Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің
тарих және құқық пәні мұғалімі
Құрманалина Жанымгүл Бақытжанқызы
Сабақтың мақсаты: Оғыз мемлекеті туралы жалпы ұғым беру.
Сабақтың міндеттері:
- Мемлекеттің құрылуы, жер аумағы, тайпалық құрамы және қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы, шаруашылығы, кәсібі мен қолөнері жөнінде түсіндіру;
- Өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
- Түрлі тапсырмалар беру арқылы ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.
Сабақтың типі: білік пен дағды қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Оқыту әдісі: сөз, сұрақ-жауап
Көрнекілік: интерактивтік тақта, кеспе қағаздар
Барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Кім жылдам?
- Қарлұқ қағанатының тарихи шеңбері. (756-940ж.ж.)
- Қарлұқтар қай жерлерді мекендеген? (Жетісу, Іле, Шу, Талас алқаптары)
- Құрамындағы тайпаларды ата.(үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси, лазана, фаракия)
- Қарлұқтардың құрамы тоғыз тайпадан тұрғанын жазған тарихшы. (әл-Марвази)
- Қарлұқтар туралы мәліметтер қандай деректерде кездеседі? (қытай, араб-парсы, Күлтегін жазбаларында)
- Қағанаттың негізгі орталығы. (Суяб қаласы)
- Қарлұқтардың Қашғарияны жаулап алған жылдары. (766-775ж.ж.)
- Ұйғыр қағанатымен болған күрес неше жылға созылды? (20 жылға)
- 840 жылы кімдерді жеңді? (Ұйғыр қағанатын)
- Қағанаттың негізін қалаған кім? (Білге Күл Қадыр-хан)
- 2 ғасырға созылған күрес кімдермен болған күрес? (арабтармен)
- Қарлұқтар арасындағы ислам дінін қабылдау қай ханның тұсында басталды? (Сатұқ-Боғра хан)
- Қандай шаруашылықпен айналысты? (мал және егін)
- Төрт түліктің қандай түрлерін өсірген? (барлық түрін)
- Қандай қосалқы шаруашылықпен айналысты? (аң аулау, балық аулау)
- Қандай ірі қалалары болған?(Құлан, Мирки, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар, т.б.)
- Қарлұқтардың мәдениетінде қандай салалары дамыды? (материалдық, рухани)
- Халықтың тіршілік мұқтаждығын өтейтін заттарына не жатады? (үй-жай, киім-кешек, тамақ, қару-жарақ, құрал-сайман, т.б.)
- Мәдениеттің рухани саласына нелер жатады? (халықтың дүниетанымы, жан-дүниесі, діни наным-сенімі, тілі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, т.б.)
- Орта ғасырлық тайпалардың асыл қазыналары, озық туындылары. (Иолығ-тегін, Тоныкөк, Күлтегін жазбалары)
Актуалдау.
Орта ғасыр тарихы
Ерте
(VІ-ІХғ.ғ) Дамыған Кейінгі
(Х-ХІVғ.ғ.) (ХV-ХVІІғ.ғ.)
Жаңа сабақ. Оғыз мемлекеті (ІХғ.соңы – ХІғ.басы)
Құрылу тарихы
- Ерте орта ғасырларды Орталық және Орта Азияда өмір сүрген;
- VІІғ. – Батыс Жетісуды мекендеп, Түрік қағанатының құрамында болды;
- Қарлұқтардың қысымынан Сыр бойын көшкен.
Тайпалық құрамы
Кангар-печенегтер байандұр имур қимақтың бір бөлігі далалық қай тайпалар
Үнді-еуропалықтар фин-угорлар
Ел (халық, мемлекет)
жабғу
инал
атабектер
Әскербасы Кеңесшілер
Сюбашы күл-еркіндер
Қоғамдық құрылысы
Халық жиналысы Қаңқаш кеңесі
(жылына 1 рет) (шонжарлар)
Ел басқарудың ең жоғарғы орны
Ұлы Құрылтай жиналысы Кіші Құрылтай жиналысы
қаған
оң – «боз оқ» сол – «үш оқ»
Саяси жағдайы
Сыртқы саясаттағы мақсаттары Оғыздар Еуразияның саяси өміріне араласқан
Қара теңіз, Дон өзені бойындағы 965ж.- Киев Русінің князі Святославпен
жайылымды иемдену; одақтасып, Хазарияны талқандады;
Маңғыстау, Үстірт, Еділ бойымен өтіп, 985ж.- кінәз Владимирмен одақтасып,
Еуропаны Азиямен байланыстыратын Еділ Бұлғариясын жеңді;
сауда жолдарына шығу. 1041ж.- Хорезмді жаулады;
1043ж.- Шахмәлік селжұқтардың қолынан
. қаза тапты.
Оғыз мемлекетінің әлсіреу себептері:
- Селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар;
- Ішкі тартыстар;
- Қыпшақ тайпаларының шабуылдары.
Шаруашылығы
Жартылай көшпелі, жартылай егін шаруашылығы кәсіпшілік пен қолөнер
отырықшы мал шаруашылығы
Төрт түлік мал ұстаған, қаракөл Суармалы егін шаруашылы- Мал өнімдерін өңдеген
қойын, айыр өркешті ірі түйе ғымен айналысқан. құрал-жабдық, қару-
тұқымын көп өсірген Арық-тоғандар қазған. жарақ, тұрмысқа
қажетті бұйымдар жасаған.
Дамыту.
І. «Естігенімді – ұмытамын,
Көргенімді – есте сақтаймын,
Өзім істегенді – меңгеремін». (Қытай данышпаны Кун-фуцзы)
Мәтіннің негізгі жері Неге?
ІІ. Ойлан, тап!
Құрылу тарихы |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Қоғамдық құрылысы |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Саяси жағдайы |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Шаруашылығы |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Құрылу тарихы:
- – Оғыз мемлекетінің өмір сүрген жылдары (ІХғ.соңы-ХІғ.басы)
-
– Мемлекеттің орталығы (Янгикент (Жаңа Гузия))
-
– Оғыз тайпалары қай жерлерде мекендеген? (Сырдарияның орта және төменгі ағысы)
-
– Құрамындағы тайпаларды ата. (байандұр, имур, қай, үнді-еуропалықтар, фин-угорлар, қимақ тайпаларының бір бөлігі)
-
– М.Қашқари және әл-Марвази деректері бойынша тайпалар саны. (24 және 12)
Қоғамдық құрылысы:
- – Жоғарғы басшысының лауазымы (жабғу)
– Жабғудың кеңесшілері қалай аталады? (күл-еркіндер)
– Шонжарлардан құралған кеңес. (қаңқаш)
– Ұлы құрылтайда қаған ұлдарының бекітілген орындары («боз оқ»-оң, «үш оқ»-сол)
– Оғыз мемлекетіндегі ел билеген қағандар. (Әли хан, Шахмәлік)
Саяси жағдайы:
- – Оғыз мемлекеті кімдермен соғыс жүргізді? (печенегтермен, хазарлармен, бұлғарлармен, салжұқтармен, Хорезм мемлекетімен)
– Хазарияны қай жылы талқандады? (965 жылы)
– Бұлғарлармен соғыс жүргізгенде кімдермен одақтас болды? (кінәз Владимирмен)
– Оғыздардың соғңыс жүргізудегі негізгі мақсаты не? (Қара теңіз, Дон өзені бойындағы жайылымды иемдену, сауда жолдарын ашу)
– Мемлекеттің әлсіреу себептері. (селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар, ішкі талас-тартыс, қыпшақ тайпаларының шабуылдары)
Шаруашылығы:
- – Қандай шаруашылық түрлері дамыды? (мал және егін)
– Малдың терісінен қандай бұйымдар дайындалған? (аяқ киім, ыдыс, садақтың қабы, қорамсақ, ат әбзелдері, торсық, саба, мес, т.б.)
– Малдың жүнінен жасалған тұрмыстық бұйымдарды ата. (киім, киіз, текемет, кілем, арқан, көген, желі, т.б.)
– Оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіретінін жазған кім? (Ибн Хаукәл)
– Қажетті бұйымдар, сәндік заттар қай жерлерден табылған? (қоныстары мен зираттарынан)
Бекіту. Биопоэма
- Объект (зат есім)
- Объектіге сипаттама (сын есім)
- Объектінің басқалармен қарым-қатынасы
- Объектінің қорқатын заттары
- Объектінің жақсы көретін заттары
- Объектінің жетістіктері
- Объектінің құрметтейтіні
Қорыту. Тәуелсіз Қазақстан – жасампаздықтың, келісімнің және бейбітшіліктің 20 жылы
Үйге тапсырма.
- Тақырыпты оқу;
- «Оғызнама» дастанын тауып, оқу, шағын тарихи әңгіме құрау.
/li