Мектепке дейінгі ұйымдағы ақпараттық-коммуникациялық ортаны құру ерекшеліктері.

         Ақтөбе қаласы. № 15 “Жидек” МДҰ
меңгерушісі: Жекеева А.Р.

Мектепке дейінгі ұйымдағы ақпараттық-коммуникациялық
ортаны құру ерекшеліктері

          Қазіргі кездегі қоғам әрдайым өсіп  келе жатқан, бірнеше жылдың ішінде ұлғайып келетін ақпараттық ағынның әлемінде өмір сүруде. Бүлдіршіндеріміздің «Ертеңі»  – ақпараттық қоғам, сондықтан білім беру саласының ақпараттануы іргелі мағыналы болып келеді.

    Мемлекеттік құжаттарда белгіленгендей, білім беру саласын дамытудың бұл бағыты –  маңызды ұлттық басымдық ретінде танылуда. Осындай өзгерістерге орай ақпараттық технологиялардың ролі тек мектептің ғана емес, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде де айқындалады.

     № 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымның педагогтары «Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға бағытталған ақпараттық-білім беру ортасының архитектурасы» педагогикалық эксперименттің концепциясымен танысып,   талдап,  оны мектепке дейінгі білім беру саласына бейімдеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отыра «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына бағытталған ақпараттық білім беру ортасының архитектурасы» атты бағдарлама құрылды.

   Ақпараттық білім берудің басты мақсаттарының бірі – мектепке дейінгі ұйымның ақпараттық білім беру ортасын құру және дамыту болып табылады. Оны  дамыту үшін біздің білім беру жүйеміздің жинақтаған ғылыми-әдістемелік, ақпараттық, технологиялық, ұйымдастырушылық және педагогикалық әлеуетімізді толығынан жүзеге асыру қажет. Ақпараттық білім беру ортасы білім берудің жаңа сапасына жетудің бірден бір кепілі.

      Біздің мектепке дейінгі ұйымның білім беру жүйесінің жағдайын талдау инновациялық тәртіпте жұмыс жасауға негіз болатын жәйттарды айқындауға мүмкіндік берді:

  • Негізгі және қосымша білім берудің шоғырлануы;
  • Білім беру процесін медициналық-психологиялық ертіп жүру;
  • Инновациялық тәртіпте жұмыс жасауға бағдарланған  ұжым. (35 педагогтың 21і жоғары білімді, 1ші және жоғары санатты 21 адам). Педагогтардың басым бөлігі өзін дамытуға ұмтылады, 11 педагог балабақшаның шығармашылық тобында жұмыс жасайды, 10 педагог мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесі бойынша бағдарламалардың  құрастырушы авторлары.
  • Мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік стандартты енгізу бойынша қаламыздың базалық балабақшасы болып келеді.

    Осылайша, № 15 мектепке дейінгі ұйымда  эксперименталдық, инновациялық тәртіпте жұмыс жасау үшін негізі болды.

 Инновациялық тәртіптегі жұмыстың бірінші жылы белгілі бір іс-шаралар өтті:

  1. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың концепциясын зерттеп, бағдарламасы құрылды.
  2. Эксперименталдық жұмысқа қатысатын топтар мен балалар анықталды. Балалардың психикалық танымдық процесстерінің даму деңгейін зерттеу негізінде эксперименттік топтар іріктелді, бұл 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар, барлығы 81 бала. Сонымен қатар ата-аналардың да тілегі ескерілді. Педагогикалық кеңес өткізіліп, олар эксперимент тақырыбы, мазмұны, мақсаттарымен танысты, педагогтарға сауалнама жүргізіліп, экспериментке қатысушы 12 педагог анықталды.
  3. Шығармашылық топ жұмыс жоспарын, бағдарламаны құрды. Мұнда мақсат міндеттері, ақпараттық білім беру ортасының моделі, күтетін нәтижелер, ресурстық қамтамасыз ету, эксприменталдық жұмыстың кезең бойынша жүзеге асырылуы көрсетілді.
  4. Кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында педагогикалық процессте ақпараттық коммуникациялық технологияларды  қолдану бойынша облыстық біліктілікті арттыру институтының мамандарының қатысуымен 26 педагог курстық қайта даярлаудан өтті.  МДҰна балаларды оқытудың техникалық және дидактикалық құралдары, компьютерлер, мультимедиялық құрылғылар  алынды. «Жобалау іс әрекеті- мектепке дейінгі жастағы балалардың зерттеу дағдыларын дамыту құралы» тақырыбында облыстық семинар өтті, мұнда педагогтар балалармен жұмыста ақпаратттық коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданды.

2010-2011 оқу жылында эксеримент бойынша жұмыс қорытындысы мынадай нәтижелерді көрсетті: эксприменталдық топ балаларының  танымдылық құзыреттілігінің диагностикасы бойынша  жылдың басында – 4,1 болса,  жылдың аяғында 4,7 деңгейге жетті.

   Осылайша, біздің балабақшада тәжірибелік-эксерименталдық жұмыстың ұйымдастыру кезеңінде ауқымды істер атқарылып, басталған оқу жылында енгізу кезеңіне көшуге мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше