Без рубрики

Ет тағамдарын дайындау технологиясы.

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

технология пәнінің мұғалімі

 Шукеева Гульбану Кенжебекқызы

 

Сынып: 9                          

Сабақ тақырыбы:  Ет  тағамдарын дайындау технологиясы.                         Сабақ мақсаты:  Тақырып бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру, техникақауіпсіздік туралы білімдерін тексеру.Оқушылардың  қызығұшылықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.                                                           Оқыту әдісі: Түсіндіру,  әңгімелесу арқылы сабақ тақырыбын пысықтау.      Сабақ түрі:  жаңа сабақ                                                                          Құрал-жабдықтар:  дәптер, қалам,  9 сынып оқулығы                          Сабақ барысы

1 Ұйымдастыру кезені       Сәлемдесу, жоқтарын белгілеу.  Жұмыс киімін және сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.    Ет тағамдарын дайындау технологиясына  тоқталсақ, жалпы еттен жасалатын тамақтардың тағамдық құндылығы өте жоғары. Ет адам организміне қажетті нәруыз, май көмірсулар, минералды заттар (фосфор, темір),  А және В витаминдер, экстракті заттарға бай. Ұшаның қай бөлігінен қандай тағам дайындалатынын білген өте маңызды. Еттің құнарлығы,  жұмсақтығы, дәмділігі, жылылап өндеу  ұзақтығы оның құрылысына байланысты.  Етті суда немесе көкөніс қайнатпасында жайлап қыздырып отырып, қайнатып пісіредіегер етті қайнап тұрған суға салсақ беткі қабаты бірден бүрсіп, еттен сорпаға бөлініп шығатын заттарды тежейді. Етті суық суға салып, жайлап қыздырып отырып қайнататын болсақ, еттегі құнарлы заттар сорпаға шығады. Сорпаға бөлініп шыққан нруыздар жоғары температураның әсерінен көбік тізеді. Су еттің бетін жауып тұру керек. Қайнағанша қатты отта, одан кейін қақпағын сәл қисайтып ашып, жай отта піскенше қайнатады. Көбік тарқағаннан кейін тазалап жуылған, туралған көкөністерді салып, дайын болғанша қайнатады. Пісуге жақындағанда тұз салады.піскен етті сүзіп алып, сорпаны тұндырады. Піскен етті пропорцияларға бөліп кеуіп кетпеуі үшін үстіне ыстық сорпа құйып қояды.

Ал етті құырып тағам дайындауға тоқталсақ онда құыруға арналған ет жоғары сапалы нәзік, қабықсыз, сіңірсіз болуы керек. сапасыз ет құырылғаннан  кейін қатты болады және талшықтанып кетеді. Құыру  үшін етті қыздырылған тоң майға салады.

Қуыру барысында майдың температурасы төмендемеу қажет, әйтпесе ет бойына майды көп сіңіріп алады сондайақ майдың температурасын қатты көтеріп жіберуге де болмайды, онда май шашырап, ет күйіп піседі. Сонымен қатар етті бұқтырып та пісіруге болады.

3. Сарамандық жұмыс:   Бефстроганов дайындау технологиясы

Азық-түліктер: 18 г сиыр етінің кесіндісі, 40 г бір бас пияз, 15 мл сұйық май, 30 г қаймақ, 30 мл соя тұздығы, тұз, бұрыш.

Қажетті ідіс-аяқтар: 0,5 л-лік кастрел, 2 дана шойын таба, қасық, бөлгіш тақтай, пышақ, жайпақ асханалық тәрелке.

Дайындау технологиясы

*      Етті жуып, қабығынан, сіңірінен тазалау.

*      Пиязды аршып, тазалап жуу.

*      Етті 5-7 г-нан бөліп турау, пиязды ұзынша етіп турау.

*      Табада майды қыздырып, етті бір қабат етіп салып 3-5 мин қатты отта құыру, қажетінше тұз, бұрыш салу.

*      Туралған пиязды қосу, қуыру, булау, қаймақ қосып қоюланғанша қайнату.

*      Гарнир ретінде қуырылған картоп ұсыну.

*      Жайпақ ыдысқа картоп пен етті салып аскөк себу.

4. Әңгімелесу

Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін сұрақ арқылы тексеру.

?         Еттің тағамдық құндылығы неге байланысты?

?         Етті қанша тәсілмен дайындауға болады?

?         Етті бұқтыру тәсілі туралы айтып беріңдер.

5.  Сабақ қорытындысы

 Оқушылардың білімдерін бағалау, баға қою.

6. Үй тапсырмасын беру:  Техника қауіпсіздік ережелерін жаттау,  еттен дайындалатын тағам рецептерін қарастыру.

7.  Жұмыс орнын жинастыру.

Ет тағамдарын дайындау технологиясы.: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.