Без рубрики

«Анаға қарап қыз өсер»

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің
тәлімгері Махамбетова Айнұр

Тақырыбы:  «Анаға қарап қыз өсер»
9-10 –сыныптың қыз балалары және аналарымен өткізілген кеш

Жүргізілу барысы:

-Бүгінгі  «Анаға қарап қыз өсер » атты кешіміздің мақсаты -қыз  бала- болашақ ана десек , қазіргі қоғамдағы қыз бала мен ананың арасындағы  , жеңге мен қайынсіңілінің арасындағы қарым –қатынас  кәдімгі қазақы отбасындағы  қыз баланың ибалығын , әдемілігін ,жүріс тұрысының , бой түзеуінің бір кепілі десек болады .Осы мақсатта келесі кезекті әнге берейік

Ән: «Қазақ қыздары»

         «Аяулы ару қыздар көрікті көктемдегі,

Тамаша сіздерменен өмірдің өткелдері

Жанарды жалт еткізіп, біздерге қараңыздар

Осылай көңілдерге шуақ боп тараңыздар»демекші

Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің шарттарымен таныс болыңыздар .

І Ситуациялық  қөрініс : 9-10 сынып қыз балаларының дайындап келген көрінісін тамашалай отырып . Осы көріністің аяқталуын немесе осы көріністегі жағдайларды аналардың  ролінде қалай жалғастыруын қамту немесе  өздерінің ой — пікірлерін айтып ситуациядан шығу.

Аналар сахнаға шығып осы көрініс бойынша өзінің ой пікірлерін айтады .

ІІ Аналарға сұрақ.

«Ей ,өмір, неткен сонша жылдам едің?!

Кеше ғана мен сабақ тыңдап едім

Балалығым атымды ойып жазған

Парталарым орнында тұр ма менің ?

Жас талдар жапырақ жайғасын

Естілмей кетті — ау ертектер,

Парталас қыздар қайдасың

Қайда екен , қара тентектер» демекші сіздер де бала болдыңыздар, бой жеткен болып бой түзедіңіздер , сіздердің алған тәлім — тәрбиелеріңіз, киім киістеріңіз , жүріс- тұрыстарыңыз қандай еді , қазір — ХХІ ғасыр айырмашылық өте көп , бұған не дер едіңіздер ?

Аналардың пікірі :

ІІІ     Аналарға арнау

«Жазығы кең, пейілі кең ,

Кім сүймейді , даласын

Сол даладай  мейіріммен

Аялайсың анашым

Айбынымдай асқар Алтай

Перзентіңе панасың,

Сенсің бейбіт Фатимадай

Бекзат туған анашым .

десек,   әр қыз бала  өзінің анаға деген махаббатын ,сүйіспеншілігін  қара сөзбен немесе жүрекжарды өлеңмен жеткізу.

9-10 сынып оқушы қыз балалары  анаға деген  жүрекжарды лебізін  тамаша  сезіммен жеткізеді.

Тренинг: «Қарлы кесек» -/ширату үшін  жасалады/

ІV . Сынып жетекші -екінші ана.

«Көп ойлап бұрынғыша бала жайын,

Жүрсіз бе , сау – саламат  жан апайым ,

Тек сізге  арнап сәлем жолдаушы бұл

Өзіңіздің қолда өскен құралайың» демекші бүгінгі кешімізге 9-10 сынып қыз балаларының сынып жетекшілері қатысып отыр . Әр сынып жетекші өз сыныбындағы қыз балаларды әдемі сөздермен, теңеумен психологиялық тұрғыда жеткізу  яғни мақтау .

  • Сынып жетекшілердің қыздарын жекелеп мінез – құлқын , жүріс- тұрысын , әдемілігін сипаттауы
  • Тосыннан ерекше концерттік номер шығару

Қорытынды

Тренинг: «Шамшырақ аясында» -ыстық лебіздерін білдіру

«Өткен  уақыт  өлшенетін аралығын

Ғылым үшін жоқ сенің жаңалығың,

Сенде жатқан жалғыз –ақ қазына бар

өзіңде өткен ол – менің балалығым»

деп отырып , «Анаға қарап қыз өсер» атты кешімізді аяқтаймыз . Келелі ой – пікір бөлісіп ,ойларыңызды айтқандарыңызға рахмет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.