Без рубрики

: «Тілашар»

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бекбаева Ақмарал Қуандыққызы
Сыныптан тыс жұмыс
Күні: 25.11.2011 жыл
Сыныбы: 1 «Б»
Тақырыбы: «Тілашар»
Мақсаты:Оқушының білімге құштарлығын арттыру, сөздік қорларын
дамыту, ойын, тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыру,
оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу,оқу-білімді, өнерді сүюге
тәрбиелеу
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, шарлар, кеспе сандар, слайдтар
Барысы:
І.Ертеңгіліктің ашылуы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Тілашар дәстүрі-ана тілін үйренудің негізі. Ананың сүтімен бірге дарыған ана тілін терең білу үлкен бақыт. Бүгін осыдан 3 ай бұрын 1 «Б» сыныбына қабылданған 18 оқушы үшін үлкен той. Сонымен ,құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар «Тілашар» тойы барлығыңызға құтты болсын,ертеңгілігімізді бастауға рқұсат етіңіздер!
ІІ. Оқушылардың қатысуымен әдеби-музыкалық монтаж.
Хор: «Әнұран»
1 оқушы Диас
Мыж-мыж етіп тастаған
Киімімді өтектеп
Әжем бұрын бақшаға
Апаратын жетектеп
Еркелігім аз енді
Бүгінде есті баламын
Мазаламай әжемді
Мектепке өзім барамын

2—оқушы Жансая
Күлім қағып көкте күн
Тал шыбықтай көктедім
Әлдилейді апамдай
Мейірімді мектебім

3 оқушы Нұрай
Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз-оқушы баламыз баламыз

4 оқушы Нурислам
Міне, мен де
Үлкен болдым
Жасым толды жетіге
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен

5 оқушы Мейіржан
Таңнан тұрып,
Бетімді жуып,
Кітабымды реттедім
Сәлем саған,
Келем саған
Көп аңсаған мектебім
Ән: қазақтың халық әні «Тұсау кесер» Мадияр, Нуриддин, Мейіржан,Диас
6—оқушы Рахман
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын бастайық.
Жеке ән: «Ертегілер,ертегілер» Дариға,Ұлданай,Ақсамал
Өзбек биі: орындайтын Беспаева Әсел
7—оқушы Аян
Сап түзедік бәріміз
Он қыз бен сегіз ұл
Бүгінгі бұл бір сын ғой
Алғашқы өмір жолында

8 оқушы
Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды
Жақсы көрем бәрінен
Әдемілеп жазғанды

9 оқушы Ұлданай
Оқуды көп ойлаймыз
Қызығына тоймаймыз
Әріптерді үйреніп
Өлең айтып,би билеп
Өнерден де қалмаймыз
Би: «Вальс» Бір топ оқушылар.

10 оқушы Дариға
Өз аузына қаратқан
Ұстаз ойын ұғамыз
Сөйтіп—
Әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамыз

11 оқушы Нұрбина
Әліппені бастадым
Есепті де үйрендім
«Бестік» баға алған күн
Масаттанып үйге ендім
12 оқушы Перизат
Түсінбеген жерімді
Мұғалімнен сұраймын
Әріптерді тізілтіп
Сөзді өзімше құраймын
Диктант жазғызу
Сөздер: ана, бала, кеме, қар, әже, көбелек, жарыс,қозы
Ән: «Төлдер» Нұрбина,Дариға,Нұрай,Нурислам
13—оқушы Ақсамал
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім
Хор : «Әліппе»
14—оқушы
Өсіп оймен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Біз оқушы баламыз
Нуриддин
Мен тәртіпті баламын
Түгел қағаз ,қаламым
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең бестік аламын

15—оқушы Нұртуған
Бар білімді менгерген
Ғалым болғым келеді
Жетпіс өнер меңгерген
Дарын болғым келеді
Ән: қазақтың халық әні: «Жұмбақ саусақ» Бегалы, Мадияр,Аян,Жансая
16—оқушы Нұрбина
Әнұраным- жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны

17—оқушы Жансая
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Көк аспанда -қызыл күн
Көк аспанда-жас қыран
18 оқушы Әмина
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін
19 оқушы Нұртуған
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
20 оқушы Мадияр
Егемен елдің ұлымын
Ертеңгі күннің нұрымын
Отанын сүйген азамат
Болатындардың бірімін

Хор : Менің Отаным» әні
Би : «Аққу»
Математика әлеміне саяхат
1 саны Жансая
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Көш басында тұрмын

2 саны Ақсамал
Бірге бірді қосқанда
Мен шығамын шырағым

3 саны Нуриддин
Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын

4 саны Перизат
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы

5 саны Әмина
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті

6 саны Ұлданай
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін қоямын

7 саны Нұрай
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты

8 саны Диас
Жазылғанда қос дөңгелек
Мен боламын сегіз

9 саны Рахман
Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз

10 саны Бегалы Әсел
Әліппеде О-ға ұқсайтын
Сосын нөлге ұқсайтын
Жеке тұрсам мәнім жоқ
Қасыма бірді ұстаймын

Ойын: « Құрамын тап» 10 көлеміндегі сандардың құрамын тапқызу.
Ән: «Қошақаным қайда екен?» Әсел, Ақсамал, Перизат, Әмина
Би: «Қара жорға» Қорытындылау «Әнұран» шырқалады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.