Без рубрики

Отырар – қаһарман қала

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің
тарих және құқық пәні мұғалімі
Құрманалина Жанымгүл Бақытжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Отырар – қаһарман қала
Сабақтың мақсаты: Отырар қаласы  туралы жалпы ұғым  беру.
Сабақтың міндеттері:
   1.Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала–            Отырардың қалыптасуы мен  монғол  шапқыншылығы  кезіндегі ерлікпен  қорғанысы  жөнінде білім беру;
2.Отырарлық азаматтардың, Қайырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу;
3.Тапсырмалар беру арқылы ой-өрісін дамыту, ой қорыта білуге  дағдыландыру.
Сабақтың типі:білік пен дағды қалыптастыру
Сабақтың түрі:ойын сабақ
Оқыту әдісі: түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, құқық негіздері
Көрнекіліктер: ҚР картасы, компьютер, кітаптар, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

І. «Миға шабуыл » ойыны.

1.Ортағасырлық қалалар қандай бөліктерден тұрды?
2.Оларда кімдер мекендеді?
3.Қалалар кімдердің  меншігінде болды?
4.Қалалардағы негізгі табыс көзі не еді?
5.Ортағасырлық қалаларды ата.
6.Иасы қаласының ІV-Хғ.ғ атауы.
7.Тараз қаласы бұрын қандай атпен белгілі болды?
8.Исфиджаб қаласының кейінгі атауы.
9.Баласағұн қай мемлекеттің астанасы еді?
10.Ақ Орданың орталығы болған қай қала?

 ІІ. «Зырылдауық» ойыны.

Актуалдау.         Сәйкестік тест.

Жүсіп Баласағұни                                Иасы

Әбу Насыр Әл-Фараби                        Баласағұн

Қожа Ахмет Иассауи                           Фараб

Жаңа сабақ.

Отырар

Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала
Мұнда алғашқы қоныстар осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болған
ҮІ – ҮІІІ ғ.ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған
ІХ –ХІІ ғ.ғ. Сырдың бойындағы басты қала
Ү-ХҮ ғ.ғ. Қазақ хандығының сауда және экономикалық орталығы болған
Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала

Дамыту.

1.      «Кім тапқыр?» ойыны.

ІІ. «Сиқырлы сөз» ойыны.

О әрпі –

Орталық – қаланың патшалар тұратын бөлігі

Отырар – қаһарман  қала

Оңтүстік – Қазақстанның Отырар қаласы орналасқан бөлігі

Орта Азия – мемлекет

Орта ғасыр – уақыт

Опасыздық – қасиет

Қ әрпі –

Қала – сауда, мәдениет, қолөнер шоғырланған бөлік

Қайыр хан – Отырар билеушісі

Қараша – сатқын

Қорғасын – металл

Қақпа – дарбаза

Қазақ – ұлт

Қазақстан — мемлекет

Ш әрпі –

Шыңғыс хан – Монғол ханы

Шағатай –ханның ұлы

Шайқас – соғыс

 

Бекіту.  «Жұмбақ сан» ойыны.

Монғол мемлекеті қашан құрылды?

Қараша Қажып кім

болған?

(Қайыр хан суреті)

Суретте кім бейнеленген? Ол туралы не білесің?

1220ж.

Қандай оқиға болды?

Қорыту.   «Ең зерделі оқушы» ойыны.

ХІІ ғ. Отырар

Ұқсастық

ХХ ғ. Алматы

Адам бойында қатар жүретін ізгілік пен қаскөйлік, адамгершілік пен қатыгездік, адалдық пен сатқындық сияқты қасиеттердің араласуымен жасалған оқиғалар біздің сан ғасырлық тарихымызда көптеп кездеседі. Бүгінгі біз таныс болған Отырар қасіреті – сол тарихтың бір парағы ғана. Сол күндердің куәсіндей болып көрінетін, құм астынан қазылып алынған қаланың орнасы бүгінгі ұрпақ үшін отансүйгіштік пен қаһармандықтың символы іспетті.

Бүгінгі буынның бабалар алдындағы қарызы сол тарихты одан әрі дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізгенде ғана өтеледі. Осы мақсатта Елбасы қолдауымен жолға қойылған «Мәдени мұра» бағдарламасы өзінің үздік нәтижелерін әлем жұртшылығы алдында көрсетіп отыр. Ендігі кезекте біз де осы бағдарлама аясында бас біріктіріп, туған тарихымызды зерттеуді қолға алсақ тарихқа өз үлесімізді қосармыз, бәлкім. Өйткені қазақ даласының әр тасы мен әр бұтасы – ғасырлар сырын шертетін бір-бір тарих.

 

Үйге тапсырма.

  1. Тақырыпты оқу.
  2. «Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар …» (ой толғау жазу)

Бағалау.

 

br /

Отырар – қаһарман қала: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.