Без рубрики

Лейкоциттер.Фагоцитоз теориясы

Ізтілеуова Айғаным
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.
Ә.Жангелдин  атындағы орта мектептің оқу жөніндегі орынбасары,
География, биология  пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:  Лейкоциттер.Фагоцитоз теориясы
Сабақтың мақсаты: Қан жасушаларының түрлері туралы түсінік
Сабақтың міндеті:
Білімділігі : Лейкоциттердің қасиеттері мен қызметтеріне тоқталып,  маңызы туралы менгерту
Тәрбиелігі: Салауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы : Оқушылардың ізденімпаздық ,танымдық қабілеттерін дамыту
Сабақ типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі, көрнекілік.
Сабақ көрнекілігі :  Слайд, жоба, кеспе қағаздар, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
Психологиялық сергіту сәті.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.      «Кім жылдам?» ойыны

  • Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан түзіледі ме? (Ия)
  • Дәнекер ұлпасына жататын және үнемі қозғалыста болатын ішкі орта не деп аталады? (қан)
  • Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері (5 л)
  • Қан плазмасы қанның қанша пайызын құрайды ?(55-60%)
  • Плазманың құрамындағы су қанша пайызын алып жатыр ? (90%)
  • Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы шамамен 120 күн,  содан кейін олар қайда бұзылады?                                                                     (көкбауырда және бауырда)

2. «Ойлан тап» ойыны

1. Тұрмыстық газ бен отын пеште толық жанбаған кезде түзілетін иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда адам неліктен өліп кетеді?

                                         (Ж: гемоглобин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглобин түзеді, карбоксигемоглобин     оттек байланыса алмайды, сол себепті)

2. Өкпе капилляры арқылы өткен гемоглобин эритроциттерде оттекті байланыстырып, берік емес қосылысқа айналады, ол қандай қосылыс?

                                                      (Ж: оксигемоглобин)

ІІІ.Актуалдау

Қан қызметі

Көрініс көрсету.

Жаңа сабақ.

Қан жасушалары:  Лейкоцит.(түйіршікті: нейтрофилдер – 45-75% , эозонофилдер –

1-5%, базофилдер – 0-1%; түйіршіксізлимоциттер – 18-30%, моноциттер – 2-9%.)

        Қанның белсенді қозғалатын ядросы бар және пішінін ұдайы өзгертіп отыратын жасушалары. 1 куб.мм. жас балалар қанында 8-11 мың, естияр балаларда – 7-10 мың, ересектерде – 6-8 мың лейкоциттер болады. Лейкоциттер – қанның ақ түйіршіктері,  ядро  мен протоплазмадан тұрады. Лейкоциттер 2-4 тәулік қана өмір сүре алады. Оларды қан, көкбауыр, жіліктің  майы,  лимфа бездері жасап шығарады.  Пішіні – тұрақты емес, олар амеба сияқты өзгереді. Лейкоциттер  дененің қайта жаңғыруына (регенерация),  жараның бітуіне қатысады.

Қан жасушалары

Лейкоциттер қорғаныш қызметін атқарады.
Ағзаға еніп кеткен бөгде заттар мен микробтарды сіңіретін қабілеті бар.

Бұл фагоцитоз деп аталады. Фагоцитоз құбылысын орыс ғалымы И.И.Мечников ашқан.

Ақ қандылық (лейкемия): ғылыми жоба қорғау.

Дамыту

1.Термин создермен жумыс

Фагоцитоз
Лейкоциттер
Фагоциттер

Лейкоциттерге сипаттама беру —  ……

2. Электронды оқулықпен жұмыс.

 

Бекіту

Тест жұмысы.

  1. Қанның лейкоциттері

А) қанның ақ түйіршіктері             ә) сұйық ішкі орта

  1. Эритроциттер түзіледі

А)миокардта               ә) сүйектің қызыл кемігінде

  1. Адам қаны қандай қызмет атқармайды?

А) гормон жеткізу             Ә)қоректі тасымалдау

  1. Лейкоциттердің өмір сүру ұзақтығы

А) 100-120 тәулік                  Ә) 2-4 кун

  1. Ақ қан ауру

А) Лейкемия              ә) анемия

Қорытындылау.

«Денсаулық-салауаттылық кепілі» тақырыбында ой-толғау.

Үйге тапсырма

Лейкоциттер . Фагоцитоз тақырыбын оқу.

Лейкемия жөнінде мәлімет жинақтау. Жоба қорғау.

Бағалау

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.