Без рубрики

«Ө дыбысы мен әрпі»

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бекбаева Ақмарал Қуандыққызы
Пәні: Әліппе
Ашық сабақтың тақырыбы: «Ө дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты:
1.Біліміділік:Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы
берілген сөз, сөйлемдерді оқуға, жазуға үйрету, оқу дағдысын
арттыру, сөзге дыбыстық талдау жасай білуге
қалыптастыру
2.Дамытушылық: тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сауатты жазуға,
оқуға төселдіру
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың оқу құралын түгендеу
2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Бір,екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты бтастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өтілген сабақты еске түсіру
1 Жоғалған әріпті тап» ойыны
Мұ□ , тұ□, қобы□ , та□ы , қымы□, қо□ы, жа□ .
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
З-қандай дыбыс? З дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Мысалдар келтір ( сөздің басында, ортасында, соңында)
2 Мәтінді тізбектей оқыту «Мұз айдыны»
3. Топтастыру арқылы мәтінді бекіту.

ІІ

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
т л

—Төлдерді ата. –Төлдер қалай дыбыстайды?
(электронды оқулықпен жұмыс №1 тапсырма)
-Ө- жіңішке дауысты дыбыс. Хормен дыбыстату.
Ө дыбысы бар сөз ойлату. Ө дыбысы сөздің қай жерде келетініне назар аударту.
а у о ы ұ е і ә и ө
О-жуан,Ө- жіңішке дауыстылар
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
«Өрмекші» сөзіне дыбыстық талдау жасату
1. Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру
2. Мәтінмен жұмыс «Өркеш» (электронды оқулық)
Мәтінді тізбектей оқыту.
3. №5 тапсырманы орындату
Сергіту сәті «Көңілді балықтар»
Ү Дәптермен жұмыс
Ө дыбысының әріп таңбасын (бас және кіші әріптерін) жазғызу, сөздер жазғызу
ҮІ. Сабақты бекіту
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? № 6 тапсырма
ҮІІ.Оқушыларды мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.