 4.      Дүзелбай Аяжан 2 б сынып оқушысы Мектепішілік Тілашар сайысы Мадақтама
  5. 5.      Қуаныш Зарина 2 б сынып оқушысы оқушысы Мектепішілік Тілашар сайысы Мадақтама
  6. 6.      Әбиева Айсезім «Ертегілер елінде» І орын
  7. 7.      Әндірбаев Азамат «Жыр мүшайрасы» алғыс хат
  8. 8.      Тақаева Айдана «Тіл ашар» сайысы  бас жүлде
  9. 9.      Жақсылықова Перизат «Тіл құдіреті» сайысы алғыс хат
  10. 10.  Науырызғалиева Сымбат Әнші балапан байқауы ІІІ орын
  11. 11.  Сақан  Бақдаулет «Елім менің » патриоттық ән байқауы І орын,қазақ тілі пәнінен олимпиада І орын
  12. 12.  Төлеужанова Сәнімгүл «Елім менің » патриоттық ән байқауы І орын,мектепішілік «Ғылымға бастау»ғылыми жоба қорғау ІІІ орын
  13. 13.  Оразалина Айымгүл «Топ ханшайымы» сайысы ІІ орын
  14. 14.  Молдағалиева Іңкар 
  15. 15.  Қыстаубаева Саягүл  «Ақбота » марафоны Алғыс хат
  16. 16.  Әлімжанов Бөгенбай  Білімділер сайысы ІІ орын
  17. 17.  Қожахметов Олжас  Мектепішілік шахмат жарысы І орын
  18. 18.  Мықтыбаева Рысжан Қр Тәуелсізідігінің 20 жылдығына дойбы сайысына І орын

 

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі     құрметті қонағымызға беріледі.

Галстук тағу рәсімі.Әуен ойналады

            1-жүргізуші: Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты антына даярланыңыз.Салтанатты ант беру басталсын!

2-Жүргізушілер: 

«Біз …»

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»

Жүргізушілер:  — ұранымыз

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» — 3 рет.

Ант беруші: Біз, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Отанымыз – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге;

Ата-анамызды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

         Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!

             Барлығы: АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!

Қыстаубаева Саягүл

Толысты , толды  ақыл-ой,
Зердеге түйдік мол сырды.
Біз үшін сол ғой  абырой ,
Азамат болсақ сан қырлы .
Әділдікті жақтаймыз,
Ізеттілік сақтаймыз,
Сертімізге берік боп,
Ақ сенімді ақтаймыз.

   Құттықтау сөз кезегі.

Мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Мұқамбетжановқа беріледі

Сынып жетекшілерге сөз кезегі беріледі

2-Жүргізушілер:  

Бүгінгі   Республикалық қоғамдық бірлестігі  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды салтанатты  қабылдау жиыны жабық деп жарияланады.

Салтанатты жиыннан Мемлекеттік  ту   шығарылсын!

 

Жас ұландар әні

 

Әні мен сөзін жазған

Ұ. Ж. Жаналиева

 

  1. Біз ұланы қазақ елінің
    Туған жерін, сүйген Отанын.
    Әке жолын,  ана мейірімін,
    Бойға жиған қасиетін.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!
Қырандай қарышта.
Еліміздің абройын
Асқақтатып әлемге
Нық ұстайық байрағын!

 

  1. Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға.

 

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа !

Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

Нық ұстайық байрағын!

 

Жүргізушілер:  Көбетаева Ақнұр , Рамазан Нұрдаулет (9«а» сынып оқушылары)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.