Математика әлемі

Қостанай облысы, Рудный қаласы
№ 19 орта мектептің жарты күндік шағын
орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы. Еңбек өтілі 11 жыл

Білім беру саласы:  Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Математика
Тақырыбы: Математика әлемі
Мақсаты: Балаларға  математика  ұғымдары  туралы   түсінік    беру. Геометрикалық  пішіндер, сандарды санау, пішіндерден  көрініс құрастыру  іскерлік дағдыларын бекіту. Ойлау қабілетін ,есептеу білімін кеңейту .
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, ойын, көрсету.       Көрнекіліктері : желім, қағаздар, пішіндер, құстар.

Мотивациялық – қозғаушылық:

Шаттық шеңбері:

 

Армысың –асыл күн,

Армысың –асыл жыр,

Армысың –көк аспан,

Армысың –жан достар?

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым! (балалар қол ұстасады)

 

Тәрбиеші :

Қане ,балалар, қолымыз жылы ма екен, жұмсақ па екен?

 

Балалар жауабы:  ия

 

Олай болса, әрдайым осылай бір-бірімізбен жылы, жұмсақ болайық.

 

Ғажайып сәт:

Біз үйде нешеуміз?

Кел екеуміз санайық.

Бас бармақ-әкем,

Балан үйрек –анам,

Ортан терек –ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Кішкентай бөбек – мен.

 

Тәрбиеші :

Бес саусақ біріксе не болады?

Балалар:

Күш болады.

Тәрбиеші:

Ендеше бес саусақтай бірігіп, сабағымызды бастайық.

 

Ұйымдастыру – іздестіру:

-Балалар, қане маған 5-ке дейін санап беріңдерші.  Соң ,кері санаймыз . Ендеше біз 10-ға дейін  ауызша  санай аламыз ғой, солайма? Қане санамақ білетін балалар болса,орындап беріңдерші.

 

Бір –дегенім  белдік,

Екі –дегенім  ерлік,

Үш –  дегенім үзік,

Төрт – дегенім түбіт,

Бес –дегенім  балта,

Алты –дегенім алқа,                                                                                                                        жеті – дегенім желкен,

Сегіз –дегенім семсер,

Тоғыз – дегенім тоқу,

Он –дегенім оқу.

 

Біз  сабағымызды бастамас бұрын  сендерге айтарым бар.

Қазір қай мезгіл?                                                    – Көктем.

Көктемде қандай өзгерістер болады?                  – Күн жылиды , құстар келеді.

 

Ендеше  тақтадағы  құстарды  көрдіңдер ма?     -ия

Осы құстарды көктем айы  біздерге  қонақ ретінде жіберіп отыр. Құстарға өз білімізді көрсетеміз.

Қане балалар менің қасыма келіңдерші.   «Ағаштағы құстар»

2+2=4         4+1=5      3+1=4    1+1=2    5-4=1     3+2=5

 

Қонақ құстарға ұя жасап береміз ба?

Ендеше , пішіндерді көрсетемін.

Мынау  қандай пішін?                                   -үшбұрыш

Ал , түсі қандай?                                           -сары

Ал ,мынау қандай пішін?                              -төртбұрыш.

Ал ,түсі қандай?                                            -қызыл.

 

Танграмм  ойыны:  «ұя жасау»

 

Партаның үстіндегі конвертті ашып , ішіндегі пішіндерден  ұя құрастырып, желіммен жапсырамыз.

 

Сергіту сәті

 

Орманға аңшы келді , топ-топ-топ,

Бір кезде үйрек ұшты , соқ-соқ-соқ.

Үйрек ұшты, ұшты, ұшты.

Бір кезде үйрек жерге қонды.

 

 

Үлкен – кішіні салыстыру.

Әр балаға қағаз тарқату, соң  үлкен-кіші ұя беріп  ,  екі ағашқа көлеміне қарай орналастыру керек.

 

Балалар сендер санауды , есептеуді , пішіндерді , үлкен –кішіні  біледі екенсіңдер . Сендерге құстар әлемі дән риза  болып жатқан  шығар. Олардың одан да көп  қуануы үшін біз  үлкен ұя  жасадық . енді  оларды  орналастырайық .

Ұяға  құстарды  қондырады.

 

 

 

Дидактикалық  ойын : «ұқсасын тап»

Мақсаты :балалардың  ойлау  , көру  ,  ажырата  алу  қабілеттерін  дамыту.

 

Шарты :барлық  балаға бірдей   сурет  беріп,  соның  ішінен  бірдейін табу.

 

Рефлексивті  түзету :   тосын – сый.

Балаларға  құстардың  сыйлығы  «конфеттер»  тарқату.

 

Күтілетін  нәтиже: балаларда  математика  туралы қызығушылық  қалыптасады.

                                 Пішіндерден  әр –түрлі  зат  құрастыруға  болатынын  меңгереді.

Құстарға  қамқор  болу  туралы  ой қалыптасады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше