Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің
тарих және құқық пәні мұғалімі
Құрманалина Жанымгүл Бақытжанқызы
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары
Мақсаты: Қазақ халқының салты, дәстүрі, ғұрпы жөнінде жалпы мағлұмат беру.
Міндеттері:
- Қазақтардың ұлттық мерекелері, ойындары, халық емшілері, спорттық жарыстары, спортшылары туралы білім беру;
- Ұлтжандылыққа, патриотизмге, елінің дәстүрін, салтын құрметеуге тәрбиелеу;
- Тапсырма беру арқылы ой-өрісін, таным қабілетін дамыту.
Типі: білік пен дағды қалыптастыру
Түрі: интеллектуальдық ойын
Әдісі: түсіндірмелі-иллюстративтік
Көрнекілігі: слайд-шоу, кітаптар, альбомдар, суреттер, ҚР картасы
Барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Миға шабуыл» — лездеме сұрақтар.
- ХVІІІғ. – ХХғ. бас кезіне дейінгі қазақ ауылы туралы айтып бер.
- Мал өсіру ісінде қандай өзгерістер болды?
- Жерді қандай мақсатпен өртеді?
- Жұт мал өсіруші қазақтарға қандай қиындықтар туғызды?
- Дала тұрғындары малды қалай емдеді?
- Қазақтарды пішен шабуға мәжбүр еткен қандай жағдайлар?
- ХІХғ. аяқ кезінде жаппай егін егуге бет бұру себебі неде?
- Қазақтар балық аулаумен айналысқан өзен, көлдерді көрсет.
- «Бәйге» ойыны (ХХІ ғасыр көшбасшысы ізімен)
Тақтадан сұрақтар 3 жауабымен шығады, оқушылар кезектесіп жауап береді (15 сұрақ).
Актуалдау. Зерттеуші ғалымдар қазақтардың тұрмысын қалай суреттеген?
(Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзінді оқу.)
Ибн Сина (Авиценна)
Дүниеге келгені: шамамен 980 б.д,
Қайтыс болғаны: 1037 б.д.
Мансабы: Медицина, Астрономия, Логика, Математика
Сина, Әбуәли ибн — ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт
Сина, Әбуәли ибн — ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Халық емі
n Шипалы табиғи шөптер.
n Аюдың, аққудың өті; борсық, суыр, қаз, қой, жылқы майы.
n Тамыр ұстау.
n Құмға түсіру.
n Тұз және шипалы шөп тұнбалары қосылған жылы су ваннасын қабылдау.
n Жаңа сойылған қой, ешкі, бұзау, құлынның жас терісіне былауға түсіру.
n Тұзды көлдер мен минералды су көздері.
n Қан алу, сүлік салу.
n Жараның қанын тоқтату үшін дезинфекция ретінде таза күл себу, киіз күйдіріп басу.
n Сынық салу.
Балуан Шолақ
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.
Бекіту.
«ТІЛ-ӨНЕР» ойыны.
Мақалдар:
- Жылқы – малдың патшасы, Түйе – малдың қасқасы (жылқы-лошадь, түйе-верблюд)
- Айранды көріп азба, қымызды көріп қызба (қымыз-кумыс)
- Емнің алды – еңбек (еңбек-труд)
- Бірінші байлық – денсаулық (денсаулық-здоровье)
- Тамыр ұстаған дәтке қуат (тамыр-вена)
- Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады (жұмыс-работа)
Жұмбақтар:
- Өзі ақ, өзі тас, Дәмін татсаң ащы-ақ (тұз-соль)
- Аяғы жоқ, қолы жоқ, Судан басқа жолы жоқ.
Денеге тисе жабысар, Қанын сорып тауысар. (сүлік-пиявка)
- Орманнан, жалпақ даладан, Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкене арадан, Үп-үлкен боп қорқады. (аю-медведь)
- Түзде, таста, Жөні басқа.
Сүйір тұмсық. Әрі қысқа келте сирақ,
Бес саусақ, басын жерден алмайды,
Терең ұя таңдайды. (борсық-барсук)
- Жерге тимей жотасы, Атанған күш атасы.
Айбаттыны кім дейді? Қайраттыны кім дейді? (палуан-борец)
Қорыту. Шағын фильм көрсету.
Жолдау: «Жаңа 10 жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Үйге тапсырма.
- Тақырыпты оқу.
- 3 қатарға көрініс дайындау:
- Ұлттық мерекелер
- Ұлттық ойындар
- Спорттық жарыстар